Сабақ жоспары: Материал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып:

10

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар. Нысандарды тегістеу

Сабақтың мақсаты:

Blender-де нысанға материал, текстура беру, нысандарды тегістеу модификаторымен таныстыра отырып, білімдерін практика жүзінде іске асыра алу дағдысын, логикалық ойлау, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:

Жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер:

Видео, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, Венн диаграммасы

Сабақтың жүру барысы

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу

Үй жұмысын тексеру

5 мин

  1. §27 соңында берілген «Өзіңді тексер!» тест тапсырмасын орындауға тапсырма беру.

  2. Өткен сабақта Blender-де жасаған практикалық тапсырмаларын (орындық макеті) тексеріп шығу.

  3. Тест сұрақтарының дұрыс жауабын жариялау. Қате кеткен сұрақтарды талқылау

Жұмыс компьютерінде практикалық жұмысты ашып тексерту, оқулықтағы тест тапсырмасын дәптерге орындау. Дұрыс жауап кілті бойынша көршісінің жұмысын тексеру, нәтижесін хабарлау.

Миға шабуыл

2 мин

Сұрақ: бүгінге дейін Blender-де жасаған практикалық жұмыстарымызда модельдеген нысандарымыз кандай тусте болды? Нысан неғұрлым шынайы көріну үшін не істеу керек?

Өз ойларын ауызша айтады. (нысан шынайы көріну үшін оның түсін, материалын дәл анықтап, дұрыс таңдай білу керек)

Жаңа тақырып

7 мин

  • Жұптарға слайд бойынша жаңа тақырыпты өзара талқылау ұсынылады.

  • Әр жұп тақырып төңірегінде бір сұрақ дайындайды

Жаңа тақырыпты жұбымен бірге оқып, талқылау. Бір сұрақ дайындау.

Бекіту

2 мин

«Жекпе-жек!» әдісі бойынша жұптар бір-біріне сұрақ қояды

Практика

21 мин

«Құмыра» модельін жасау. Оған түс, текстура беру: Ол үшін Blender-де алдын ала құмыра жасау жолы түсіндірілетін видеосы көрсетіледі.

- Практикалық жұмыс барысында кездескен ыстық батырмаларды, жаңа құралдардың қызметін қысқаша дәптерлеріне жазып алуды ескертіп отыру керек

- Видеоны мұқият қарап түсініксіз жерлері болса мұғалімнен сұрайды.

- Blender-ді іске қосады.

- Видеоны көре отырып Blender бағдарламасында практикалық жұмысты орындайды.

- жаңа түсініктерді, батырмалар мен олардың қызметтерін дәптерге жазып отырады

Рефлексия

1 мин

Білім ағашынан өзіңді белгіле.

[pic]

Әркім өзінің бүгінгі сабақтан алған білімдерінің қаншалықты дәрежеде екендігін «Білім ағашындағы» қай адамға сәйкес келетіндігін таңдап бояп көрсетеді

Бағалау

1 мин

Оқушыларды жасаған жұмыстары мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау

Күнделікке бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

3 мин

Венн диаграммасы: Blender мен 3D Mах-та нысанға түс берудің ұқсастықтары мен ерекшелігін Венн диаграммасына толтыру.

Дәптерлеріне жазып жүрген ыстық батырмаларды, олардың қызметтерін жаттап келу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу