САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
С [pic] абақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының
ережелері.
Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын
пайдалануды есепке алу журналы.
Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру
ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Оқушыларды бағалау
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түсінігі. Атқарушы командалары жүйесі.
Атқарушы түсінігі. Блок-схема.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.
Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?
Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата.
Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?
Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.
Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?
Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм, программа ұғымдары
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Алгоритмнің орындалу
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:
Мектепті тәмамдау.
Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
Конкурстан өту.
Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.
Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
Блоктар кескіндемесі Блоктар қызметі
1
[pic]
Алгоритм басы
2
[pic]
Алгоритм соңы
3
[pic]
Есептеуіш әрекет
4
[pic]
Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару
5
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
жоқ иә
Шартты тексеру
6
[pic]
Циклдың басы
7
[pic] [pic] [pic]
Көмекші алгоритмді шақыру
8
[pic]
Байланыс бағытын көрсету
Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.
Сабақты бекіту сұрақтары
Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
Блок-схема дегеніміз не? Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не? Түйінді сөздерге нелер жатады?
Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?
Үйге тапсырма: §1.2 - §1.8 тақырыптарын оқу, 13 беттегі тапсырманы 1,2,3 орындау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм,
тармақталу алгоритмі, циклдік алгоритм.
Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?
Блок-схема дегеніміз не?
Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм командалары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.
Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.
Алгоритм құрылымы
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.
2 2 2
Z = ax + b + cos (ax + b) – tg (ax + b)
Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған
ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол
тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты
көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні
қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер
жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.
алг Z функциясын есептеу
(нақ a, b, x, z )
арг a, b, x
нәт z
басы
a, b, x енгізу
t : = ax 2 + b
z : = t + cost + tgt
x, z шығару
соңы
Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық
алгоритмнің мысалы ьолып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x
мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,
ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х
айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.
2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті
түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.
3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.
Тапсырма: (33 бет 2 жаттығу)
Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін
анықтау қажет.
Күрделі тармақталу
Күрделі шарттарды пайдалану
Арифметикалық циклдер
Итерациялық (қадамдық) цикл.
Сабақты бекіту сұрақтары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Үйге тапсырма: 1.9 - 1.10 тақырыптарын оқу. 32 бет, 1, 4 жаттығулар.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары.
Тілдің қарапайым обьектілері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.
Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.
2. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15; g = 9.8; pi = 3.14 т.б.
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.
Сабақты бекіту сұрақтары
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Үйге тапсырма: §2.1 – § 2.4 тақырыпты оқу. 2.1 - 2.2- кесте.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтерінің
сипатталуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Мәлімет типтері
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Паскаль тілінде пайдаланатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
Құрылымдық типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.
Стандартты функциялар
Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
Арифметикалық функциялар
Типтерді өзгерту функциялары.
Арифметикалық функциялар
Математикада жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
Атқаратын қызметі
Функция типі
|x|
arctg x
cos x
sin x
e x
[x]
Inx
П
х 2
[pic] х
Abs (x)
Arctan (x)
Cos (x)
Sin (x)
Exp (x)
Frac (x)
Int (x)
Ln (x)
Pi
Sqr (x)
Sqrt (x)
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
е-нің х дәрежесі
х-санының бөлшек бөлігі
х-санының бүтін бөлігі
х-санының натурал логарифмі
п-дің мәні
х-тің квадраты
х-тің квадрат түбірі
х-тің типіндей
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты (бүтін)
нақты
х-тің типіндей
нақты
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, ...., атауn: тип;
мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte
Арифметикалық амалдар.
Операциялар
Операндтар типі
Нәтиже типі
+
қосу
Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты
Бүтін, нақты
-
азайту
Екеуі де бүтін, не біреуі
Бүтін, біреуі нақты
Бүтін, нақт
*
көбейту
Екеуі бүтін немесе екеуінің
біреуі нақты
Бүтін, нақты
/
бөлу
Бүтін немесе нақты
Нақты
Div
Бүтін бөлу
Бүтін
Бүтін
Mod
Бүтін қалдық
бүтін
бүтін
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы
Sqr(x) – бүтін х анының квадраты
Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі
Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.
Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.
Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.
Сабақты бекіту сұрақтары
Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
Программа қандай оператормен басталады?
Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
Идентификатор дегеніміз не?
Жиым дегеніміз не?
Мәліметтердің типі дегеніміз не?
Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
Мәліметтердің қандай типтері бар?
Атаулардың типтері қалай сипатталады?
Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
Үйге тапсырма: §2.5. – §2.7. тақырыптарды оқу. 2.7-кестені жаттау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Өрнектер және олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ctrl + Del, Ctrl + Ins, Shift + Del, Shift + Ins пернелері қандай қызмет атқарады?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1.8; (sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т.б
Математикада жазылуы Программалау тілінде жазылуы
a + b
a - b
(a + b)/ (a – b)
a b
exp (b * ln (a))
a + b
xy
(a + b)/(x * y)
[pic] 1 + [pic] x
sqrt (1 + sqrt (x))
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.
Амалдар түрі
Амалдар немесе оның элементі
1
Жақшы ішіндегі өрнектер
( )
2
Функция мәндері
Фкнуциялар
3
Унарлық амалдар
@ , not, бірорынды +және -
4
Көбейту, бөлу түріндегі амалдар
*, /, div, mod, and, shl, shr
5
Қосу амалдары
+,-,or, xor
6
Қатынас амалдары
=, <>, <,>,<=, >=, in
Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.
