“Хатшы- референт” мамандығымен танысу . Негізгі кәсіптік қызметі. Жеке хатшыға қойылатын талап.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2-сабақ ..............................

Сабақтың тақырыбы:

Хатшы- раферент” мамандығымен танысу . Негізгі кәсіптік қызметі. Жеке хатшыға қойылатын талап.




1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Хатшы-референттер кәсіпорын мамандарының санатына жатады, оларды жұмысқа директор қабылдайды және шығарады.

1.2. Хатшы-референттердің негізгі міндеттері басқару қызметін ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз ету болып табылады.

1.3. Хатшы-референтт тікелей кәсіпорынның директорына бағынады.

1.4. Өз қызметінде хатшы-референт мына құжаттарды басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасының заң актілері;

- кәсіпорынның жарғысы;

- «Қызметкерлер туралы» ереже;

- кәсіпорын басшысының бұйрықтары (өкімдері);

- іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-әдістемелік материалдар;

- осы лауазымдық нұсқаулық.

1.5. хатшы-референт лауазымына жоғары немесе арнаулы орта білімі бар және 1 жыл еңбек стажы бар немесе стажы жоқ, бірақ хатшы-референттердің курсынан өткен тұлғалар тағайындалады.

1.6. Хатшы-референт төмендегі мәселелерді білуі керек:

- құжаттармен жұмыс, құжаттамаларды жинақтап-құрастыру;

- басқару жұмысын ұйымдастыру;

- есептеу және ұйымдастыру техникаларын қолдана білу;

- қызметтік құжаттамаларды коммерциялық әріптестердің тіліне аудару;

- еңбек мәдениеті және қызмет этикасы;

- еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныстар.



2. ҚЫЗМЕТТЕРІ

Хатшы-референттерге мынадай қызметтер жүктеледі:

2.1. Кәсіпорынның құжаттары бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.

2.2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарында-

ғы іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылық және бақылау.

2.3. Кәсіпорынның кеңесші органдарының қызметін құжаттау.

2.4. Басшылықты жедел-ұйымдастыру қызметімен қамтамасыз ету.

2.5. Кадр құжаттарын жүргізу және рәсімдеу есепке алу (қызметкерлер жөніндегі инспектор болмаған жағдайда).