« №24 лицей » МКМ
Ашық сабақ
Тақырыбы:Кестелерді пішімдеу
Пәні:Информатика
Сыныбы: 6 «Б»
Мұғалімі:Абданова А.Д
2015-2016 оқу жылы
№24 сабақ
Сыныбы: 6б. Күні: 4 – наурыз.
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға кесте жасау, ұяшықтарды қосу, алып тастау және біріктіруді,кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояуды үйрету.
Тәрбиелігі: Топтық және жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК,интерактивті тақта,оқулық,жұмыс дәптері, үлестірмелі материалдар (карточкалар,тест тапсырмалары), слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
V.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
VI. Жаңа материалдар бойынша түсініктерін тексеру кезеңі
VII.Сабақты бекіту кезеңі
VIII.Үйге тапсырма беру кезеңі
І. Ұйымдастыру:
- Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар мен ұстаздар!
-Оқушыларды түгендеу;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Компьютердің дайындығын бақылау,техника қауіпсіздігін ескерту.
-Оқушыларды түстерге байланысты топқа бөлу,әр оқушыға бағалау парағы және смайлик сонымен қатар түрлі түсті парақшалар таратылады.
ІІ. Сабаққа дайындық:
Сұрақтар:
№1.Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
[pic]
№2. Word мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
№3. Терезе элементтерінің қай түрі? [pic]
№4. Терезе элементтерінің қай түрі?
[pic]
№4. Жаңа құжат құру үшін: [pic]
№5. Құжатты сақтау үшін: [pic]
№6. Бағандар мен жолдардың қилысуынан не пайда болады? (Ұяшық) Дұрыс айтасындар,ал енді бүгінгі сабағымыз біздің «Кестелерді пішімдеу» деп аталады. Біз Кестеледі құру,кестелерді түзету кесте құрылымын өзгерту,кестенің элементтерін ерекшелеу,кестенің жолдары мен бағандарының мөлшерін өзгерту дегендерді үйренген болатынбыз ия?! Ал енді біз кестелерді пішімдеу деген тақырыпта кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояуды үйренеміз. [pic]
V.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Кесте дегеніміз – баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтардан тұрады.
Құжатта кестені даярлаудың екі әдісі бар:
1-әдіс: Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте
(Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз.
Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз. [pic]
[pic]
2 – әдіс: Егер кестені өзіміз салңымыз келсе,онда Кесте (Таблица) менюіндегі Кестені салу (нарисовать таблицу) командасын таңдаймыз.
[pic]
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағын қолданады.
[pic]
Кестелерді ең алдымен дайын мәнерлердің көмегімен әрлейді.Жолақтың Кестелер мәнерінің өлшемдері тіркеме парағында мәнерлердің қандай элементтерге қолданылатынын көрсету керек.Кестелердің мәнерлері бөлімінде-жарамды мәнерді таңдаймыз.Егер сендер өз беттеріңмен әрлегілерін келсе,жолақтың басқа тіркеме парақтары керек болуы мүмкін.
Кестенің ұяшықтарын қоршау және құйып бояу
Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек.Одан кейін келесі батырмалардың керектерін таңдаймыз:
1.Қаламұштың мәнерін таңдауға арналған батырма
Төмен қарай ашылатын мәзірде әртүрлі сызықтар бар: жіңішке, жуан,қосарланған, пунктирлі,толқынды. [pic]
2.Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан [pic] Жуандық пункттермен көрсетіледі [pic]
.
3. Егер қажеттілік болса,қаламұштың түсін [pic] батырмасымен баптайды. «Басқа түстер» бұйрығын таңдағанда түсті баптаудың қосымша терезесі ашылады.
Бұл терезеде түстің кез келген реңкін таңдайды. [pic] [pic]
Қажет реңкті таңдағаннан кейін ОК-ді басамыз.
Жуандықтың,қаламұштың, мәнер түсының параметрлерін орнатқан кезде кестелерде ештеңе өзгермейді.Кестелердің ерекшеленген ұяшықтарына жасалған өзгертулерді қолдану үшін батырмасын таңдаймыз. [pic]
[pic]
Бұл батырманың төмен қарай ашылатын мәзірі ұяшықтардың әртүрлі қоршауларынан тұрады:Тек жоғары сызықты жүргізу,тек төменгі қоршауды өшіру,қоршауды тек ерекшеленген ұяшықтардың айналасында қосу немесе ішкі сызықтарды бірге сызу.Бұл мәзірде қара түспен жүргізілетін сызықтар,ал пунктирлермен-көрінбейтін сызықтар белгіленген.
«Құып бояудың түсі» батырмасы ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ұяшықтар диапазоны ішіндегі түсті өзгертеді. [pic]
[pic]
III.Өткен материал бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс жасау.
Оқулықта 162-163-164беттегі деңгейлік тапсырмаларды оқушылар жеке жасайды.
Ал балалар,қауіпсіздік ережесін еске түсірейікші,компьютерде қанша уақыт отыру керек?Дұрыс айтасындар 20-25 мин.артық отырмау керек,ол біздің көзімізге зиян.Ал көзіміз талып,ауырған жағдайда біз не істейміз?Ал онда бізде көз жаттығуларын жасап сергіп алайық?
Сергіту сәті.
Интерактивті тақтада көз жаттығуларына байланысты слайд көрсетемін.
Оқушылар соны қайталайды.
Сабақты бекіту сұрақтары
Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?
Оқушылар 3-топқа бөлініп жұмбақтар құрастырып,бір-біріне жасырады.
1)Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)
2)Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол)
3)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық)
Оқушыларды бағалау. Оқушыларды смайликтер арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма беру кезеңі. Кестелерді пішімдеу тақырыбын оқу.164 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.