Миға шабуыл. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру. 1.Циклдік алгоритм дегеніміз не? ( Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы) 2.Блок сызбада циклдік алгоритм шарты қандай фигурада жазылады? (алтыбұрышта) 3.Модель дегеніміз не? (нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді) 4.Модельдеу дегеніміз не? (нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру) 5.Зерттеу нысанының сызбасы? (нысанның түпнұсқасы, модельдеу, шешім қабылдау) 6.Модельдеудің негізгі кезеңдері (есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау) 7.Модельдің жіктелуі (қолдану аймағы, уақыт факторларын ескеру, көрсету немесе ұсыну тәсілі) 8.Модельдің түрлері (ақпараттық, таңбалық, компьютерлік) 9.Ақпараттық модель дегеніміз не? (нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы) 10.Компьютерлік модель дегеніміз не? (программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады) 11.Моделді тек қайда құруға болады? (кез-келген нысанға, үдеріске, құбылысқа) 12.Уақыт факторларына байланысты модельді қалай атауға болады? (статисткалық және динамикалық)
|