Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқытуда жаңа
технологияларды пайдалану
О [pic] рта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Оқытудың негізгі мақсаты- оқушылардың оқу үрдісіндегі компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.
Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады, ақпараттық технология әдістерімен қаруландыруына себебін тигізеді.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдарын көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Мен «Информатика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбымен жұмыс істеу барысында профессор Ж.Қараевтың үшөлшемді оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларымның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударамын.
Менің жұмыс жүйем оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін белсенділікке, жеке тұлға ретінде дамуға, іскерлік пән дағдаларын қалыптастыруға, алған теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелейді.
Өз практикамда оқушылардың өзіндік, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, өз бетінше жұмыс істеп, білімін жетілдіру үшін ізденеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы баланың қабілетіне, шама-шарқына, мүмкіндігіне қарай жұмыс жүргізіп, дамытамын. Деңгейлік тапсырмалар мынадай түрде болуы мүмкін:
Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдаларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;
Блок-схемалар, графиктер, диаграмма, карта т.б;
Тірек-схемалар, көрнекілік және анықтама құралдары;
Ойын арқылы оқыту;
Сөзжұмбақ, ребустар;
Логикалық есептер;
Тестілеу және бақылау.
Информатика пәнін оқыту тиімділігін арттырудың бір жолы – информатиканы оқып үйренуді ерте бастап оқыту. Неғұрлым бала компьютерлік ақпаратты қолдануды ерте бастап үйренсе, соғұрлым баланың ақпараттық мәдениеті дами түседі.
Қазіргі кезде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы жаңа өзгерістер енгізді. Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші ролді табиғи ресурс пен энергия емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін «ақпараттық қоғамға» жалжып келеді. «Ақпараттық қоғам» үшін Интернет және телекоммуникациялық технологиялар жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Біз «Интернет бізге не береді?» емес, «Интернеттен біз не ала аламыз?» деген принципте жұмыс жасауымыз керек.
Қазіргі жағдайда оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты мұғалім болу мүмкін емес. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Оларды практикада пайдалану туралы іс-тәжірибелер әр мұғалімге ауадай қажет.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану арқылы да информатика сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады.
Бұл әдістеме бойынша сабақ үш кезеңнен тұруы керек. Бірінші кезең – «тақырыпқа деген оқушылардың қызығушылықтарын ояту» деп аталады, бұл жерде мұғалім әр түрлі іс-әрекеттер арқылы оқушыларды қызықтыра алулары керек, осы кезеңнен әр қарай сабақтың өтілуі тәуелді. Екінші кезең – «мағынаны ашу» деп аталады. Мұғалім бағалау сұрақтарын қою арқылы оқушыларға сабақтың мағынасын өз беттерімен ашатын жағдай жасап, тақырыптағы ереже, формулалар қорытындысына оқушылар өздері жетулері керек. Үшінші кезеңі – «қорытынды жасау» мұғалім әдістемедегі стратегияларды пайдалана отырып сабаққа қорытынды жасауы керек. Мектеп курсындағы информатика курсын оқыту екі бағытқа бөлінеді: қолданушы және программалау бағыты. Қай бағыт болмасын практика жүзінде жаттығуды талап етеді, әсіресе қолданушы бағыты. Сол себептен оқушы міндетті түрде практика жүзінде жаттығуы керек, бұл жерде қорытынды жасамас бұрын оқушыларға практика жүзінде (компьютерде) жаттығуға мүмкіндік берген дұрыс. Үйге берілетін тапсырмаларды да түрлендіріп есептеген дұрыс, себебі білім берудің бұл әдісі оқушының сын тұрғысынан ойлауын талап етеді.
Логикалық есептер дайындап әкелу. Информатика пәнінен оқушылардың білімдерін толықтырып, түрлендіру мақстаында логикалық сұрақтар мен логикалық есептердің орны бөлек.
Сөзжұмбақ, ребустар ойластырып, құрып әкелу.
Ақпараттық диктанттар.
Лабораториялық жұмыстар. Оқушылар өздігімен жұмыс атқарғанда лабораториялық жұмыстарды әр іс-әрекет қадамдап беріліп отырады. Әсіресе нашар оқитын оқушылар үшін жұмыстың бұл түрінің пайдасы зор.
Практикалық жұмыстар. Әр оқушы А4 форматқа басқа топтағы оқушылар үшін тақырып бойынша практикалық жұмыс әзірлеп әкеледі.
Информатика сабақтарында өткен материалды бекіту, оқушылардың шығармашылығын бақылау, бағалау үшін интерактивті сабақтар өткізген оқушылар қызықты болады. Ондай сабақтарда жарыс сабағы, конференция сабағы, аукцион сабағы, сот сабағы, саяхат және тағы басқа сабақтар түрінде ұйымдастыруға болады.
Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білуі олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Мұғалім сабақ уақытын толық, ұтымды пайдаланып тараудағы толық білімге қойылған талаптарды меңгертуде танымдық интеллектуалдық тестерді, кроссворд, сканворд, ребустарды пайдаланғаны дұрыс. Сабақты түрлендіріп өтудің маңызы өте зор. Сабақта әр түрлі ойын элементтерін пайдалану – оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімі қалыптасады.
ТУРГЫНБАЕВ Мухтар Атанович,
Т.Рысқұлов ОМ МДШО МЖИ КММ
информатика пәнінің мұғалімі,
ОРАЗБЕК Жанар Оразбекқызы
Абай атындағы ГМ
бастауыш сынып мұғалімі
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