Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Күні: 20-26.11.16

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Джалмағанбетова Р

8 «а, ә, б, в, г, д»

Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Е.Дайнашов

Сабақтың аты

Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары

Мақсаты

Microsoft Excel электрондық кестелермен таныстыру; Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандармен үйрету; Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Microsoft Excel электрондық кестелермен танысады;

Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандарын үйренеді;

Топпен жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Microsoft Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына кіретін программа


Құрал жабдықтар

Компьютер, проектор, ДК, интерактивті тақта, слайдтар жиынтығы

Үй тапсырмасын сұрау


1.Модель дегеніміз не?

2.Модель мақсаты?

3.Модель түрлері?

4.Модельдерге мысал келтір.

5.Ақпараттық модель дегеніміз не?

6.Компьютерлік модельдер қалай жіктеледі?


Жаңа сабақ


Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есптеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Excel программасын іске қосу

1) Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.

2) Microsoft Office-тің ішінен Microsoft Office Excel қатарында тышқанды шертеміз.

Іске қосу → Программалар → Microsoft Offiсe → Microsoft Office Excel (

Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.

Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.

Ұяшық – дерек сақталатын орын.

Ұяшықтарда алғашқы немесе 1-ші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы тиіс.

Ехсеl электрондық кестесінде бағаналар саны - 256, ал қатарлар саны – 65 536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тік төртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.




Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:

1. Сан

2. Текст

3. Дата (мерзім)

4. Формула

Жеке жұмыс «Практикалық жұмыс »

1 тапсырмаExcel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.

1)      Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.

2)      Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.

3)      2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.

 2 тапсырма.Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

1)      Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.

(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)

"Шығармашыл оқушы" (10 минут уақыт)

1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.

2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.

3-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.

4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.

5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.

6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.

7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.

8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.

9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.

10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.

Формативті бағалау «Бағдаршам»


Сабақты бекіту.


1)      Электрондық кестелер қайда қолданылады?

2)      Excel программасын қалай іске қосамыз?

3)      Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?

4)      Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?

5)      Кестеге енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

Қорытынды

Оқушылардың білімінің бағасының қорытындысын шығару.

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды. Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады