12 жылдық білім берудегі информатика пәнін оқытудағы мазмұнының ерекшелігі
Жумабаева Үміт Жолымбетқызы
информатика пәнінің мұғалімі
№51 гимназия, Ақтөбе қаласы.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ұлы жазушы М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – сапалы білім» деген екен. Олай болса, Қазақстандық білім берудің даму болашағы кезең-кезеңмен енгізілетін 12 жылдық білім беруге көшумен тығыз байланысты екені белгілі.
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша 1 немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, жиырма бірінші ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі түсінікті.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:
Қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғар білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық мектептің негізгі мақсаты:
Оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Осындай мақсаттарды қоя отырып Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 2003 жылдың 8-тамызында «12жылдық оқыту бойынша эксперименттің басталуы туралы» №538 бұйрығын шығарды. Сол бұйрық негізінде Ақтөбе қалалық білім басқармасының Қалалық білім бөлімінің бұйрықтары шығарылып, 2003-2004 оқу жылдарынан бастап 12 жылдық бағдарламамен оқытудың 1-эксперименталдық жұмыстары Ақтөбе қаласында №24 лингвистикалық-лицей гимназиясында, 2004-2005 оқу жылдарынан бастап №51 гимназияда жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2002 ж шілде № 24 бұйрығына сәйкес Республика мектептерінде жалпы білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру эксперименті 2003-2004 оқу жылында басталып ойдағыдай жүргізілуде.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ету болып отыр. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты – өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» – деп, нақты көрсетілген.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді, әрі жоғары білікті жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сол талапқа сай мұғалімде 12 жылдыққа дайын болу керек. 12 жылдық мектепте мұғалімнің түзету-дамыту жұмыстары мен жеке тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту жұмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көңіл бөлінеді. Білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін білу қажет. Білім берудің сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс: 1.Есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарын әзірлеу жүйесін жетілдіру; 2.Білім сапасын диагностикалау мен мониторинг мектеп қызметінің жүйесіне; 3.Тұлғалық-қызметтік, ұзіреттілік әсілдерге қытудың әдістемелік жүйесіне; 4.Білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік енгізу.
Оқушы тұлғасына бағытталаған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даму деңгейіне, тұлғалық қажеттілігі мен сұранысына негізделе отырып, инновациялық мектептерге қойылатын талаптарға сай әдіснамалық ұйымдастырылатын басқару жүйесі нәтижелі болатыны белгілі.Кәсіби оқыту үрдісін ұйымдастыру – қызметтік бөлік арқылы мұғалімді тұлғалық дамытуды басқаруды жүзеге асыру әрекеттерінің жиынтығы.
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдері үшін мынадай ерекшіліктер бар:
Білім беру үрдісі ізгілікті және демократиялық заңдылықтарға негізделген.
Барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді;
Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұнды оқыту, өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асады.
12 жылдық мектептің педагогын жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.
Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызыметпен жоғарғы деңгейде айналысатын және кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қлодана білу.
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағданы, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлуметтік психологияның негіздерін қолдана білуі.
12 жылдық білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принципіне негізделіп, баланың жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында еліміздің мектептерінде қазіргі таңда 12 жылдық білім беру бойынша бақылау және білім беру эксперименті жүргізілуде. Осы орайда информатика пәнінің бағдарламасына тоқталып өтейін.
12 жылдық мектепте информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқытудың маңызды мақсаттары – ғылыми дүние таным негіздерін, ақпаратпен жұмыс істеудің жалпы оқу және жалпы мәдениеттік негіздерін қалыптастыру; ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгерту; оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке дайындау болып табылады.
12 жылдық мектепте информатиканы оқыту келесі принциптерді:
- мектептің барлық буындарында информатиканы оқытуды көздейтін үздіксіздігін;
- информатика бойынша оқу процесінің арнайы ерекшелігін ескере отырып оқу практикасында тек қана АКТ құралдарының негізінде іске асырылатын оқытуды дараландыруды;
- оқытудың мазмұндық және іс жүргізу жақтарының сабақтастығын сақтауға бағытталған мазмұн сиықты оқыту процесін де логикалық құруды талап ететін жүйелілігі мен тізбектілігін;
- әр түрлі ғылыми-әдістемелік тәсілдердің негізінде оқытуды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік жүйенің вариативтілігін;
- оқушыларғы олардың жекеше тұлғалық қабілеттерінің ерекшеліктеріне және кәсіптік бағытына сәйкес оқуға мүмкіндік беретін саралауды ескере отырып құрылады.
5-6 сыныптағы информатиканы оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті бейімділіктерін барынша дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі танудың тиімді мүмкіндіктерңн тудыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды өзін-өзі дамыту, ақпараттық ойлауға, басты ұғымдардың мәні мен маңызын түсініп, меңгеруге, ақпараттық, коммуникациялық технологияларды игеру дағдысын қалыптастыру, дамытуға, мақсаткерлік тұрғыда зерделі, пайымды түрде меңгерту, оны өзінің кәсіптік қызметінде пайдалана білуіне бағыттау болып табылады.
7 сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты – оқушылардың осы заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеруі және мәтіндік, мультимедиялық ақпараттарды өңдеуге арналған қосымшалармен жұмыс дағдысын меңгерту.
