Информатикадан қысқа мерзімді жоспар 5сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Мақсаты

компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету.

Жұмыс нәтижесі

информатика кабинетінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, көз жаттығуларын жасауды үйренеді.

Сілтеме

Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, «Бағдаршам» әдісі

Ресурстар

Оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, компьютер, Activоte құрылғысы, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, бағалау парағы

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері»)

- Оқушыларды топқа бөлу (сурет қиындыларын құрастыру бойынша);

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Білу»

(5 мин)

  • Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін жаңадан қосылып отырған информатика пәні туралы кіріспе, оның қажеттілігі туралы ой қозғау, ой бөлісу. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

  • Тыңдап, ой бөліседі.

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.


«Түсіну»

(10 мин)

Жаңа тақырып бойынша мағлұмат беру.

  • Техника қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру; қолданудың тиімділігін түсіндіру.

  • Көзге арналған жаттығуларын көрсету;

  • Компьютердің қауіпсіздігі;

  • Ақпарат сақтау қауіпсіздігі.

  • Оқушылар бейнежазбаны көре отырып, электронды оқулықты тыңдай отырып, түсініктері қалыптасып, өз ойларын қағазға түсіріп айтады. Көз жаттығуларын орындайды.

«Қолдану» (8мин)

(Қарапайым тапсырмалар)

  • дидактикалық таратпа материалдармен жұмыс


  • Оқушылар дидактикалық таратпа материалдарының тапсырмаларын (сөздерді толықтыру, кестені толтыру, сызбаны сызу) жеке, топпен орындайды.

Сергіту сәті. (1мин)

Көзге жаттығу жасау музыкамен..

  • Көз жаттығуларын интерактивті тақтадан көріп жасайды.

«Талдау» (10 мин)


«Жинақтау» (9мин)


  • Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, постерге жазады



  • тест тапсырады

  • Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналын толтыру

  • Әр топ өз ойларын жинақтап, сұрақ-жауап қойып, өз ойларын постерге сурет арқылы түсіріп, оны қорғайды.

  • Activоte-те тест тапсырады

  • Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналына қол қояды.

«Бағалау» (1мин)


Бағалау парағымен жұмыс

Бағалау критерийлері

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Практикалық білімі

•      Тест жұмысы


Бағдаршаммен бағалау

Бағалау парағы бойынша бағалайды







Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерін бағдаршаммен бағалайды.

Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма.

§1. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.





















Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.

Мақсаты

Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру.

Жұмыс нәтижесі

Ақпарат ұғымы, оның түрлері, қасиеттері туралы кеңінен мағлұмат алады. Сабаққа деген қызығушылығын арттады.

Сілтеме

Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Ыстық орындық»

Ресурстар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері»)

- Оқушыларды топқа бөлу («Компьютер», «Информатика» сөздері бойынша);

- Топта басшысын тағайындау.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Білу» (5мин)

  • - Өткен тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтарға қойып, жауап беру.

(«Ыстық орындық» әдісі)

  • Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.

  • Әр топтан оқушылар шығып орындыққа отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Оқушылар  мұғаліммен  бірге  слайдтар  бойынша жұмыс  жасайды.

«Түсіну» ( 9мин)

  • Ақпарат;

  • Информатика;

  • Ақпараттың түрлері;

  • Ақпараттың қасиеттері

  • Оқушылар электрондық оқулықты тыңдап, мағлұмат алады. Ой қозғап, ой бөліседі.

«Қолдану» (9мин)


  • Компьютермен тәжірибелік жұмыс

  • Оқушылар компьютерде тапсырмалар орындайды.

«Талдау» (6 мин)


  • Өмірде және компьютерлік программаларда ақпараттың қандай түрлері кездеседі?-деген сұраққа ой қозғау

  • Постерді бағалау

  • әр топ осы сұрақ көлемінде постерге өз ойларын жазып, талдайды, сызады.

  • Постерді қорғайды.

  • Әр топ қарсы топтың постерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..

«Жинақтау» теориясы (13мин)


  • «Информатика», «Ақпарат» сөздеріне ребус құрау

  • Сұрақ-жауап


  • Тест тапсырады

  • Әр топ берілген сөздерге ребус құрап, оны шешеді.

  • Әр топ өз ойларын жинақтап, әр топ бір біріне сұрақтар қояды

  • Activоte-те тест тапсырады

«Бағалау» (1мин)


Бағалау парағы

Бағалау критерийлері

•      үй жұмысы

•      Компьютерде практикалық жұмыс

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      Ребус

•      сұрақ-жауап

•      тест жұмысы


Бағалау критерийлері негізінде бағалайды


Рефлексия (1мин)

«Басбармақ»

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін білдіреді

Үйге тапсырма.

§2. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.



















Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Ақпаратты өңдеу тәсілдері

Мақсаты

Тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.

Жұмыс нәтижесі

Ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпаратты жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, оны ажыратуды біледі.

