«Жаңа әдіс – тәсілдерді оқытуда тиімді пайдалану» баяндама

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІ ОҚЫТУДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы Калиева С.А.


Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» - деген болатын. Жолдаудың тұжырымдамасының негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Соның бірі, жаңа технологиялардың қолданылмауы, осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қалай арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың, әдіс-тәсілдердің қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезілді.

Оқу орындарының бұрынғы үдерістерінде студент – кітап – оқытушы бағытында 90 % оқытушы, 10% ғана остудент сөйлейтін болғандықтан, кейбір студенттің шығармашылық дағдысы, еркін сөйлеуі қалыптаспады. Осы мәселені шешудің жолымен елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына әрбір жолдауында педагогтардың сапасын арттыруға көп көңіл бөлді. Осы мақсатта қазіргі таңда педагогтардың деңгейлі оқыту бағдарламасын (үшінші деңгей) оқуы өзекті мәселенің біріне айналды.

Қазіргі таңда білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курсын» оқыған мұғалімдер білім беру үрдісіне жаңа көзқараспен қарай бастады.

Бұл бағдарламадан күтілетін нәтиже - студенттерді қалай оқу керектігіне үйрету арқылы нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарасы жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық таныта білетін студент ретінде қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы – оқытушының білім беру мен оқытудағы әдіс - тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Студент сабақ барысында жан - жақты дамып, басқа студенттерден үйренеді, бір - бірін үйретеді [2].

Қазіргі таңда білім беру үрдісіндегі өзгерісте оқытушы бағыт беруші, студент өзі ізденуші болып табылады.

Студенттердің білім алуға деген қызығушылығын оятпай,  шығармашылығын  дамыту мен өздігінен  білім алуға  үйрету мүмкін емес.  Оқуға  деген  уәжді  қалыптастыру жолдарының ішінде маңыздыларының бірі: оқу - танымдық міндеттерді шешу  барысында топтық  жұмыс  түрлерін ұйымдастыру. Бірігіп еңбек  ету және  жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық  ахуал тудырады, білімге  деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі  болуына әсер  етеді. Топтық оқу жұмысының кейбір элементтері: жолдасының  жауабын  толықтырады, әңгіме, пікірталастарда  талқылауға  қатысады, шешімді  топтасып  іздейді, жолдастарының шағын  топтармен орындаған  жұмыстарының  қорытындысын бағалайды. Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда  ұжымның әрбір мұшесі  бірін - бірі оқытады. Я.Коменский «Ұлы дидактикасында» басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетіп, бекітеді  деген,  бұл идеяны Н.К.Крупская да қызу қолдап, «Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып  отыруға мәжбүр  болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне  деген қызығушылық тәрбиеленеді» деп  жазады [1].

         Студенттердің өзін - өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. Топтық жұмыс - нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттестік құрылымы. Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген. Сабақ тиімділігін арттыруда топпен жұмыс жасау белсенділігін арттыру - бұл студенттің білімін ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Топқа бөліп білім берудің екі түрлі мақсатта пайдаланады. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – студенттердің ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Топтық жұмыс кезінде студенттер ынтымақтастыққа, жұппен, топпен жұмыс істеуге, өз ойларын еркін жеткізуге, өзіне - өзі баға беруге, басқа студенттерді бағалауға және бір - бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

 Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы сезіледі.

Топтық жұмыста қолданылатын әдіс – тәсілдерде студенттер берілген тақырыпты жан – жақты талқылап, шығармашылық қабілетін арттырады.

Заманауи кейбір әдістерге тоқтала өтсек:

1. «SWOT» талдау әдісінің (ағылшын сөздерінің бастапқы әріптері: strengths – күшті жақтар, weaknesses – әлсіз жақтар, opportunities – мүмкіндіктер,  threads -  қауіптер) мақсаты – берілген тақырыптың ішкі (күшті және әлсіз жақтарын), сонымен қатар оның қызметіне әсер ететін сыртқы (мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын) факторларды анықтайды. Студенттер берілген тақырыптың жағдайын анықтап, мүмкіндіктерін арттыру үшін төнген күштер мен әлсіздіктерді азайтып, қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтайды.

2. «Алты қалпақ» әдісі – оқушылардың қалпақтың түсінің қызметіне сәйкес өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік туғызады. Берілген тақырыпты студенттеркиген қалпағының түсіне қарай кейіпке ене отырып, жауап беруі керек. Әр қалпақтың қызметіне қысқаша тоқталсақ,

  • Ақ қалпақ - ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады;

  • Қызыл қалпақ - ашу, шиеленіс ұғымын білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді;

  • Сары қалпақ - күн көзінің, тіршілік түсі ұғымын білдіреді. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді;

  • Қара қалпақ - қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық ұғымын білдіреді. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады;

  • Жасыл қалпақ - өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі ұғымын білдіреді.. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады;

  • Көк қалпақ - аспан түсі ұғымын білдіреді. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты.

3. «ЖИГСО» әдісі «өзгені үйрете отырып, өзімді үйрету» принципі бойынша жүргізіледі. Бұл әдісте студенттердің бір – бірін тыңдауға, сөйлеу дағдысының қалыптасуына, еркін сөйлеуге мүмкіндік береді [2] .

Осы әдістерді қолданудың нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе студенттер қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, студенттердің пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артады, қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.

Қорыта айтқанда, студенттің шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыруға ден қою қажет. Оқушыларды өз бетімен іс-әрекет етуге бағыттап, өз пікірін дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, жан - жақты қалысптасқан жас ұрпақты дайындай аламыз. Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан - жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – оқытушылардың алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ш.Х.Құрманалинва «Пеадгогика», Астана, 2007 ж.

  2. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық, Астана, 2015 ж.

  3. «Информатика негіздері» ғылыми – әдістемелік журнал, №2, 2010 ж.