|
Графикалық редактордың сурет салу мүмкіндіктері
Автор публикации: Саргалтакова К.М.
Дата публикации: 2016-03-15
Краткое описание: ...
5 сынып Күні:__________________ | Сыныбы:____________ | Сабақ реті:_______ | Сабақтың тақырыбы: | Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу. | Сабақтың мақсаты:
Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар үйренуі тиіс: | Paint графикалық редаторынбағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. «Растырлық графикалық редактор» ұғымын. Сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды. | Сабақтың түрі: | аралас сабақ | Сабақтың әдіс-тәсілі: | Топтық жұмыс. Оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО. | Сабақтың көрнекілігі: | Компьютер, слайд, суреттер, оқулық, дәптер, флипчарт, маркер және т.б. | Пәнаралық байланыс: | ағылшын, өзін-өзі тану, сурет | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің рөлі | Оқушының рөлі | Ұйымдастыру кезеңі: | Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу. Оқушылардың қызығушылығын және назарларын аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу Сызық, Доғал, Қарындаш. | Топ көшбасшысы анықталады. | Үй тапсырмасын тексеру: Білімді өзектендіру:
| Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда формативті бағалау. 1. файлды сол атпен сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек? Жауабы: Сақтау 2.файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек? Жауабы: Қалай сақтау. 3.Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін? Жауабы: Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз. | Тұжырымдама жасап талқылайды. | Жаңа сабақ | Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу. Графикалық редактордың түрлері көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері 3D-графика құру үшін қоланылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді. Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар: Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.); Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растырлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Пиксель ( ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растырлық бейненің ең кішкентай элементі. |
| Практикалық тапсырма | А деңгейлі Жаңа сурет салыңдар (Paint → Құру батырмасы). Сурет салу аймағында маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10×15 см етіңдер. Белсенді түстерді таңдаңдар. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар (1-сурет). Бояу үшін контурдың «тесіктері» болмауы керек екенін көңіл аударыңдар. Сурет қою Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгеріңдер. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейлі А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (2-сурет). Сурет қою
С деңгейлі В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
Суретке мәтін қосыңдар (3-сурет) Сурет қою
| Бағалау: | Оқушыларды: оқылым, тыңдалым, айтылым, сөйлесім, жазылым бойынша формативті түрде бағалау. | Рефлекция | Екі жұлдыз, бір тілек. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын бір-біріне жазу. | Сергіту сәті | Оқушыларды сергіту | Үй тапсырмасы | §14. Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу. Ребуст құру және тақырып соңындағы тестке жауап беру. Қосымша §15 оқып келу. |
Тексерілді ________________________
|
|