Сабақтың тақырыбы: Массив туралы түсінік. Бір өлшемді, екі өлшемді
массивтер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Массив, бір өлшемді массивтер, екі өлшемді массивтер туралы тусінік қалыптастыру, есеп шығару барысында қолдануды меңгерту.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың түрі: аралас сабақ
IV. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Ғ) Практикалық жұмыс
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды
Жаңа сабақ
Массив деп 1 атпен аталатын, саны алдын-ала анықталған бір типті элементтер жиынын атайды.
Массивті 2 түрде сипаттауға болады:
1. Айнымалылар бөлімінде сипаттау үлгісі:
Var массив аты: array [массив индексінің аралығы] of элемент типі;
(array- массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.
Мысал: var a: array [1..10] of real;
b: array [0..50] of char;
c: array [-3..4] of integer;
а массиві 10, b массиві 51, с массивті 8 элементтен тұрады.
2. Типтер бөлімінде сиппаттау үлгісі:
Type тип аты = array [массив индексінің аралығы] of элемент типі;
Var массив аты: типтің аты;
Мысал: type m1= array [1..15] of real;
m2= array [1..20] of integer;
var a:m1; b: m2;
Массивті типтер бөлімінде анықтау программаны оқуды көп жеңілдетеді және ол программалаудың жақсы тәсілі болып табылады.
Мысалдар:
10 элементтен тұратын бүтін сандар массивінің оң элементтерінің арифметикалық ортасын табыңдар.
Program m1;
Var a: array [1..10] of integer;
S, i, k integer; P: real;
begin
for i:=1 to 10 do
readln (a [i] ); массив элементтерін енгізу
for i:=1 to 10 do
if a i0 then begin S:=S+a i; к:=к+1; end;
P:=S/k;
Writeln ('оң элементтердің арифметикалық ортасы', P);
end.
Нақты сандар массивінің ең үлкен, ең кіші элементтерін табыңдар.
Program m2;
Const n=20;
Var a: array [1..n] of real;
i, k, t: integer; max, min: real;
begin
for i:=1 to n do
readln (a [i] );
max:= a [1]; к:=1; min:= a [1]; t:=1;
for i:=2 to n do
begin
if max a [i] then begin max:=a [i]; к:=i; end;
if min a [i] then begin min:=a [i]; t:=i; end;
end;
Writeln ('max=', max, 'min=', min)
end.
Екі өлшемді массив (матрица).
Массив бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица), жалпы алғанда n өлшемді болады. n жолдан, m бағаннан тұратын екі өлшемді массив былайша сипаттайды:
Var массив аты: array [1..n, 1..m] of элемент типі;
Матрица элементтерін енгізу циклінің жалпы түрі:
for i:=1 to n do begin
for j:=1 to m do
read (a [i, j]); readln;end;
Матрица элементтерінің қалпын сақтап экранға шығару циклінің жазуының үлгісі:
for i:=1 to n do
begin
for j:=1 to m do
write (a [i, j]); writeln;
end;
1-жаттығу . Матрицаның жұп және тақ элементтерінің санын табыңдар.
Program Matrix1;
Const n=3; m=2;
Var a: array [1..3, 1..2] of integer;
i, k, l: integer; k-жұп, l-тақ элемент саны
begin
for i:=1 to n do
for j:=1 to m do
begin
read (a[i, j ]);
if (a[i, j ]) mod 2=0 then k:=k+1 else l:=l+1;
end;
writeln ('жұп элемент саны=', к, 'тақ элемент саны=', l)
end.
2-жаттығу. Кездейсоқ бүтін сандармен толтырылған Х(3х4) матрицаның жолдарындағы элементтердің қосындысын табыңдар.
Program Matrix2;
Var X: array [1..3, 1..4] of integer;
i, j, a, b, S: integer;
begin
writeln (' сандар аралығын енгіз'); read (a, b);
randomize;
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 4 do
x[i, j]:=random (b-a) +a;
for i:=1 to 3 do
begin
S:=0;
for i:=1 to 4 do
S:=S+X [i, j];
writeln ('S[',i,']=', S)
end
end.
Бақылау сұрақтары:
Масив дегеніміз не?
Бір өлшемді, екі өлшемді массив дегеніміз не?
Бас, қосалқы диоганаль дегеніміз не?
Массивті қалай енгіземіз?
Үйге тапсырма беру. Теорияны оқып келу.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты қорытындылау.