Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.(5 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты: 1) ДК туралы түсінік беру. Компьютердің құрылғыларымен таныстырып, олардың мүмкіндіктері жайында мағлұмат беру.

2) Ой-өрістерін кеңейту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

3) дүниетанымдыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

  1. Ой-қозғау

  • Компьютер деген не?

  • Не үшін қажет?

  • Қандай пайдасы, зияны бар?

  • Құрылғылардың аттарын білесіңдер ме?

  • Компьютерде жұмыс жасай білесіңдер ме?

  1. Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.

  2. Компьютердің негізгі құрылғылары:

-жүйелік блок

- монитор

- пернетақта

- тышқан манипуляторы (құрылғылардың атын атап компьютер арқылы көрсету)

- дыбыстық динамиктер

Жүйелік блок – бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол – компьютердің миы.

Монитор – бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

Компьютерге ақпарат енгізудің тағы бір құрылғысы болып табылатын «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған.

Акустикалық жүйе компьютердің дыбыстарды жаңғыртуын қамтамасыз етеді.

  1. Қосымша құрылғылар:

  • Принтер

  • Сканер

  • Микрофон т.б. (олардың қызметтері жайлы ауызша айтып, слайд бойынша түсіндіру)

ІҮ. Сабақты бекіту.





1 [pic] 2 [pic] 5 [pic] 11 [pic] 10 [pic] 6 [pic] 9 [pic] 8 [pic] 7 [pic] 4 [pic] 3 [pic]

12. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

12

[pic]

Ү. Үйге тапсырма: Тақырып оқу, Компьютердің суретін салу