Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерді безендіру мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Microsoft Power Point бағдарламасымен жасалған тұсаукесердің безендірілуін үйрету, слайдтарды, мәтін элементтерін безендіру элементтерімен жұмыс жасауға үйрету
Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың типі: Өткен тақырыптарды қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, интербелсенді тақта, оқулық, шоколод қағазының қиындылары, тест сұрақтары т.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық
1. Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру /қызығушылықты ояту/
2) Қауіпсіздік ережесін қайталап еске түсіру.
2) Үй тапсырмасы /Білім – тест (өткен материалға шолу)/
3) Жаңа сабақ. /Шығармашылық, деңгейлік тапсырмалар/
4) Бекіту. /Ойын «Диалог ертегі»/
5) Үйге тапсырма.
6) Бағалау.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындық деңгейлерін бақылап, сабақта кім жоғын белгілеу.
ІІ. Қауіпсіздік ережесін қайталап еске түсіру. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Компьютердің жанына порфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.
Клавиатура үстіне артық заттар қоюға тыйым салынады.
Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жанындағы оқушыларды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезіндегі көзді экраннан 60-70 см.қашықтықта ұстау керек.
Кабинетке кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.
Жұмыс жасап отырған кезде компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.
Компьютерде жұмысты аяқтаған кезде мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіріп, жұмыс орнын ретке келтіру қажет.
Оқушыларға сабақтың мақсатын, барысын айту. Қазіргі сабақ «Power Point» компаниясының 45 минуттағы жұмысын сіздер, оқушылар көрсетесіңдер. Әуелі осы компанияға жаңадан жұмысшы қабылдану керек. Ол үшін осы редакторға байланысты сынақтан сүрінбей өтулерің керек. Сіздерге сәттілік тілеймін!
ІІІ. Үй тапсырмасы. /Білім – тест (өткен материалға шолу жасау)/
1. Power Point бағдарламасының атқаратын қызметі ...
а) Электрондық кесте құру
в) Құжаттарды безендіру
с) Электрондық презентациялар құру
д) Мәліметтер базасын құру
е) Арифметикалық амалдарды есептеу
2. Саймандар тақтасының қай тобында ағымдағы презентация дизайнын өзгертуге болатын батырма орналасқан?
а) Сервис
в) Стандартты
с) Суреттер
д) Формат
е) Слайдтарды көрсету
3.Слайдтарды көрсету ретін қалай орналастыруға болады?
а) Өзгертуге болмайды
в) Слайдтарды көрсету →Еркін көрсетілім
с) Файл→Сақтау
д) Файл →Баспаға беру
е) Файл →Алдын-ала көру
4. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
а)F5 в) F6 с) F8
д) F9 е) F12
5. Презентацияны дизайн шаблондары көмегімен қалай құруға болады?
а) Файл→Құру→Жаңа презентация
в) Файл→Құру→ Из шаблона оформления
с) Файл→Құру→ Из мастера содержания
д) Файл→Құру→ Из имеющейся презентации
е) Файл→Құру→ Фотоальбом
6. Бос презентация қандай команда көмегімен құрылады?
а) Файл→Құру→ Жаңа презентация
в) Файл→Құру→ Из шаблона оформления
с) Файл→Құру→ Из мастера содержания
д) Файл→Құру→ Из имеющейся презентации
е) Файл→Құру→ Фотоальбом
7. Анимация эффектісін қосу қандай командалар көмегімен орындалады?
а) Слайдтар көрсетілімі→Еркін көрсетілім
в) Слайдтар көрсетілімі→Анимациялар эффектісі
с) Слайдтар көрсетілімі→ Настройка презентации
д) Слайдтар көрсетілімі→ Анимациялар эффектісі→Слайдтардың ауысуы
е) Слайдтар көрсетілімі→ Слайдтардың ауысуы
8. Слайдты безендіру элементтерін атаңыз... (дұрыс емес жауабын көрсету)
а) Безендіру шаблоны
в) Түрлі-түсті схема
с) Анимациялар эффектісі
д) Объектілер түсі
9. Жаңа слайдты қандай команданың көмегімен құруға болады?
а) Түзету→Слайд құру
в) Файл→Құру→Слайд
с) Формат→Құру
д) Түр→Слайд құру
е) Кірістіру→Слайд құру
10. Бір слайдтан басқасына ауысудың қандай түрін таңдау мүмкіндігі беріледі?
а) Жай, орташа, жылдам.
в) Автоматты.
с) Тышқан шертуімен.
д) Дыбыстық сүйемелдеу, кідіріссіз.
е) Барлық жауабы дұрыс
IV. Жаңа сабақ. /Шығармашылық, деңгейлік тапсырмалар/
Шығармашылық жұмыс. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, оларға Сннкерс және Эмемденс компаниялары шығаратын өнімнің жарнамасын жасау дизайнінің макетін плакатқа салып, қорғау. Топтар берілген екі тақырып төңірегіндегі дизайн бойынша Power Point бағдарламасында шығармашылық жұмыс жасап, қорғайды.
Қосымша тапсырма: Оқушыларға мәдени астана Алматы, рухани астана Түркістан, елордамыз Астана қалаларының көрікті орындарының суреттері беріледі.
1-кезең Бағдарламаны іске қосып, бірнеше слайдтан тұратын презентация жасаңдар. Слайдқа тақырыпқа сай фон таңдаңдар.
2 – кезең Жобаның мақсаты мен міндетін енгізіңдер.
3 – кезең Жоба мақсатына қарай суреттер қойыңдар.
Сергіту сәті. Байқағыштығыңды байқат тапсырмасы
. [pic]
V. Бекіту. /Ойын «Диалог ертегісі»/
Шарты: Мен ойдан шығарылған кез келген бір қазақша әңгіме ертегіні бастап кетемін.
Мысалы: «Ертеде бір байдың еркетотай Пентиум деген ұлы болыпты», келесі оқушы өз ойының фантазиясы бойынша ертегіні жалғастыра береді. Кімде – кім ертегі ішіне компьютерге байланысты қызғылықты оқиға кірістіре алса, сол топтың еңбегі жоғары бағаланады.
VI.Үйге тапсырма. Microsoft Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, “Қазақстан – Expo2017” тақырыбына 15 слайдтан тұратын көрме дайындап келу.
VІI. Бағалау. Әр топ басшысы бағалау парағын толтырып өз тобының әр оқушысына бағаларын айтады.
Бағалау парағы
Әр кезеңге 0-5 ұпайға дейін беру.
5-10 ұпай «3»-тік баға
10-15 ұпай «4»-тік баға
15-20 ұпай «5»-тік баға
Топ мүшелерінің аты - жөні
Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс
Қосымша тапсырма
«Диалог ертегісі»
ұпайы
баға
1
2
3
4
5
6
7
8
Бағалау парағы
Әр кезеңге 0-5 ұпайға дейін беру.
5-10 ұпай «3»-тік баға
10-15 ұпай «4»-тік баға
15-20 ұпай «5»-тік баға
Топ мүшелерінің аты - жөні
Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс
Қосымша тапсырма
«Диалог ертегісі»
ұпайы
баға
1
2
3
4
5
6
7
8
Бағалау парағы
Әр кезеңге 0-5 ұпайға дейін беру.
5-10 ұпай «3»-тік баға
10-15 ұпай «4»-тік баға
15-20 ұпай «5»-тік баға
Топ мүшелерінің аты - жөні
Үй тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс
Қосымша тапсырма
«Диалог ертегісі»
ұпайы
баға
1
2
3
4
5
6
7
8