Мектеп: ММИ Жамбыл атындағы мектеп
Пән мұғалімі: Октябрь Наурызгүл
Пән: Информатика
Сынып: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Білім мен икем дағдыны бекіту сабағы
Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Көрнекілігі: Оқу құралдары, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезең.( 2 мин )
II. Үй тапсырмасын тексеру.( 2 мин )
III. Өткен тақырыпты қайталау. (Ауызша-Ғажайып алаңы) ( 6 мин)
IV. Жаңа сабақты меңгерту. ( 5 мин )
V. Жаңа тақырыпқа арналған тапсырмалар (15 мин)
VІ.Жаңа сабақты қорытындылау. (Тест) (10 мин)
VІІ. Үйге тапсырма. (1 мин)
VІІІ. Бағалау. ( 2 мин )
ІХ. Қортындылау. (Түйіндеме) ( 2 мин )
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыны түгендеу, сабаққа даярлау. Оқушыларды екі топқа бөлу:
1. «Ақпарат» тобы (І қатар оқушылары)
2.«Компьютер» тобы (ІІ қатар оқушылары)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(10-шы тақырып бойынша №10 тест.)
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
«Ғажайып алаң» ойыны (ауызша сұрақтар).
Сұрақтар:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
(Операциялық жүйе компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)
2. Сіздер қандай ОЖ-ны білесіңдер?
(Windows XP, Windows 7, Windows 8 т.б.)
3. Терезе дегеніміз не?
(Терезе – экранның қоршауларымен шектелген тікбұрышты аймағы)
4. Терезелердің түрлерін атаңыздар?
(бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері)
5. Білім туралы мақал-мәтел айт
6. 2,4,8, - қандай сандар ? ( жұп)
7. 3,5,7, қандай сандар ? ( тақ )
8. Мәтінді шығару құрылғысы (принтер)
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * < > |
Бумалар (папка) ақпаратты және файлдарды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты аты және мөлшері бар.
Бумалардың түрлері:
1. Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады, мысалы: [pic] [pic] - жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі
2. Жұмысшы бумалар. Пайдаланушылардың өздері құрады. Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Олар келесідей стандартты белгімен жабдықталады: [pic]
Мұндай бумаларды олардың белгішелерін екі рет шерту арқылы ашады.
Жарлықтар (ярлык)– нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Ол келесідей түрде [pic] белгіленеді.
V. Жаңа тақырыпқа арналған тапсырмалар
1. Сәйкестендіру
І топ -«Ақпарат» тобы ІІ топ-«Компьютер» тобы
[pic] Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан процессор
[pic] [pic] Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылысы
255
[pic] [pic] [pic]
255
[pic] [pic] [pic]
колонка
[pic] Компьютердің миы
терезе
[pic] Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады?
монитор
[pic] Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
бума
[pic] Файл атының ұзындығы неше символ ға дейін болуы мүмкін
бит
Windows сөзінің қазақша атауы
informatio
Ақпараттың ең кішкентай өлшем бірлігі
жарлық
Файл атының ұзындығы неше символ ға дейін болуы мүмкін
информатика
Дыбыс шығару құрылғысы
корзина
2. Суреттерді сәйкес папкаға сал: Файлдар, Жарлықтар, Бумалар
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
3 [pic] . Ребусты шеш (І топ)
Ребусты шеш (ІІ топ)
[pic]
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Тест
1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) файл
B) бума
C) программа
D) құжат
2. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
B) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
C) Арнайы түрде құрылған файл
D) Мәтіні бар файл
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100
B) 200
C) 50
D) 255
4. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
B) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
C) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі ретшерту
5. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?
А) ішіне салынған
B) ата-аналық
C) каталог
D) түпкі
6. Белгіше [pic] игры – ол:
А) файл
B) бума
C) жарлық
D) компьютер
7. Белгіше [pic] игры – ол:
А) файл
B) бума
C) жарлық
D) компьютер
8. Белгіше [pic] – ол:
А) жүйелік бума
B) жұмысшы бума
C) жарлық
D) файл
9. Файлға дейінгі толық жол: C: [link] .
10. Отправить→Рабочий стол (Создать ярлык) бұйрығы:
А) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады
B) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады және оны Жұмыс үстеліне жөнелтеді
C) Көрсетілген нысанды жарлыққа ауыстырады
D) Жаңа бума құрып, оның ішіне жарлық құрады.
Тестті бағалау парағы
Бағасы
9-10
5
7-8
4
5-6
3
VІІ. Үйге тапсырма.
&11, бақылау сұрақтарына жауап беру, тапсырмаларды орындау (94-ші бет).
«Информатика» сөзінен сөз құрастыру.
VІІІ. Қортындылау. Түйіндеме.
ХІ. Бағалау.
Бағалау парағы
Оқушылардың тізімі
Үй
тапсырмасы
Өткенді қайталау (ауызша)
Тапсырмалар
Қорытындылау (тест)
Бағалау
1
Әліқұл Құралай
2
Байдалин Темирлан
3
Боранбаева Майра
4
Ерсін Диас
5
Жақсылықова Феруза
6
Нүрпейіс Томирис
7
Каримжанова Асель
8
Мұратова Ақтұрсын
9
Тұрғанбай Болат
10
Умарова Фатима
11
Умарова Зухра
12
Саматова Гүлсая
13
Сейдакпар Керімбек
14