№7 сабақ Мұғалімі: Усенова С Тексерген: __________
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Информатика және ақпараттық технология»
9- сынып, Рахманбердиева Д.С.
9-сыныпқа арналған информатика оқулығы
// авторлары Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова//
4. Электронды оқулық, Информатика 9-сынып
Оқыту нәтижесі
Паскаль тілінің негізгі элементтерін, айнымалы мен типтерін;
Функция мен өрнектердің жазылу ережелерін білуі тиіс.
Түйінді идеялар
Паскаль тілінде программа дайындау жолдарын үйрету
Сабақта қолданатын материалдар
ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық
Оқыту әдістері
Түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сыныппен жұмыс
Дерек көздері
Электрондық оқулық 9-сынып
Тапсырмалар
Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 8 сынып электрондық оқулығынан тест
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 8:50 – 9:35
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Топтау /«Паскаль», «Бейсик» атаулары бойынша үлестірме арқылы екі топқа бөлу/
Ой қозғау (Паскаль-программалау тілінің тарихы)
Үй тапсырмасына шолу (жеке жұмыс)
ІІІ-деңгей тапсырмасы:
Мәліметтер дегеніміз не?
Өрнек дегеніміз не?
Оператор дегеніміз не?
Айнымалылар дегеніміз не?
ІІ-деңгей тапсырмасы:
Паскаль тілінде қандай шамалар пайдаланылады?
Алгоритмдік тілде қандай шамалар пайдаланылады?
Идентификатор дегенді қалай түсінесің?
Тілдің алфавитіне түсініктеме бер.
І-деңгей тапсырмасы:
Айнымалыларды сипаттауға толық түсініктеме бер.
Тілдің қарапайым объектілеріне толық түсініктеме бер.
Мәлімет типтеріне толық түсініктеме бер.
Программа құрылымына толық түсініктеме бер.
Білімді тексеру Топтық жұмыс Ақпараттық диктант
Паскаль тілінде қалай жазылады?
1. Бағдарлама тақырыбы
2. Айнымалылар атауы
3. Тұрақты тип
4. Нақты тип
5. Бүтін тип
6. Логикалық тип
7. Бағдарлама басы
8. Бағдарлама соңы
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау
Жаңа сабақты түсіндіру
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияларды жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.
Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
Арифметикалық функциялар:
Математикадағы Паскаль тілінде
жазылуы жазылуы
[pic] [pic]
Типтерді өзгерту функциялары.
Бұл функциялар шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға т.б. аударады. Олар: Chr(x), nigh(x), low(x), ord(x), round(x), trunk(x).
Реттелген типтегі шамаларға пайдаланылатын функциялар.
Бұл функциялар реттелген типтегі шамалар үшін пайдаланылады. Мысалы, элементтің алдындағы немесе соңындағы элементті анықтау т.б. Олар: Odd(x), pred(x), succ(x)
Сергіту сәті (Сөзжұмбақ шешу)
Сабақтың алынғанын тексеру
І-топ. 9 сынып электрондық оқулықтағы тест тапсырмаларын орындау.
ІІ-топ. Оқулықтағы тапсырма (44-бет, а,ә,б есептер).
Топтар ауысады
Қорытындылау:
К [pic] ері байланыс сұрақ – жауап (5 мин.)
Паскаль тіліндегі стандартты функциялар қандай қызмет атқарады?
Логикалық өрнек неден тұрады?
Деректер дегеніміз не?
Мәліметтер дегеніміз не?
Келесі тапсырма:
2.6-тақырып, 55 беттегі 1-3 есептер
Келесі оқылым:
Сынақ жұмысы
Бағалау:
Бағалау парақтары бойынша қорытынды баға қою
Кері байланыс:
INSERT жүйесі (оқушылар толтырады)