Бекітемін
____________________
Пәні: Информатика Сынып: 5 Пән мұғалімі: Муфтиева Б.О.
Оқу мақсаттар Smart
Ақпарат саны түсінінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін түсіндіру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Оқудан күтілетін нәтижелер
(Табыс критерийлері)
Компьютерде ақпарат өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін үйренеді
Мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйренеді. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
САБАҚ БАРЫСЫ
Реттілігі
уақыты
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқушылардың іс-әрекеттері
Оқудың тиімді дағдылары
Бағалау
2 минут
7 минут.
I.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
1.оқушыларды сабаққа жұмылдыру,
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты түгендеу. Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу.
Өткен тақырыпты пысықтау «Ақпаратты өңдеу тәсілдері» тақырыбы бойынша еркін конструктивті типтегі тест
жұмысын орындау
1. Ақпаратты сақтау үрдісін көрсет?
а) теледидар көру
в) Дәптерге жазу
с) Кітап оқу
д) телефонмен сөйлесу
2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты?
а) ақпаратты өңдеу
в) ақпаратты сақтау
с) ақпаратты жеткізу
д) ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу
3. Ақпаратты іздеуге не жатады?
а) электронды поштамен ақпарат алу
в) компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу
с) кітап мазмұнымен жұмыс істеу
д) мәтіндерді басқа тілге аудару
4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үрдіс:
а) кітапханадан кітап іздеу
в) телефон арөылы сөйлесу
с) музыка тыңдау
д) табиғат құбылысын бақылау
5. Ақпарат алу ол -...
а) үй жұмысын орындау
в) ағаш көшеттерін отырғызу
с) музыка тыңдау
д) математикадан есеп шығару
6. Адам үшін ұялы телефон - ол:
а) ақпарат көзі
в) ақпарат қабылдаушы
с) ақпарат өңдеу құралы
д) байланыс құралы
7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үрдіс?
а) ақпаратты тасымалдау
в) ақпаратты іздеу
с) ақпаратты өңдеу
д) ақпаратты сақтау
Мұғалім мен амандасу. Оқу –құралдарын дайындау. Смайликер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Тест орындайды.
Ізеттілік, құрмет көрсету
Есте сақтау, ой қорыту. түйіндеу
Мұғалім мадақтауы
15 минут
5 минут
IY. БІЛІМДІ ИГЕРУ КЕЗЕҢІ
Y. ТҮСІНУІН ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢІ
(үйренушілер мазмұнды игерді ме, жоқ па көз жеткізу, табылған проблемаларды жою)
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар.
І топ:
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығу. Пуск - компьютер таңдаймыз. Терезенің свойствосын қарап шығамыз. Дискіде толған және бос орындардың көлеімін салыстыру
ІІ топ:
Компьютерде документы бумасын ашып, 1 гб көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтау
ІІІ топ:
«Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріп, қанша символ бар екенін анықтаңдар
Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту. Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды. Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу
Оқушылар компьютерге отырып берілген тапсырманы орындайды.
Зерттеушілік, ізденушілік, бірлесе жұмыс істеу, тұжырым жасау.
Сыни ойлану дағдысы, жинақтау, тұжырымдау.
Топтардың өзара бағалауы
Мұғалім модерациясы
2 минут
ҮІ. СЕРГІТУ СӘТІ
Компьютерден бейнероликті көрсетеді.
Оқушылар бейнероликтегі жаттығуды қайталап жасайды.
Жылдамдық, қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастыру.
Мұғалім мадақтауы
YІІ. САБАҚТЫ БЕКІТУ
Сыни ойлауын дамыту.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1) Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.
2) Байт кб - тан, кб мб - тан, мб гб - тан қанша шамаға кем?
3) 1 байтта неше бит бар?
4) «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемді ақпарат бар?
5) "Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!" хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.
Сыни ойлауын дамыту.
3 минут
ҮІІ. Рефлексия
Рефлекция / 1 минут
1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.......
2. Маған қызықты болды........
3. Маған қиындық тудырған.......
4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын
Сабақтан алған әсерімен бөліседі.
Өз ойларымен бөлісу, еркін жеткізу.
5 минут
ҮІІ. БАҒАЛАУ
Кері байланыс жүргізу. Критерий, дескрипторлар арқылы бағалау.
Критерийлер арқылы өз білімдерін бағалайды. Топ басшыларының бағалауы
Өзін бағалау
Әр оқушы критерийлер арқылы өздеріне балл қояды
2минут
ҮІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
«Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері» тақырыбына дайындалып келу. Қосымша тапсырма: Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
Берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады.
Бағалау критерийлері:
Бағалау критерийілері
Табыс
критерийі
Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
1ұпай
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
2 ұпай
Бір символдық мәтін әдетте.... кодталады:
3 ұпай
Берілген сұраққа нақты жауап береді.
Берілген сұраққа нақты жауап береді.
Берілген сұраққа нақты әрі толық жауап береді.
1 ұпай-3 2 ұпай-4 3ұпай -5