Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру . Үзінділерді көбейту.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сыныбы :7ә күні : мұғалімі: тексерген:


Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру . Үзінділерді көбейту.


Сабақтың мақсаты: Үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету


Білімдік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: бекіту сабағы


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ


Сабақтың әдісі: репродуктивтік әдіс, интерактивті әдіс


Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптерлері, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта, слайд


Білім мен білікке қойылатын талаптар:


Оқушылар білуі тиіс:


  • редакторда сурет салу технологиясын.


Оқушылар меңгеруі тиіс:


  • графикалық редакторды іске қосуды;

  • суретті салуды, редакциялауды;

  • қылқалам түрін өзгертуді;

  • бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді;

  • өшіргіштің өлшемін өзгертуді.








Сабақтың өту барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен әзірлігін қадағалау


  1. Өткен сабақты пысықтау кезеңі


Соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?

Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?

Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?


Жаңа сабақ:


Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:

Тік төртбұрышты бойынша белгілеу үшін - батырмасы таңдалынады. [pic]

[pic]

Кез – келген аймақты бөліп алу үшін - батырмасы қолданылады.


Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

  1. Алмасу буферіне қиып алу

  2. Алмасу буферіне көшіру

  3. Басқа жерге апару

  4. Басқа жерге көшіру

  5. Сурет бойынша көбейту

  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту

  7. Масштабын өзгерту, қисайту

  8. Төңкеру және бұру

  9. Түсін өзгерту

  10. Жою

Үзіндіні көшіру мен жылжыту.

  1. Үзіндіні белгілейміз;

  2. Көшіру:

а) Правка меню; ә) Тышқанның оң жақ б) пернетақтаның в) Ctrl – пернетақтасы арқылы;

батырмасы; көмегімен;

Ctrl – батырмасын баса отырып тышқанның көмегімен керекті жерлерге қойыңыз. [pic] [pic]




  1. Правка →Копировать(Ctrl + X) немесе Вырезать (Ctrl + С) командаларының бірін орындаймыз

  2. Правка Вставить (Ctrl + V) командасын орындаймыз

Жылжыту:

Тышқанның батырмасын баса отырып керекті жерге апарып қою.

Үзіндіні өшіру.

  1. Үзіндіні белгілеу;

  2. Правка → Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Delete пернесін басамыз.



Ойын шарты


1. «Дағдылану» кезеңі


2. «Балық аулау» кезеңі


3. Дене шынықтыру минуттары


4. «Сөзжұмбақ шешу» кезеңі


5 Үйдің суретін салу» кезеңі


  1. «Дағдылану» кезеңі


Экранға әр түрлі балықтар және Paint графикалық редакторы терезесінің элементтері бейнеленген сурет шығарылады. Оқушылардың берілген сурет бойынша балықтардың санын, экрандағы элементтер атауларын жұмыс дәптерлеріне жазып шығуына 2 минут уақыт беріледі. Уақыт біткен соң оқушылардың дәптеріне жазылған дұрыс жауаптар анықталады. Графикалық редактордың терезесіндегі ұғымдарының мағынасын көптеп (бірдей жауаптар сызылып тасталады да қалған жауаптардық әрқайсысы 1 ұпайдан есептеледі) көрсеткен команда анықталады .



[pic]


2. «Балық аулау» кезеңі


Бұл кезеңде оқушылар көптеп балық ұстау керек. Мұндағы балықтардың ерекшеліктері бар. Әр балықтың артында сұрақтар жасырылған. Ал оқушылардың міндеті осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау. Топтан кез келген 1 оқушы шығып жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 2 ұпай. Егер, жауап қате немесе толық болмаса сол топтың келесі оқушысы жауап береді. Ол кезде жауап 1 ұпайға бағаланады.


[pic]







1 Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

Пуск-Все программы-Стандартные-Paint

2Суретті дискіде сақтамай , Paint графикалық редакторын қалай жабу керек .

Файл –Сохранить как

3 Қате орындалған әрекеттің нәтижесін қалай болдырмай тастауға болады.

Правка –Отменить командасы

4 Бұрынғы суретті өшіріп , жаңа бетті қалай ашуға болады

Файл –Создать командасын орындаймыз

5 Сызық түрлерін көрсет

Сызық салға арналған, Қисық , Тік төртбұрыш , Көпбұрыш , Эллипс

6 Әр түрлі сызықтар құралдарын көрсетіңдер

7 Тіктөртбұрыш пен квадрат қалай сызылады

8 Қисық сызық қалай сызылады

9 Тік және көлденең сызықтар мен 45 градусқа бұрылған сызықтар

10Көпбұрыш қалай сызылады


  1. Дене шынықтыру минуттары


Мұнда ойын ойналады. Ойын «3, 13, 33» деп аталады. «3» деген кезде қол алға созылады, «13» деген кезде екі жаққа созылады, ал 33 дегенде қолды жоғары көтерілу керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып созған оқушы ойыннан шығады .


  1. «Сөзжұмбақ шешу» кезеңі


Екі топқа екі сөзжұмбақ беріледі. Оң шешімін тауып тік бағытта жасырылған сөзді табу қажет. Шешімін алғашқы тапқан команда 1 балық алады. (Ұзақтығы 1-2 минуттық


[pic]



6. «Үйдің суретін салу» кезеңі



Бұл кезең компьютерде өткізіледі. Балаларға жеке-жеке салынатын үйдің суреттері беріледі. Салынған әрбір үй үшін 1 балықтан беріледі. Ал ең бірінші болып үйді салып бітірген топ тағы бір балық алады. Сосын соңғы үш кезең қорытындыланып, тақтағдағы турнир кестесіне жазылады.


6 «Үйдің суретін салу» кезеңі


[pic]



  1. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі: Берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың білімін бағалау


VI. Үйге тапсырма беру кезеңі :


  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?

Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?


















Тақырыбы : Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру . Үзінділерді көбейту











Сынып жетекші : Зинекешова . Н