«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Б.Жоланов.
Сабақ жоспары
Информатика Мерзімі: 24.02.2016 жыл
Аралық байланыс
Кестелер. Кестелерді құру Негізгі идея:
Word мәтіндік процессорында кестелерді құруды жүзеге асыру
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар
Word мәтіндік процессорында кесте құру батырмаларымен танысу
Оқушылардың көпшілігі
Word мәтіндік процессорында кестелерді кірістіру және салу жолдарын үйрену
Жекелеген оқушылар
Word мәтіндік процессорында кестелерге деректерді енгізу және кестелер бойымен жылжу жұмыстарын тәжірибе жүзінде іске асыру
Құндылықтар:
Қауіпсіздік ережесін сақтау, өзгенің пікірін тыңдау, құрметтеу, ұйымдасқан іс-әрекет
Лексика:
Бет өлшемдері, ернеу, печать, баспаға шығару
Табыс критерилері Барлық
оқушылар
Топтық жұмысты орындай отырып, Word мәтіндік процессорында кесте құру батырмаларымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі
Жұптық жұмыс кезінде Word мәтіндік процессорында кестелерді кірістіру және салу жолдарын үйренеді.
Жекелеген оқушылар
Топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында Word мәтіндік процессорында кестелерге деректерді енгізу және кестелер бойымен жылжу жұмыстарын тәжірибе жүзінде іске асырады.
Сабақ кезеңдері
іс-әрекеттер кезеңдер
Мұғалім әрекеті
Оқушылар әрекеті
Ресурстар
Сабақты ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдеседі.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жағымды ахуал тудырады.
- Сыныпты топқа бөледі.
- Мұғаліммен сәлемдеседі.
- «Мен күлемін» смайликтерді таңдай отырып, олардың іс-қимылдарын қайталайды.
- Смайликтер көмегімен сынып екі топқа бөлінеді.
Смайликтер
Үй тапсырмасын пысықтау
Алдыңғы тапсырмаларды еске түсіреді. «Бас қатырғаш смайлик» ойыны арқылы оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтарын тексереді.
«Басқатырғыш смайлик» ойыны арқылы үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.
Смайликтер
Білімді тиянақтау, жинақтау
Оқушылардың білімін жинақтап, қорытындылау үшін жан-жақты сұрақтар қояды. Нәтижесі жаңа сабаққа бағытталады.
Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді.
1. Алдын ала қараудың негізгі қызметі қандай?
2. Құжаттың толықтай қатесін тексеру қалай жүзеге асады?
Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер
Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін видеоролик ұсынылады.
Оқушылар видеороликті көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға тырысады.
Инт. тақта, видеоролик
Жаңа білімді игеру
Топтық тапсырма беріледі.
Топтық жұмыста оқушылар сұрақ қою жұмыстарын атқарады.
Таратпа қағаздар
Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау
Жұптық тапсырма беріледі. «Пошта сұрақтары» атты 4 конвертке
2 сұрақтан жазылған тапсырма беріледі.
Оқушылар конверттегі сұрақтарға жауап береді.
(Дұрыс жауаптармен салыстыру арқылы өздерін бағалайды)
Үлестірме қағаздар, бағалау парағы
Жаңа білімді бекіту
Жеке жұмыс беріледі. Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беріледі.
Практикалық жұмыс арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгергендіктерін дәлелдейді.
Кеспе қағаздар
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру
Қосымша тапсырмалар беріледі.
Күнделікпен жұмыс жасайды
Күнделік
Сабақты қорытындылау (кері байланыс)
Кері байланыс
Өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіру үшін смайликтің суретін салады және пікірін қалдырады.
Қағаздар
Пән мұғалімі: Н.Садыбаева