12 жылдық бойынша информатика оқулығының мазмұнына тоқталып өтейін. 5 класс оқушыларына арналған оқулықтың мазмұны, айта кетсек информатика және ақпарат, компьютердің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі, Microsoft Windows жұмыс аумағының негіздері, ақпараттық технологиялар деген үлкен тараулар жай 7 класс (Н.Ермеков) оқулығында қамтылған. 6 класс оқулығында мынадай тараулар қарастырылған: санау жүйелері, ақпаратты кодтау, операциялық жүйелер, Microsoft Word, Microsoft Excel, интернет, Word Wide Web-пен жұмыс істеу тарауларын жай 7-8 класс оқулығының мазмұнын қамтыған. Ал енді 12 жылдықтың 7 класс оқулығына тоқталсақ, мұнда Microsoft Word тарауына және Microsoft PowerPoint 2007 компьютерлік презентация тарауына толық тоқталған. Бұл тарауларды біз жай кластарда мәтіндік редакторды 8 кластың соңғы жағында және 10 кластың гуманитарлық-қоғамдық бағытында, ал компьютерлік презентацияны 10-11 кластың гуманитарлық-қоғамдық бағытындағы оқулықтарында қамтылған.
12 жылдық бағдарламасында компьютерлік презентиция 2007 , ал жай 10-11 класс оқулығында компьютерлік презентация 2003 қамтылған. Енді өзімнің сабақ жоспарымды ұсынайын.
Сабақтың тақырыбы: Анимацияларды (жанбітірімді) баптау.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға MS PowerPoint бағдарламасында презентация слайдына қолданылатын нысандар түрлерімен таныстыру, сол қойылған нысандардың әр түрлі эффектілерде шығуын немесе кіруін үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа, өз білімдерін толық жеткізе алуға, белсенділікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық:Оқушылардың нысандарға анимацияларды орналастыруда шапшаңдыққа дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, өй-өрістерін ұштау. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, кітап, проектр, слайдтар.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Жеке
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Информатика 7 класс (12 жылдық). Авторлары: Е.Вьюшкова, М.Кольцов.
2. Информатика 10 класс (жаратылыстану бағыты). Авторлар: Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
“Ассоциация”.
MS PowerPoint – презентация құруға, слайд жасауға, мәтін енгізуге, оның өлшемдерін өзертуге, тізім жасауға, фон өзгертуге, сурет кірістіруге, олардың өлшемін өзгертуге, әуен және видеоклиптер орнатуға, диаграмма және кестелер орналастыруға және осы аталған нысандардың барлығына анимация орнатуға, баспаға шығару болатын бағдарлама.
[pic] [pic] [pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic]
Оқушылар жеке жауап береді
Жұппен, топпен талқылайды
Әр топтан 1 оқушы айтады, мұғалім тақтаға толдырады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Анимацияларды баптау
Әр түрлі арнайы эффектілер көмегімен көрсетілімді кәсіби түрге келтіруге болады. Анимациялық эффектілерді көрсетілімнің белгілі бір бөлігіне назар аударту үшін қолдану қабылданған. PowerPoint жасалған көрсетілімді әр түрге келтіретін біршама анимациялар эффектісін ұсынады.
Слайдқа енгізілген барлық нысандарға (мәтінге, суретке, тақырыпқа және т.б.) слайдтарды көрсету кезінде олармен өтетін әрекеттерді кіргізуге болады.
Қ [pic] андай да бір нысанға анимациялық эффект енгізу үшін оны бөліп алу керек. Аспаптар панеліндегі Анимация қосымша бетін шертіңдер және Настройка Анимации-ді таңдаңдар. Осылайша анимацияның бірнеше эффектілерін өзгертуге болады.
[pic] [pic] [pic]
Слайд ауысу ережесін баптау
Слайдтарды көрсету екі түрлі болуы мүмкін: слайдтар бір-бірімен автоматты түрде ауысқанда және слайдтар пайдаланушының әмірі бойынша ауысқанда. Слайдтар ауысуын Сортировщик слайдов ережесінде баптау қолайлы. Ол үшін Вид – Сортировщик слайдов. Бұл ережеге өткеннен кейін Анимация қосымша бетін шертіңдер және Переход к этому слайду тобында оған өту кезінде ағымдағы слайдтың пайда болуында ере жүретін анимациялық эффектіні көрсетуге болады.
Гиперсілтемелер. Басқару батырмалары
С [pic] лайдтағы батырмалар да сіздің көрсетіліміңізді жүзеге асырады. PowerPoint сондай батырмамен белгілі бір әрекетті жасауға мүмкіндік береді. Бұл дыбыстарды шығару, басқа слайд немесе файлдармен және Web-бетпен байланыс орнату болуы мүмкін. Слайдқа басқару батырмаларын қосу үшін орындалатыны: Вставка – Фигуры – Управляющие кнопки – Сәйкес келетін батырманы таңдап, слайдқа орналастырамыз. Үстіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіп Гиперссылканы орындаймыз.
[pic] [pic]
IV. Жаңа сабақты тексеру.
Оқушыларға оқулықта §21, 130 бетте берілген тапсырмаларды компьютерде орындату.
V. Бекіту.
Жаңа сабақты қорыту үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
Слайдқа қойылатын нысандарды ата.
Анимация дегенді қалай түсінесің?
Нысандарға анимацияларды қалай орнатамыз?
Нысанға қосымша дыбысты қалай орнатамыз?
Гиперсілтеме дегеніміз не?
Гиперсілтемені не үшін қолданамыз?
Басқару батырмаларын қайдан орналастырамыз?
Слайдтан слайдқа ауысу анимациясын қала өзгертуге болады.?
VI. Үйге тапсырма.
§21. Анимацияларды баптау. Тақырыпты оқып, түсінік айту.
VII. Бағалау.
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне,рухани санамыздың жаңаруына нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз. Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.