Планы на тему Word

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Берілген уақыт

Пәні: Информатика

Мерзімі: 13.03.2014 жыл

Сыныбы: 8«Ж»

Сабақтың тақырыбы:

1. Мәтіндік процессорда кестелермен жұмыс жасау

Сабақтың реті:

2-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Кестелер. Кестелерді құрады, Кестелерді редакциялайды, кесте ішіне мәлімет енгізеді және пішімдейді

Күтілетін оқу нәтижелері:


Оқушылар мәтіндік процессорда кесте құра алады,

- мәтін енгізеді және пішімдейді;

- ұяшықтармен жұмыс жасауды біледі;

- оқушылар диаграмма құруды үйренеді.

Түйінді идеялар:

Мәтіндік процессорда кесте құру және кестенің барлық мұмкіндігін пайдалана отырып жұмыс жасауды меңгеруі

Сабақтың типі:


Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сәлемдесу, айналмалы бекет, ойлан, бірік, бөліс әдісі, ыстық орындық, анкета

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І Қызығушылығын оятукезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 мин

1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Сәлемдесу» ойсергегін жасайды

Оқушылар бір-бірімен төрт түрлі әдіспен амандасады.

1 мин

2-әрекет . Осы ойындағы «Танымайтын адам, мұғалім мен оқушы, сыныптастар» арқылы топқа бөлу.


Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

5 мин

3-әрекет. «Айналмады бекет» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар әр топқа берілген сұраққа жауап беріп топтарды айналып шығады, соңында өз тобындағы жазылған жауаптарды түйіндеп, топтан бір адам жауап береді

1 мин

4-әрекет . Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады

Топтар бір – бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды

3 мин

5-әрекет. Топтық жұмыс: Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, мәтіндік процессорда кестелерді құру, кестелерді түрлендіру туралы слайд көрсету


Слайдтағы материалдарды талқылау арқылы, жаңа сабақтың мағынасын ажыратады

10 мин

6-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста кестені қолданудағы тиімді жақтарын талқылайды


Оқушылар топта кестені не үшін пайдаланады, кестенің тиімді жақтарын қандай, кестені кандай жолдармен құрады сол жайында постер дайындайды. Оны топ мүшелері қорғайды, жариялайды, топ арасында талқылайды.


1 мин

7-әрекет . Стикерді пайдалану арқылы постерді бағалау

Топтар бір-бірінің жұмыстарын стикер жабыстыру арқылы бағалайды


ІІ Мағынаны тану кезеңі:

5 мин

8-әрекет. Жеке, жұппен, топпен жұмыс:

Компьютерде кестенің түрлерін құру және оған мәтін енгізу тапсырылады

Оқушылар берілген тапсырма бойынша компьютерде жұмыс жасайды

1 мин

10-әрекет . Бағалау

Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын орындарын ауыстыру арқылы бағалайды


2 мин

11-әрекет . Сергіту жаттығуын жасату

Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген қимылдарды қайталау арқылы сергіту жаттығуын жасайды

8 мин

12-әрекет. Жұптық жүмыс

Ой қозғау әдісі бойынша оқушылар кестенің басқа да мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылады.

Оқушылар жұптасып EXSEL бағдарламасында жұмыс жасап, диаграмма құруды үйренеді

1 мин

13-әрекет . Үй тапсырмасы

Үйге кестелер туралы оқып келу. Күрделі кестелерді құру тапсырылады

3 мин

14-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау

Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі

2 мин

15-әрекет. Жеке жұмыс:

«Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату


Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.

Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды.



Мұғалім

Байбалақова Зейнегүл Қырғызбайқызы


Тренер

Есентаева Айжан