Сабақтың тақырыбы: Web-парақтардағы формалар
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар білуі тиіс:формалардың қызметін форма мен оның элементтерін құру тегтерін.
Оқушылар үйрену тиіс:форманың элеметтерін құруды (радиобатырмалар, тізім жалаулар, көп жолды көрсеткіш, батырмалар),форманың элеметтер көмегімен мәліметтер алуды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білімді өзектендіру
Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
Сендерге қайткенде электрондық пошта жәшігін ашуға немесе интернет-дүкеннен тауар сатып алуға тура келген болар.Қандай мәліметтер енгізу керек болып еді?Ол қалай жүзеге асты?Тіркелуді растаудың қандай тәсілдерін білесіңдер?Қолданушылар туралы ақпарат қайда сақталады(МҚ серверінде)?Қателер туралы қандай хабарламалар алдыңдар,ол немен байланысты болып еді?
HTML-дің осындай формалар құру мүмкіндіктерін қарастырайық.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Назар аударыңыз-форманы жібергенде айнымалардың мәндері жөнелтіледі.
Жұмыс барысында оқушыларға кестені толтыруды ұсыныңыз:
Бүкіл сыныппен мына сұрақтарды талқылаңыз:
Егер мәліметтерді МҚ сақтау жорамалданса, онда айнымалының атауы қандай болуы керек,ал форманың көрсеткіштерін толтырғанда мәліметтер қандай сипатқа сәйкес болуы тиіс?
Элементтер мен айнымалыларға қандай атаулар берген қисынды?
V Тәжірибелік жұмыс
Жұмыс үш деңгей тапсырмаларының бәрі тізбектеліп орындалатындай етіп ұйымдастырылған.Тәжірибелік жұмыс нәтижесінде алынған Web-сайттарына қосады.
Жылжымалы жол құру тегі мен мысалы оқулықтың қосымшасында келтірілді.
VI Қорытындылау
Жұмыстың тұсаукесері.Баяндамаларда мына сұрақтардың жауаптары қамтылуы керек:не үйренді,қандай мәселелер туындады, олар қалай шешілді,жұмысты аяқтағанда сұрақ пайда болды ма?Егер тапсырмалар толық орындалмаса,оған не себеп болды?
Оқушы жеткен деңгейге байланысты баға қойылады.
VII Үй тапсырмасы
§30-ды оқу,бақылау сұрақтары мен «Өзіңді тексер» тест тапсырмаларына жауап беру.
§30- соңында берілген «Өзіңді тексер»бөлімінің тест кілттері:
Өз жобасымен жұмыс жасауды жалғастыру.