Сабақтың тақырыбы Шартты көшу операторлары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Астана қаласы

8 орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі

Хасенова Алия Амангельдиновна



Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Шартты көшу операторлары

мақсаты

Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу  WHILE операторы мен таныстырып, программа құруға дағдыланады;

Міндеттері

  • Паскаль программалаутілін де есепшығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады;

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

7 модуль

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

Күтілетін нәтиже

Шартты көшу операторының ерекшелігін біледі;

Көрнекілік

ДК, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, оқушының назарын сабаққа аудару, сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

2. Психологиялық тренинг. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сабағымызды бастамас бұрын сіздердің көңіл-күйлеріңізді білгім келіп тұр. Алдарыңдағы компьютерде адамның көңіл-күйін білдіретін бірнеше суреттер тұр, соның ішінен өздеріңіз қазіргі көңіл-күйлеріңді білдіретін суретті таңдаңыздар.Сіздердің таңдаған суреттеріңізден қобалжу және қуану суреттерін көріп тұрмын. Қобалжығандарын таныс емес мұғалім сабақ өтейін деп жатқандықтан деп ойлаймын, бірақ сіздерден қобалжымауларыңызды өтінемін, себебі мен сіздердің білімдеріңізге сенемін, бірігіп нәтижелі жұмыс істеуге шақырамын


Тұсаукесер

Уақыты:


слайд


Негізгі бөлім

Уақыты:








Сауалнама сөзжұмбақ

III. Жаңа тақырып:

  1. Тақырыпты түсіндіру.

Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар: if және саse.

If операторының толық жазылу пішімі:

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>

ELSE <2-оператор>;

немесе қысқартылған түрі

IF <шартты өрнек>

THEN <1-оператор>;

Мұндағы, 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN сөзінен кейін жазылған 1- оператор атқарылады, әйтпесе FALSE (жалған) болса,

2-оператор атқарылады

Программаны құру жолдарын үйрету

Мысалы:

1- мысал.

x+8, x<0

у= 4x , x>=0.

Компьютерге программаны енгізу үшін Турбо Паскаль программасын жүктеп, программа денесін компьютерге енгіземіз, сосын ctrl+F9 пернесін басып программа қатесін тексереміз, alt+F5 пернесін нәтижесін аламыз

2 –мысал: у-мәнін есептейтін программа құру.

2x + 20, егер x<=26

Y= x + 50, егер x<1

Деңгейлік тапсырма орындау.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту .

  1. Тақырыптық есептер шығару.

3-мысал: ax+bx+c=0 квадрат теңдеудің түбірлерін табу керек:

program D3;

var a,b,c,x1,x2,d:real;

begin

write('a,b,c мәнін енгізіңдер:')

readln(a,b,c);

d:=SQR (b) -4*a*c;

if d<0 then

writeln('нақты түбірі жоқ');

ELSE

begin

x1:=(-b+SQRT (d))/(2*a);

x2:=(-b-SQRT (d))/(2*a);

write ('x1=',x1:6:2,'';4;x2=',x2:6:2);

END

END.

  1. Ауызша есеп: Мына операторлардан Паскаль тілінің программасын құрыңдар.
    Program integer then writeln else read repeat
    Wnile for var real begin if write end

Жауабы:

Program
var real integer
begin
read
writeln
if<өрнек> then<1 оператор> else<2оператор>
write
end



Қорытынды

Уақыты:




. Сабақты қорытындылау

Информатикалық диктант:

1 Тармақталу алгоритмына программа құру үшін_____________ операторлар қолданылады.

2 Шартты оператордың жазылу форматы____________.

3 Шарт ретінде _________ қолданылады.


Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

VI.Үйге тапсырма:

89 бет № 12 (а, ә, б)

Паскаль тілінің шартты операторы

Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы



Бағалау

Уақыты: 2 мин



Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады