Жаңа сабақ: Кестелерді баспаға шығару туралы Microsoft Excel бағдарламасында беттегі барлық мәліметтерді немесе ұяшықтардың белгілі бір ауқымын баспаға шығаруға болады. Қажет болған жағдайда үлкен кестелерді баспаға шығару кезінде беттердің арақашықтығын қоюға болады. Беттен бөлек онда орналасқан диаграмманы баспаға шығаруға болады. Бір немесе бірнеше кітаптағы бірнеше бетті бірден баспаға шығаруға болады. Баспаға шығару масштабын өзгертуге болады. Баспаға шығару кезінде алаң өлшемін, парақ өлшемін таңдауға болады. Баспаға шығару беттерінде баспаға шығару уақыты және мерізімі және әртүрлі ақпаратты орналастыруға болатын колонтитулдар болуы мүмкін. Құжатты баспаға шығарудың негізгі дайындығын Беттерді белгілеуқосымшасында Беттерді белгілеу қарау режимінде жасалады. [pic] Бетті белгілеу режимінде құжатты қарау Құжатты алдын ала қарау және баспаға шығару үшін Office батырмасының менюінде Баспаға шығару командасы қолданылады [pic] Excel құжаттарын баспаға шығару және баспаға шығаруды баптау Құжатты баспаға шығаруға дайындау Беттің параметрін орнату Беттің параметрін орнату және таңдау үшін Бетті белгілеу қосымшасыныңБеттер параметрі тобының элементтері қолданылады (сурет 15.1 қара). Парақ өлшемін таңдау үшін Беттер параметрі тобында Өлшембатырмасын шертіңіз және пайда болған тізімнен қажетті өлшемді таңдаңыз (сурет 15.3) Беттің өлшемін таңдаңыз Баспаға шығару масштабын баптау Бетте үнсіздік бойынша 100% баспаға шығару масштабы орнатылған. Мүмкін болатын минималды баспаға шығару 10% , максималды 400%. Баспаға шығарудың масштабын таңдау үшін Жазу тобының Масштабесептеуішінде қажетті мәнді орнатыңыз (сурет 15.1 қара) Колонтитул құру Құжаттың әрбір бетінің төменгі және жоғарғы алаңында орналасқан аудан колонтитул деп аталады. Колонтитулдар Бетті белгілеу қарау режимінде құрылады. Жоғарғы және төменгі колонтитулдар бірдей құрылады.Колонтитулдың 3 алаңы болады: сол жақ, оң жақ және ортаңғы Колонтитул алаңдары. Колонтитулға мәтінді әдеттегі ретпен пернетақтада енгізуге болады. Колонтитулдың жаңа жолына өту үшін Enter пернесін қолдану керек. Колонтитул элементтері тобының Сурет батырмасы графикалық файлдардан суреттерді колонтитулға қою үшін қолданылады. Колонтитул қаріпінің кейбір параметрлерін өзгертуге болады: 1. Колонтитул мәтінін ерекшелеңіз 2. Басты қосымшасының Қаріп тобының элементтерін қолданып қаріп параметрін орнатыңыз. Бірінші беттің колонтитулы басқа беттегі колонтитулдан ерекшеленетіндей етіп жасауға болады. Ол үшін Параметрлер бөлімінде жалаушаларды орнатыңыз Көп беттік баспаға шығару кезінде бағандар мен жолдардың атаулары үнсіздік бойынша барлық беттерде басылып шықпайды. Мысалы, кестені баспаға шығару кезінде оң жақтағы бетте кесте жолының атауы басылып шықпайды. Кестені көп беттік баспаға шығаруы Ескертуді баспаға шығаруын баптау Бетте ескертудің көріну режиміне тәуелсіз олар үнсіздік бойынша баспаға шығарылмайды. Ескертуді баспаға шығару режимін баптауға болады. 1. Бетті белгілеу қосымшасының Беттің параметрі тобының батырмасын шертіңіз. 2. Беттің параметрі терезесінің Бет қосымшасыныңЕскертулер тізімінде ескертуді баспаға шығару режимін таңдаңыз [pic] Алдын ала қарау режимінде беттің көрінуі Құжатты баспаға шығару Баспаға шығару параметрлерін баптау Құжатты баспаға шығару параметрін баптау үшін Office батырмасының менюінде Баспаға шығару командасын таңдау керек, содан кейін бағыныңқы менюде Баспаға шығару командасын таңдау керек Баптау Баспаға шығару терезесінде жасалады зесінде көрінеді
|