Информатикадан сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жамбыл атындағы № 5 мектеп-гимназиясы



БЕКІТЕМІН: БЕКІТЕМІН:

Директордың ғылыми-әдістемелік Математика және информатика

ісі жөніндегі орынбасары: кафедрасының жетекшісі:

Сегізбаева Г.І_________ Бектлева Д.Е __________

«____» қаңтар 2016 ж. «____» қаңтар 2016 ж.










Қалалық семинар коучингке ұсынылған ашық сыныптан тыс жұмысы

Тақырыбы: «Қызық times тапқырлар» сайысы атты

сыныптан тыс жұмыс





Пән мұғалімі: Бекшеев Н, Агатаева Е

Сыныбы: 6 сыныптар

Пәні: Информатика























2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қызық times тапқырлар» сайысы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру. 
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту. 
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы:

І. кезең. «Конструктор- сөз құрастыру» 
ІІ. кезең. «Бейне сұрақтар» 
ІІІ. кезең. «Қанша тілді білесің»
ІV. кезең. «Сөзжұмбақ»

 V. кезең. «Жасырын сурет» 
VІ. кезең. «Құпия жәшік» 
VІІ. кезең. «Адасқан әріптер»


(Ән_____________________________________________)


Сәлеметсіңдер ме, сайысқа қатысушылар! Көңіл-күйлерің қалай?

Балалар, сендердің компьютерлік сауаттылықтарынды танымдық, логикалық қабілеттеріңді арттыру мақсатында «Қызық times тапқырлар » сайысын өткізгелі отырмыз.

Бұл сайыста сендер өздеріңнің білімдеріңді сынайсындар және көптеген ақпараттармен танысып олардың шешу жолдарын жасап айқындайсыңдар. Ендеше сайысқа қатысушылар осы сайысты әрі қарай жүргізу үшін бүгінгі біздің «Қызық times тапқырлар » сайысының жүргізушілері мен таныстырып кетейін:

10 А сыныбының оқушысы: _______________________

10 А сыныбының оқушысы: ________________________

Бұл сайысты әрі қарай жүргізушілер жалғастырады. Жүргізушілер сендерді сайыстың кезеңдерімен таныстырады. Сөз кезегін жүргізушілерге беремін.


Жүргізуші 1. Бүгінгі біздің «Қызық times тапқырлар» сайысымызға қош келдіңіздер! 


Жүргізуші 2. Армысыздар осында жиналғандар 
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар 
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер  басталық сайысымызды қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. 

Жүргізуші 1. «Қызық times тапқырлар» сайысына қатысушы оқушылар «Компьютер» және «Интернет» деп аталатын екі топ бүгінгі ойынымыздың бастайды. Олардың топтарға қойылатын тапсырмаларды бірлесіп ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.



Жүргізуші 2. Сайыс 7 кезең бойынша өткізіледі. 
І. кезең. «Конструктор- сөз құрастыру» 
ІІ. кезең. «Бейне сұрақтар» 
ІІІ. кезең. «Қанша тілді білесің»
ІV. кезең. «Сөзжұмбақ»

 V. кезең. «Жасырын сурет» 
VІ. кезең. «Құпия жәшік» 
VІІ. кезең. «Адасқан әріптер»  

Компьютерлердің сырлары 
Қызықтырды біздерді 
Ойынға бірге қатысуға 
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші 1. Ендеше 6 сынып оқушылар арасында өткізгелі отырған «Қызық times тапқырлар» сайысын бастайық. 

І. кезең. «Конструктор- сөз құрастыру». Бұл бөлімде берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. Ең көп сөз құрастырған топқа 10 ұпай беріледі. Сендерге берілетін уақыт 1 минут

«Компьютер» тобы

1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….)

«Интернет» тобы

2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)

Жүргізуші 2. Сонымен «Конструктор- сөз құрастыру». Бөлімінде қай топ ең көп ұпай жинағанын айта кетейік. Әділқазылардың 1 топқа берген ұпай саны _____, 2 топқа берген ұпай саны_____.


Жүргізуші 1. ІІ. кезең. «Қызық times тапқырлар» сайсының екінші кезеңі «Ғажайып ұяшықтар» деп аталады. Ойын шарты бойынша бұл бөлімде ұяшықтардағы сұрақтарға тез жауап беру керек. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын айтады. Егер сұрақтың жауабынан қателессе, онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіндік бар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сонымен ұяшықтарды таңдау «Компьютер» тобының капитанына беріледі.

