«Бекітемін»
Оқу ісі орынбасары:
Күні 8«А»
8«Ә»
8«Б»
8«В»
8«Г»
Класс
Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды
кодтау. Кодтан шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау, кодтан шығару тақырыбын түсіндіру, білімдерін одан әрі дамыту;
Тәрбиелік: компьютерде еркін жұмыс жасауға, жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер.оқулық,практикум,тақта.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақтар бойыншақайталау сұрақтары:
Логика дегеніміз не?
Пікір дегеніміз не?
Пікірлер алгебрасы легеніміз не?
Логикалық қандай амалдар бар?
Ақиқаттық кестелері?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.
Мәтіндік режимде,әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді.Экранның әрбір позициясыеа арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін.Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліиеттерді шығаруға болады.
Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады.Компютерге мәтіндік символды енгізгенде,мысалы, «А» пернесін басқанда,жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі.Символды экранға шыаранда кері кодтау(декодталу)жүргізіледі,яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.
Дыбыс өз табиғатында ауа тербелмелі болып табылатын үздіксіз сигнал.
Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек.Бұл мына жолмен жасалады:микрофонның көмегімен дыбыс электорон тобының тербелісіне айналады.Бірдей,өз уақыт аралығы(0,00002с ) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз.Жоғарырақ мәнін-бірлік,төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине,бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады.Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз,оны компьютерге енгізуге,сақтауға және өңдеуге болады.
Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүред,екілік кодтар жиыны электр импультеріне айналдырылады да,динамика арқылы өткізіледі,сонда біз дыбысты естиміз.
Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар,яғни компьютер мәтінді «оқи алады».
Адамның сөзін қарапайым дыбыстар(фонемалалар)тізбегі және оларды ң арасындағы паузалар(үзілістер)түріеде ұсынуға болады.Мысалы,қазақ тілінде-орым тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.
Графикалық ақпарат туралы түсінік.
Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы,VGA типті экран үшін түсті болғанда,көлденеңінен-640;тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда көлденеңінен 320;тігінен-200 нүкте)болады.
Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандрартты түсті болады және келесідей 4 элементпен:түстің үш құраушысы:қызыл, жасыл, көк,жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады.Төрт құраушысының әрқайсысының бар болу 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі.
Мысалы, егер компьютерлердің мониторы болса,онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады,4 битке көп керек:640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).
Компьютерлік кескіндер.
Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.
Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.
Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы сақтап сканерленеді.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Үйге тапсырма: Сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды
кодтау. Кодтан шығару.
Бағалау.
«Бекітемін» Факультатив сабақ жоспары
Оқу ісі орынбасары:
Күні 8«А»
8«Ә»
8«Б»
8«В»
8«Г»
Класс
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: компьютерде еркін жұмыс жасауға, жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық Жүктейтін (загрузочный)
Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар.
Ақпараттарды қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса, мұндай жағдайларда ақпаратты сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетке сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процессі.
Файлда ақпаратты сығу процессі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архиваторлардың жұмысының принципі файлда «артық» ақпарат іздеуге және содан кейін ең кіші көлемге келтіру үшін оны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу.
Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептеуір жеңілдетеді.
Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процессі.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.
Архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:
- жаңа архив жасау
- архивтен файлдарды шығару
- бар архивке файлдарды қосу
- өзі шешілетін архив жасау
- көптомды архив жасау
- зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру
- архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.
Сабақты бекіту.
1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған?
2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.
3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.
4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?
6. Архивтік файл дегеніміз не?
7. Қандай архивтер көп томды деп аталады?
8. Архивтен алу дегеніміз не?
Үйге тапсырма беру: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
Оқушыларды бағалау.