Сабақты бекіту сұрақтары
Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
Программа қандай оператормен басталады?
Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
Идентификатор дегеніміз не?
Жиым дегеніміз не?
Мәліметтердің типі дегеніміз не?
Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
Мәліметтердің қандай типтері бар?
Атаулардың типтері қалай сипатталады?
Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
Үйге тапсырма: §2.8. тақырыптарды оқу. 54 беттегі тапсырма 1.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы.
Паскаль – программалау тілі бойынша өткенді қайталау.
Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы, Паскаль – программалау тілі бойынша алған білімдерін тексеру;
Дамытушылығы: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сынақ жұмысы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Бақылау жұмысын тапсыру
3. Бақылау жұмысын талдау
4. Үйге тапсырмасын беру
Бақылау жұмысы
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан Б) Латынның algoritm сөзінен
Ә)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан В)әл-Фараби атының латынша
айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі
Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет
А) алгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде
Ә) алгоритмдік тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде
Б) блок-схема түрінде, графикалық түрде, программалау тілінде
В) программалау тілінде, математика тілінде, графикалық түрде, блок-схема түрінде
Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?
А) тіл төртбқрыш, ромб Ә) стрелкалар, параллелограм
Б) ромб, параллелограм В) шеңбер, үшбұрыш
6. Алгоритмнің түрлерін көрсет
А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік Ә) тармақталу, қайталану, шарттық
Б) сызықтық, тармақталу, циклдік В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық
7. Паскаль программалау тілінің авторы кім?
А)Блез Паскаль Ә)Никлаус Вирт
Б) Н. Верджино В) Чарльз Беббидж
8. Паскаль тілі қай жылдары жасалды?
А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
Ә) 1968-1971 жылдары
Б) 1980 жылдардың ортасында
В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
9. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)
10. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет
А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ
11. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?
А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11
12. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)
13. Паскаль тіліндегі нәтиже алу операторын көрсет
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ
14. Паскаль тіліндегі енгізу операторын
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ
15. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST B) READ
16. Өрнек нәтижесі типтерін анықта
А) 1/(2+1/4) - Ә) x+5
Б) 1/(2*sqrt(x+1)) В) sqrt(x)+sqr(y)-
17. Қай өрнекте қате бар?
А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef)))))
18. Sqr операторының қызметі
А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі
Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы
19. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ
20. := қандай белгі?
А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру Б) меншіктеу В) бөлу.
Тест жауаптары:
А,Б-real Ә, В integer
20
Б
Үйге тапсырма: І тоқсанда өтілген материалдарды қайталау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушыларды стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Компьтермен жұмыс
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғшқысы мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Міндеттерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімі болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп аталады.
Программа тақырыбы
блок
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
Программа құрылымның диаграммасы
Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);
2. белгілерді (label) сипаттау:
3. тұрақтыларды (const) сипаттау;
4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5. айнымалыларды (var) сипаттау;
6. процедураларды (procedure) сипаттау;
7. функцияларды (function) сипаттау;
Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;...., атау n =мәні;
Мысалы, const рі =3.14; е =2.7; a = `bol`; max = 1000;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.
Пішімі: var айнымалы атауларының
тізімі: тип:
Мысалы: var af, m, n: integer;
h, sg: real;
d, ch: char;
kd, b: boolean;
Операторлар бөлімі
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.
Операторлардың жалпы жазылу түрі:
Вegin
1-оператор;
2-оператор;
....................;
n-1- оператор;
n-оператор
end.
Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.
Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.
Құрама операторлар біренше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.
Операторлар
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
Меншіктеу операторы
Енгізу-шығару операторы
Басқару операторы
Функция мен процедураларды анықтау операторлары
Операторлардың жіктелуі
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;
Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар
мәнін есептейді.
2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды
Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.
Көшу операторы. Көу немесе шартсызкөшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:
GOTO <белгі >;
мұндағы <белгі > - LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.
Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы
түрі.
READ(al, a2,…,an);
READLN(al, a2,……,an);
READLN;
Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE
операторы қолданылады.
WRITE (al, a2,…,an);
WRITELN(al, a2,……,an)
1-мысал. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.
Program kosindi;
Var a, b, x integer;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a+b;
Writeln(‘x =’,x);
End.
2-мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
End.
Компьютермен жұмыс
Тақтаға жазылған 1-2 мысалды және кітаптың 70-72 беттеріндегі программасы құрылған дайын мысалдарды компьютерде Паскаль программасында теріп, тексеріп, нәтижесін көру.
Сабақты бекіту сұрақтары
Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
Көшу операторы не үшін қажет?
Меншіктеу операторының форматы.
Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
Енгізу операторының жалпы форматы қандай?
Шығару операторының жалпы форматы қандай?
Үйге тапсырма: 3.1 – 3.4. тақырыптарды оқу, 73 бет, 4-жаттығу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сызықтық алгоритмге программа құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік бере отырып оқушыларды программа құруға үйрету.
Дамытушылығы: Паскаль тілінің қарапайым операторларына есептер шығара отырып оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
Көшу операторы не үшін қажет?
Меншіктеу операторының форматы.
Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
Енгізу операторының жалпы форматы қандай?
Шығару операторының жалпы форматы қандай?
Компьютермен жұмыс
№1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) [link]