Компьютерлік графика және дизайн

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Павлодар білім басқармасының облыстық мұғалімдер біліктілігін

арттыру институты

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекеме










Компьютерлік графика және дизайн

7-сынып




[pic]







[pic]














2016 жыл

Құрастырған: Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Убабаева Балнур Толеубаевна








Бағдарлама мазмұны оқушыларды информатика пәніне қызығушылықтарын арттырып, ақпараттық сана сезімін дамытуға, жаңа технологиялық білімдерін байытуға және сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
























БЕКІТЕМІН: Мектеп директоры: А.Е. Ошимова

__________ «_____» __________________ 2016 жыл





КЕЛІСІЛДІ: директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Н.Б.Азмагамбетова

__________ «_____» ______________________ 2016 жыл



ТАЛДАНДЫ:әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Қ.Есеналинова

__________ «_____» ______________________ 2016 жыл


ПІКІР

«Компьютерлік графика және дизайн» таңдаулы курсы информатика пәніне проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналаған. Арнайы жинақталған тапсырмалар заман талабына сай, жоғарғы сынып оқушылар бойына негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында жасалды. Ақпараттық бiлiм мен тәрбие және оқушылардың кәсіби дайындықтарының арасында сәйкессiздiк бар.

Бiздiң пайымдауымызша, ақпараттық бiлiм беру төмендегiдей бiлiктiлiктерге сүйенедi: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауларға сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелдi пiкiр айта бiлу, мәлiмдей бiлу, ақпараттық категориялар мен көрсеткiштердi пайдалана бiлу; сондай-ақ оқуда және өз қызметтерiне компьютерлiк техниканы еркiн пайдалана бiлуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн игеру; өзiндiк оқу мен өзiндiк iс-әрекеттiң қалыптасуына әсерiн бағалай бiлу; практикалық iс-әрекеттерге байланысты түрлi мәселелердi шешудiң тиiмдi тәсiлдерiн таба бiлу.

Бағдарлама жүйелілік, нақтылық, тұтастық, үздіксіздік, оқу материалы оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы қағидалары негізінде құрастырылды. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қызықты деңгейлiк тапсырмалармен сұрақтар, компьютердегі практикалық жұмыстар қарастырылған. Яғни оқушылардың білік дағдыларын жан-жақты дамытуға арналған құрал.











Аннотация


Бағдарламаның өзектілігі:

Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту .

Оқушының ақпараттық танымын дамыту , білімін кеңейту және тереңдету, оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ойлау қабілетін дамыту мақсатында 7 сыныпқа арналып «Компьютерлік графика және дизайн» атты арнайы бағдарлама құрастырылды.


























Түсінік хат


Бұл бағдарлама 13 – 14 жас аралығындағы 7 сынып балаларға арналған информатика бағытындағы «Компьютерлік графика және дизайн» үйірмесіне арналған.

Компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып графикамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, іскерлік қасиетін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын тереңдетуге бағытталған.

«Компьютерлік графика және дизайн» тақырыбындағы үйірме балалардың графикалық редакторлар түрлерін білуіне ықпал жасайды, олардың қолданылу аясын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады. Бағдарламада баланың кеңістік пен уақыт туралы көркем көзқарастарын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру, жарнама, шақыру қағаздары, презентациялар жасау мен киноларды өңдеу жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

Paint, Power Point, Picture Manager, Potoshop, Pinakle, Movie Maker  бағдарламаларында кез келген тапсырманы орындауға, осы программалардың арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Үйірмеге қатысушылар осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.

Paint, бағдарламаларында бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалануға үйретеді. Windows ортасындағы Movie Maker,  Pinakle бағдарламасында фильмді монтаждау мүмкіндіктерін меңгеріп, өз жұмыстарын жасайды.

Potoshop немесе Core Draw программасымен фотосуреттерді өңдеу, қалпына келтіру, фотомонтаж жасау т.б. көптеген жұмыстарды үйренеді.












Үйірменің мақсаты мен міндеттері:


Мақсаты:

●  Білімділік: қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру, компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, графикалық редакторлардағы жаңа ұғымдармен таныстыру, көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда құрал-жабдықтардың қызметтерін есінде қалатындай етіп қабылдауға үйрету.


Тәрбиелік: жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және сол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.


Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын  орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін, кеңсітк пен уақыт туралы ұғымын  дамыту, графикамен жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.



Міндеттері:

  • Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың дизайн мамандығына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

  • Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл,  жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылардың төмендегідей іскерлік дағдылары қалыптасады:

- меңгерту;

- пысықтау;

- дәлелдеу;

-бағалау;

-қорытындылау.

 




Оқу пәнінің базалық мазмұны

(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)

1.Кіріспе(1 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы.


2.Компьютерлік графика(27 сағат)


Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.

. Paint графикалық редакторы.

Power Point бағдарламасында   слайд-фильм құру.

MS Picture Manager, AutoCollage 2008   бағдарламарымен суреттерді өңдеу. Potoshop бағдарламасымен жұмыс.



3.Видео бағдарлау пакеті. (6 сағат)

Windows Movie Maker бағдарламасында фильмді монтаждау.