Сілтеме

Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксамономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Жигсо», «Сұрақты ұстап ал!», «Сағат тілі бойынша серіктес»

Ресурстар

Оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, Activslate құрылғысы, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Сағат тілі бойынша серіктес» )

- Оқушыларды топқа бөлу (түстер бойынша);

- Топта басшысын тағайындау.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Білу» теориясы. (5мин)

  • «Сұрақты ұстап ал!»




  • Адам ақпаратқа қандай амалдар қолданады?

  • Үй тапсырмаларын «Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша мұғалім допты лақтыру арқылы әр топқа сұрақ қойып, топ жауап береді. Сосын топтар бір-біріне сұрақ қояды

  • Берілген сұрақ бойынша ой қозғап, ойларын айтып, мысалдар келтіреді

«Түсіну» ( 10мин)

  • Тақырыпты  оқушылар  өздері   меңгеруіне  мүмкіншілік  беру. «Жигсо» әдісі

Ақпаратты сақтау, ақпаратты жөнелту, ақпаратты өңдеу


  • Мұғалім шолуы

  • Оқушылар берілген тақырып бойынша топта Жигсо әдісі пайдаланып тақырыпшаларды бөліп алып оқып, сосын топта талқылайды.

  • Мұғалім оқушылардың түсініктерін қорыта отырып, толықтырады, оқушылар ой бөліседі

«Қолдану» (9мин)


Компьютерде тәжірибелік жұмыс

  • Әр оқушы компьютерде кітаптағы деңгей бойынша берілген тәжірибелік жұмысты орындайды

Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..

«Талдау» (13мин)


  • Ақпарат қабылдаушы, ақпарат көздеріне мысал



  • Activslate құрылғысын пайдаланып, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау

  • Әр топ берілген мысал бойынша ойларын жинақтап, постерге жазып, оны қорғайды.

  • Флипчарттағы тапсырманы Activslate құрылғысымен әр топ орындайды

«Жинақтау» (5мин)


  • Тест тапсырады, жауабын тексереді



  • Сұрақ-жауап

  • Тақырып соңындағы тестті тапсырып, тақтадағы жауабы бойынша әр топ бір-бірін тесттерінің жауабын тексереді

  • Әр топ бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қояды.

«Бағалау» (1мин)


Бағалау парағы


Парақтарына әр тапсырманың критерийі бойынша ұпайларын қойып шығады.

Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін парақтар таратады. Ондағы сұрақтар: Сабақ ұнағаны?

Сабақта ұнамағаны?

Сабақта нені өзгерткің келеді?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін, ойларын параққа жазады.

Үйге тапсырма.

§3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері













а



Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.

Мақсаты

Ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс нәтижесі

Компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың өлшем бірліктерін, мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйренеді.

Сілтеме

Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қолданылатын әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксамономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ОҮБ, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Константинополь», «ойлан, жұптас, бөліс», «Сағат тілі бойынша серіктес», «Бірге ойлаймыз»

Ресурстар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Сағат тілі бойынша серіктес»)

- Оқушыларды топқа бөлу (сурет қиындыларын құрастыру бойынша);

- Топта басшысын тағайындау.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Білу» (10 мин)

  • «Кім көп біледі?»


  • Ақпаратты қалай өлшеуге болады?

  • Интерактивті тақтадағы ұпайды басып, таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

  • Ой бөлісу, ой қозғау

«Түсіну» ( мин)

  • Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.


«Ойлан, жұптас, бөліс»




  • Мұғалім шолуы


  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта Жигсо әдісі пайдаланып тақырыпшаларды бөліп алып оқып, сосын топта талқылайды.

  • Мұғалім түсініктерін қорыта отырып, қорытындылайды, оқушылар ой бөліседі

«Қолдану» (8мин)

(Қарапайым тапсырмалар)

  • Компьютерде тәжірибелік жұмыс, оның орындалу жолын түсіндіру

  • Әр оқушы компьютерде кітаптағы деңгей бойынша берілген тәжірибелік жұмысты орындайды Жұмыстарын қалай орындағанын, баяндап береді.

Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..

«Талдау» (5 мин)


  • Дидактикалық тапсырмалар орындау



  • «Константинополь»

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін ауыстыруға, табуға дидактикалық тапсырмалар орындайды. 29-бет

  • Әр топ берілген негізгі сөзден көп қысқа сөз құрастырып, интерактивті тақтаға жазады. («Ақпараттандыру» сөзіне)

«Жинақтау» (5мин)


  • «Бірге ойлаймыз» Сыни ойлауын дамыту.


  • тест тапсырады


  • Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

  • Activоte-те тест тапсырады

«Бағалау» практикасы. (1мин)


Бағалау парағы

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Парақтарына әр тапсырманың критерийі бойынша ұпайларын қойып шығады.

Рефлексия (1мин)

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым? Сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін, ойларын параққа жазады.


Үйге тапсырма.

§4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.