Қысқа мерзімді сабақ жоспары
1-сабақ
Ақпарат және ақпараттық үдерістер Мектеп: Қызылорда қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Скакова Ғалия
Сынып: 6 «Б»
Қатысқандар:12
Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы:
Әлемнің ақпараттық көрінісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Ақпарат туралы білімдерін толықтырады, әлемнің түрлерімен танысады. Ақпараттық үдеріс мағынасын түсінеді
Сабақ
мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
«ақпарат», «ақпараттық үдеріс» түсініктеріне анықтамаларын бере алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әлемдегі ақпарат түрлеріне мысалдар келтіре алады, ақпараттық үдерістерді ажырата алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әлемдегі ақпарат түрлері туралы Интернет арқылы білімді толықтыра алады
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
Ақпараттық үдерістерді ажырата алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ақпарат, мегаәлем, макроәлем, микроәлем, үдеріс, сақтау, өңдеу, қабылдау, ақпаратты қабылдау, тірі табиғат, техника, адамдар қоғамы,
Жетістік критерийлері
Аөпараттың әлемдегі алар орны туралы айта алады, ақпараттық үдерістерді сипаттай алады
Алдыңғы оқу
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу жұмыстары
Ресурстар
Басы
5 минут
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпта ынтамақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Амандасу» тренингі
Қазақстанда қол алысады
Италияда құшақтасады
Бразилияда иықтасады
Зимбаба-да арқа сүйеді
Македонияда шынтақтасады
Никарагуада қол шапалақтап секіреді
Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді
«Монитор», «пернетақта», «жүйелік блок» суреттерімен топтарға бөлінеді
Слайд
Ортасы
минут
1.Үй тапсырмасын сұрау
«Динамикалық шеңбер» әдісі
Оқушыларды 1-2-ші ретімен санап 2 топқа бөліп, екі шеңбер жасайды. Ішкі шеңбердегі балалар сағат тілімен қозғалып 1 минут сайын қозғалып тұрады. Ой бөліседі. Жұпсыз қалған оқушы эксперт рөлін атқарады. Эксперттің сыныптың сабаққа дайындығы туралы пікірі тыңдалады
Ф. Топтар қол шапалақтау арқылы бағалайды
2.Жаңа сабақ
2.1 «Постер», «Карусель», «Галерея» әдісі
«Ақпарат» түсінігімен сіздер 5 сыныпта таныстық. Анықтамасын еске түсіріңдер
Таратылған суреттерден қандай ақпарат ала аласыздар? Флипчарттың ортасына суретті жапсырып, ойларыңызды суреттің жан-жағына жазыңыздар. Уақыт 5 минут. Постерді сағат тілімен келесі топқа бересіздер. Алдарыңа келген жұмысты қарап шығып толықтыратын ойларды әр топ бір ститкерге жазып жапсырыңыздар.Дайын постерді тақтаға іліп, қорғайсыздар, толықтыруларға келісемін, келіспейміз деп жауап беріңіздер
Топтық жұмыс.
Күн жүйесі, тірі табиғат, бактериялар суреттер топтарға таратылады.
Ф. Топтар қол шапалақтау арқылы бағалайды
[pic]
2.2.Сөздік жұмысын жүргізу.
Мегаәлем галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандарды құрайды
Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады
Микроәлем өлшемдері өте кішкентай нысандар - молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.
2.3 Миға шабуыл әдісі
Бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар түртіп алу әдісін қолдана отырып тамашалайды.
Соңынан пікір алмасады
Ф. Топтар қол шапалақтау арқылы бағалайды
2.4 Сәйкестендіру кестесімен жұмыс
Жұптарға суретпен бейнеленген үдеріс сипаты мен атауы беріледі. Талдау жасай отырып, сәйкестік табу керек. Тапсырмаға 5 минут беріледі. Экранда дұрыс жауаппен салыстырады
Ф. Бас бармақ әдісімен бағалау.
3. Қорытынды
3.1 Сергіту сәті: (2 минут) Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.
[pic]
3.2 «Неге? Неге? Неге?» әдісі
Оқушылар шеңбер құрып тұрады
Жүргізуші бүгінгі сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «Неге?» деген сұрағымен аяқтайды. Келесі ойыншы сұраққа жауап беріп, жауабын «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншы осы әрекетті тізбек бойынша жалғастырады.
Ф. Мұғалімнің бағалауы
[pic]
[pic] стикерлер
[link]
Үйге тапсырма:
1.Әлемнің ақпараттық көрінісі тақырыбын оқып келу.
2.Мегаәлем, макроәлем, микроәлем туралы суреттер салып келу
3.»Өзіңді тексер» тестіге жауап беру
Кері байланыс.
[pic]
Смайликтер плакатына стикер орналастыру
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Шапалақтау
Басбармақ
Өзін-өзі бағалау
Қауіпсіздік ережелері сұрақ-жауап арқылы тексеріледі
АКТ көмегімен бейнежазбалар, слайд көрсету
Жаратылыстану пәнімен байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты шынайы болды
Қоршаған ортада ақпараттың түрлерін, ақпараттық үдеріс түрлерін білді
Сыныпта ынтымақтастық ахуал болды
Уақыт тиімді пайдаланды
Тақырыпқа сай күрделендірілген тапсырмалар қосу, тапсырмалар жеңіл болды
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?