|
Сабақ жоспары информатика пәнінен тақырыбы меншіктеу операторы
Автор публикации: Кулжанова А.А.
Дата публикации: 2016-04-04
Краткое описание: ...
Сабақтың мақсаты: А) FREE PASCAL тілінде меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға меншіктеуді үйрену. Ә)Топтық жұмыс жүргізіп, оқушылардың сабаққа белсенділігін , қызығушылығын арттыру Б) тест жұмыстары мен тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін ашық түрде бағалау. Күтілетін нәтижелер А) Паскал тілінде меншіктеу операторының жұмысын , Паскал тілінде бағдарламада жазылуын үйренеді. Ә) Топтық жұмыс жасау арқылы бір-біріне сыйластық қатынаста болып, сабақта белсенділік танытады. Б) Оқушылар өздерінің тобына берілген тапсырмалар мен тест жұмыстарын бас бармақ және түрлі түсті жапсырғыш арқылы бағалайды. . Оқыту әдіс тәсілдері. «Мен саған, сен маған» сұрақ- жауап, постер , тест жұмысы, бағдарлама құру және оны қорғау, «дамино» ойыны Ресурстар: Түрлі түсті лента, тест парағы, АТК, үлестірмелі парақ(дамино ойынының), плакат, фламастер, жапсырғыштар(түрлі түсті)
Сабақ барысы 1 Ұйымдастыру кезеңі 1 минут. Оқушыларды түгелдеу, оқу- құралдарын тексеру. Сабаққа дайындығын бақылау 2 Сергіту сәті. Оқушылар бірін- бірі бағалайды. Бас бармақпен. 1-минут «Мен саған, сен маған» оқушылардың бір- біріне сұрақ- жауабы. 3 Оқушыларды топқа бөлу І топ «Енгізу» тобы ІІ топ «шығару» тобы ІІІ топ «блок- схема» тобы 1-минут 4 Постермен жұмыс
Оқушы жұмыстарын бағалау Бас бармақ арқылы Әр топ топ басшысын сайлап, өздерінің аттарын қорғайды. І топ «Енгізу» тобы ІІ топ «Шығару» тобы ІІІ топ «Блок- схема» тобы плакатқа пламастермен өз жұмыстарын топ болып жазып, бір оқушы қорғайды. 10- минут 5 Жаңа сабақ. Интерактивті тақтамен презентация арқылы түсіндіру. Меншіктеу операторы . Жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне сәйкес келуі тиіс. Литерлік, символдық айнымалылардың мәндерін апостроф арқылы меншіктеу керек. Жазылу үлгісі : : = := - меншіктеу белгісі Айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс. Х:=4. 5; У:= sgr (a) + sgr (b ) ; d:=sgr(b)-4*a*c ; 10 минут
6 Топпен жұмысы
Үш топқа тапсырма.
Есептерге бағдарлама құру, Оқушылар жұмыстарын бағалау. Бас бармақ арқылы
І топ «Енгізу» тобы физикалық есеп. Жүрілген жол және оған кеткен уақыт берілген. Жылдамдықты табу. Паскаль тілінде программа құрып, енгізу операторы мен меншіктеу операторын көрсету. №1 ύ=s/t Program jul; Var s,t, ύ: real; Begin readln ( s,t) ; ύ:=s/t; Writeln (‘ύ=’, ύ); End. ІІ топ «Шығару» тобы Төртбұрыштың ауданын тап. Екі қабырғасы берілген. Ауданын табу. S:=a*b №2 Program aud; Var a,b, s: real; Begin readln ( a ,b ) ; S:=a*b; Writeln (‘S=’, S); End.
ІІІ топ «Блок- схема» тобы №3 Үшбұрыштың периметрін табу. Үш қабырғасы берілген. Р:= a+b+c Геометриялық фигураларады пайдалану 14 минут 7 Тест жұмысы.
Оқушылар жұмысын бас бармақ және түрлі жапсырғыш арықылы бағалау. Паскаль тілінің дұрыс жазылған меншіктеу операторы белгісін көрсетіңіз : А) = Ә) := Б) >= 2. Паскальда шығару операторы А) Read ; readln Ә) write ; writeln Б) Begin 3. √х Паскаль тілінде жазылуы А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X) 4. IХI х- тің модулі Паскаль тілінде жазылауы А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X) 5. Х² Паскаль тілінде жазылуы: А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X) 6. Блок схемада енгізу шығару операторын қандай геометриялық фигурамен белгілейміз. А) Ә) б) 3 минут
8 «Дамино ойыны» Үш тілді меңгерейік. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөздіктерді бір- біріне сәйкестендіріп құру.құру Егер, шығару, енгізу, шығу, соңы, әзірше Пока, если, вывод, выход, ввод, конец While , IF, WRITE, READ, EXIT, END Әр оқушы оператордың қазақшасын, орысшасын, ағылшын сөздерді тауып, үлестірме парақтарын тізбектей орналастыру 3 минут 9 Қорытындылау Сұрақтар арқылы : 1.Меншіктеу операторы Паскаль тілінде қалай жазылады? 2.Паскаль тілінде қате жолды тексеру үшін. 3.Паскаль тілі қай жылы пайда болда? (1975ж) 4. Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын кім жасады? ( 1968ж Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры : Никлаус Вирт жасады. 5. Енгізу шығару операторлары. (WRITE, READ) 2 минут 10 Үй жұмысы. Меншіктеу операторы. Үшбұрыштың ауданын табу прораммасын құрып келу. 1 минут Рефлексия 1. Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды? 2. Бүгінгі сабақта не қиын болды? 3. Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?
|
|