Өскемен қаласының №15 орта мектебі
Сыныбы: 7 сынып
Информатика пәнінің мұғалімі: Құсаинова Айгерім Құсаинқызы
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Көрнекілік:Интерактивті тақта, презентация.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары.
Қандай операциялық жүйелерді білесің?
WordPad программасын қалай іске қосады?
Алгоритм дегеніміз не?
Компьютер деген не?
ІІІ. Жаңа тақырып.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика Бұл ең бірінші пайда болған бағыт.
Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылымизерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесінграфиктік өңдеу үшін,есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесінграфиктікөңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгендежәне олардыңнәтижесін көрнекі түрде көрсету үшінқолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с.түрінде қолданылады.
Көркемдік графика Графикалық кескін жасау және редакциялау
үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер,
бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады
Іскерлік графика Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі
мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді – осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады.
Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер
СorelDRAW, Adobe illustrator секілді
векторлық графикалық редакторларда жасалады.
IІІ. Сабақты бекіту