 
1.
Ақпарат дегеніміз не? (ақпарат – бұл қоршаған ортадан алынатын білім немесе команда)

2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми) 
3. Алгоритмнің қасиеттерін ата? (дискреттілік, анықтылық, нәтижелік, жалпыламалық) 
4. Алгоритм түрлері... (сызықтық, тармақталған, циклдік) 
5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980) 
6. Ақпараттарды ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы (Қатты диск) 
7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама) 
8. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға) 
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет) 
10. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот) 

Жүргізуші 1. Сонымен «Ғажайып ұяшықтар» бөлімін қорытындыласақ. Бөлімінде қай топ ең көп ұпай жинағанын айта кетейік. Әділқазылардың 1 топқа берген ұпай саны _____, 2 топқа берген ұпай саны_____.




Жүргізуші 2. Білім деген биік шың 
Бақытқа сені жеткізер 
Білім деген ақылшың 
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз? 

ІІІ. кезең. «Қанша тілді білесің?» капитандар сайысының 3 кезеңі «Қанша тілдің білесің?» Сайыс шарты бойынша команда капитандары жасырылған сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Жауапты 3 тілде дұрыс орындаған ойыншыға – 3 ұпай, қазақша-орысшасын айтқанға – 2 ұпай, тек қазақшасын айтса онда 1 ұпай беріледі. Экранға назар аударайық! Экранда берілген жұлдыздың 1 сұрағына жауап берейік! Келесі жұлдыз!

1. Windows операциялық жүйе компьютерге жүктелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе (жұмыс столы, рабочий стол, desktop).

2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (қайтару пернесі, клавиша возврата, backspace)

3. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)

Жүргізуші 2. Сонымен «Қанша тілді білесің?» бөлімін қорытындыласақ. Бөлімінде қай топтың капитандары ең көп ұпай жинағанын айта кетейік. Әділқазылардың 1 топқа берген ұпай саны _____, 2 топқа берген ұпай саны_____.

Қорытындылау.

Жүргізуші 1.

ІV. кезең. «Сөзжұмбақ» деп аталады. Ойынның шарты бойынша әр дұрыс тапқан сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ендеше сайыскерлер дайынсындарма ойынға онда іске сәт!

1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз?

2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?

3. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынасты қалай атаймыз?

4. Компьютерді желі арқылы байланыстыратын құрылғы?

5. Қағаздағы кескінді(мәтінді, суретті) экранға түсіруге арналған құрылғы?

6. Тышқанның басқаша атауы?

7. Сурет салуға арналған графикалық редактор?

8. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы?

9. Ақпараттың орысша атауы.

10. Компьютердің барлық жұмысын қамтамасыз ететін құрылғы?

11. Paint – ті іске қосқанда, Пуск – тан кейін қандай тізбек орындалады?




Жүргізуші 1. V. кезең. «Жасырын сурет». Бұл бөлімде екі топқа да бірдей жасырылған сурет беріледі, сол жасырылған суретті қай топ бірінші болып тапса, онда сол топқа 2 ұпай саны беріледі. Ендеше экранға назар аударайық!

Бұл қандай жасырылған сурет екен? Кәне кім айтады?

1. Камера 2. Принтер 3. Диск 4. Джойстик 5. Сканер 6. Модем

Жүргізуші 2. VІ. кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатикаға қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз? (2 минут уақыт беріледі) 
«Компьютер» тобына 
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (калькулятор) 

«Интернет» тобына 
Мәлімет сақтайды, бұған 4,5 Гбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар? (диск) 


Жүргізуші 1. VІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл бөлімде сайыскерлерге, әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты терминдік сөз шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі , ал орындау уақыты 1 минут әр топқа 6 сұрақтан берілген. 


«Компьютер» тобы 
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер 
2. ВРЕДАЙР - драйвер 
3. ДЕМОМ - модем 
4. ЛАЙФ - файл 
5. РОТИНОМ - монитор 
6. АТЕКИСД - дискета 
«
Интернет» тобы 
1. НИРПЕРТ - принтер 
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер 
3. КРАСЕН - сканер 
4. АНИШ - шина 
5. СОРЕСЦПРО - процессор 
6. ТОРП - порт 


Жүргізуші 2. Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы қай топ екенін анықтау, үшін әділ-қазылар алқасының жалпы ұпай санау уақытына бөлінеді.

(БИ___________________________________________)

Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде.

Осыменен бұл ойынды тамамдасақ 
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ, 
Үйрендік білмегенді осы жолы, 
Тағы үйренеміз аман болсақ 
Шыңымыз биік болар, білім қусақ 

Жүргізуші 1. Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!