 















7-сыныпта “Компьютерлік графика және дизайн”

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

 

Сағат саны

(теория,

практика)

Сабақтың мазмұны

Мерзімі

ескерту

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы

1

Оқушыларға қауіпсіздік және тәртіп ережелерін түсіндіру. Зақымданған оқушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарын ұғындыру.



2

Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.

1

Компьютерлік графика туралы түсінік. Кескіндер-дің құрылу әдістеріне байланысты бөлінетін графикалар туралы түсінік беру.



Paint графикалық редакторы

3

Paint графикалық редакторымен танысу. Құрал-саймандармен жұмыс. Суретті сақтау жолдары және оны редакторда жүктеу

1

Paint графикалық редактор терезесімен танысу.

Paint графикалық редактор терезесінде ор-наласқан құрал – саймандармен жұмыс жасау



4

Шығармашылық жұмыс.

Тақырып: Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері

1




Paint графикалық редакторында қосымша мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сурет салу.



Power Point бағдарламасы

5

Power-Point бағдарламасымен таныстыру. Презентация құру тәсілдері.


1

Power-Point бағдарламасында қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып презентация құру.



6

Power-Point бағдарламасында слайдтарға эффект қою, музыка енгізу әрекеттері.


1


Презентация құру және слайдтарға эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрену



7

Шығармашылық жұмыс

Тақырып: «Екібастұз қаласының әдемі жерлері»

1

Презентация құру және слайдтарға эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрену



8

Шығармашылық жұмыс Тақырып: «Менің жанұям»

1

Презентация құруға керекті материалдарды әзірлеу. Презентация құру және слайдтарға эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрену



9

Шығармашылық жұмыс Тақырып: «Наурыз құтты болсын!»

1

Презентация құруға керекті материалдарды әзірлеу



Movie Maker бағдарламасы

10

Movie Maker бағдарламасының атқаратын жұмысы.

Movie Maker бағдарламасы терезесі. Фильмге түсініктеме

1

Movie Maker бағдарламасында фильмдер құру кезінде эффектілер қосу және басқа да бағдарлама мүмкіндіктерді қолдану.

Фильмдерге эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрену

Movie Maker бағдарламасында фильмдер құру

Movie Maker бағдарламасында фильмдер құру



11

Видео ролик жасау және сақтау.

1



12

Файл және конвертермен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс Тақырып: «Менің сыныбым»

1



13

Сандық камераның видео сюжетін қию

1



14-15

Windows Movie Maker програмасында роликтер жасау

2




MS Picture Manager бағдарламасы

16

MS Picture Manager бағдарламасының интерфейсі

1


Бағдарлама терезесіндегі элементтердің атауларын, мағанасын, қолдану жолдарын үйрену, лекция жазу



17

MS Picture Manager бағдарламасы көмегімен суреттерді өңдеу

1


Берліген сурет бөлігін жеке қиып алуды үйрету.



18

Практикалық жұмыс: Берліген суретті тапсырыс бойынша өзгерту

1

Суреттің бөлігін жеке қиып алып компьютерде сақтау, презентацияға қою...



19

Шығармашылық жұмыс:

MS Picture Manager, Power Point бағдарламаларын қолданып Екібастұз қаласы колладжын жасау.


1

Екібастұз қаласының әртүрлі жерлерін суретке түсіріп әкеліп колладж жасау.




AutoCollage 2008   бағдарламасы

20

AutoCollage 2008   бағдарламасының интерфейсі.

1

Бағдарлама терезесіндегі элементтердің атауларын, мағанасын, қолдану жолдарын үйрену, лекция жазу



21

ПЖ: AutoCollage 2008   бағдарламарымен колладж жасау.

1

Үйріме мүшелерінің әртүрлі жағдайда суретке түсіріп әкеліп колладж жасау.



22

Шығармашылық жұмыс: «Біздің ұжым»

1




Potoshop бағдарламасы

23

Adobe Photoshop программасының құралдарымен танысу

1

Бағдарлама терезесіндегі элементтердің атауларын, мағанасын, қолдану жолдарын үйрену, лекция жазу

Ескі суретті өңдеп, жаңа етіп шығару жолын меңгереді.

Фотосуреттің мазмұнын өзгертуді үйренеді

Электрондық оқулық PotoshopMaster

арқылы оқу






Электрондық оқулық мазмұны бойынша



24

Adobe Photoshop

обьектіні өзгерту

1




25

Мәтін эффектілері. Эмблема жасау

1



26

Эффекті жасау.

1




27

Күрделі бейнелер құру.

1



28

Анимация құру: кадр, кадрлармен операциялар жасау.

1




29

Комбинация

1



30

Коллаж жасау

1



31

«Мерекелік ашық журнал» макетін құру жобасын қорғау

1



32

ЭУ: Илюстративные уроки Фотошоп001,002,003

1



33

ЭУ: Илюстративные уроки Фотошоп 004, 005, 006

1



34

Қорытынды сынақ

1


















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 8-9 сынып оқулығы.

  2. Кирсанов Д. Web-дизайн: Книга Дмитрия Кирсанова. СПб: Символ-Плюс, 1999.

  3. Мильбурн Н. Секреты специальных эффектов Photoshop 4. СПб.: Питер, 1998.

  4. Панкратова Т. Photoshop 6: Учебный курс. СПб.: Питер, 2002.

  5. Электрондық оқулық: PotoshopMaster