Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа
интерфейсі
Меруерт Мусағалиева
Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
6 сынып оқушыларын мәтіндік редакторымен таныстыру. Компьютермен жұмыс істеу шеберліктерін шыңдау, алған білімдерін өздері пайдалана білуге ықпал жасау мақсатында әріптестеріме өтілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларды MS Word мәтіндік процессорымен таныстыру. Редакторды құрайтын терезелерді қарастырып, мәтіндік редакторды жүктеуді және одан шығуды үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушыларға тапсырмалар орындата отырып, ой-өрісін, таным белсенділігін қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тест, «Сөзді табу» ойыны, «Адасқан сөздер» сәйкесін табу, электронды оқулықтан тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық тапсырмалары,
жұмыс дәптері, activate құрылғысы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тест activate құрылғысы арқылы
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
IV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
«Сөзді табу» ойыны
[pic]
1. Цифрлық ақпараттарды енгізуге арналған перне?
2. Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге арналған
перне?
ДК-ге арналған операциялық жүйе?
4. Пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер
енгізіледі?
5. Енгізу пернесі?
6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру?
V. Жаңа сабақты меңгерту
Microsoft Word –ты іс- бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Microsoft Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
Құжаттарды құру және теру;
Қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
Кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
Емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
Негізгі менюден Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын орындау арқылы;
Жұмыс үстеліндегі
[pic] таңбашамен.
Мicrosoft Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
Файл – Шығу (Выход) командасын таңдау;
Alt + F4 батырмалар комбинациясын басамыз;
Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шерту арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз (жауап – Иә (Да), өзгерістерді сақтамайсыз (жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді.
[pic]
Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесі.
Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар:
Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама
Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка.
Сергіту сәті «Әр қолда - өзінің ісі»
Бір оқушы тақтаға шығып, екі қолына да бор берілді.
Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек.
VI. Жаңа сабақты бекіту
«Сәйкесін тап» ойыны
[pic]
[pic]
[pic] [pic]
Word құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауларға енгізіңдер
[pic]
VII. Қорытындылау.
[pic]
VIII. Үйге тапсырма: Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа
интерфейсі (оқу, мазмұндау)
ІХ. Оқушыларды бағалау.
[pic]
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы