« [pic] №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Пән мұғалімі: Сүлейменова А.І
2015-2016 оқу жылы
К [pic] үні 06 .02 .2016 ж
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6 «б»
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде ұйымдастыру туралы білімдерін қалыптастыру. Кесте құруды үйрету.
Білімділік: Оқушыларды мәтінді кесте түрінде безендіру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Техникалық тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ меңгерту
Сабақ әдісі: Баяндау , сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілігі: Компьютер, дискет.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезең: (2мин)
а) оқушылармен амандасу, түгендеу;
б)назарларын сабаққа аудару;
в)сабақ барысымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
Билет№1
Мәтінді форматтау әрекеттері қандай?
Билет№2
Тізім түрлері?
Тізім жасау қалай жүзеге асырылады?
Билет№3
Қаріп терезесінде қандай өзгертулер жүргізуге болады?
Билет№4
Тізім деп нені түсінесің?
Тізімнің түрлерін ата?
І [pic] ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. (15 мин)
Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.
Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.
Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау
Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету
ОК батырмасын басу
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:
Кестені құру (Создать таблицу) [pic] – кестенің немесе оның элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған
Өшіргіш (Ластик) [pic] – кесте шекарасының сызықтарын жояды
Сызықтар типі (Тип линии) [pic] – кесте шекарасының типін тағайындайды
Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии) [pic] – кесте шекарасының қалыңдығын тағайындайды
Шекараның түсі (Цвет границ) [pic] - кесте шекарасының түсін тағайындайды
Шекара менюі (Меню Границы) [pic] – таңдалынған шекараларды ерекшелейді
Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу) [pic] - жаңа кестені немесе оның элементтерін кірістіреді
Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) [pic] –ерекшеленгендерді бір ұяшыққа біріктіреді
Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) [pic] – ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі
Теңестіру (Выравнивание) [pic] – ұяшықтардың ішінде мәтінді теңестіруді тағайындайды
Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк) [pic] – жолдарды биіктігі бойынша теңестіреді
Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов) [pic] – бағандарды ені бойынша теңестіреді
Автоформат [pic] – Кестелерді безендіру мәнерін тағайындайды
Мәтіннің бағыты (Направление текста) [pic] – ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгертеді
Сұрыптау (Сортировка) [pic] и [pic] - ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді өсуі және кемуі бойынша сұрыптайды
Автоқосынды (Автосумма) [pic] – ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді қосындылайды.
[pic]
IV. Компьютермен жұмыс: (12 мин)
А деңгейі
Суреттегі кестені компьютерде орында:
В деңгейі
Мәтіннің бағытын бұру бұйрықтарын дұрыс орындап, кестені толтыр:
Мәтінді бұру
Мәтінді бұру
Мәтінді бұру
С деңгейі
Кестені құрыңдар және толтырыңдар:
1
6
2
7
3
8
4
9
5
10
IV.Сергіту жаттығулары.(2 мин)
Бейнежазбаға қарап оқушылар жаттығу жасайды.
V.Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары: (5 мин)
1.Кесте дегеніміз не?
2.Кесте мен шекара тақтасы батырмаларының міндеті?
3.Кестені құру әрекеттері?
4. Кестенің соңына жаңа құжатты қалай қосуға болады?
5.Бір мезгілде бірнеше баған немесе жол қосуға бола ма?
V [pic] I.Оқушыларды бағалау.
Әр оқушыға фишка таратылып, сонымен бағаланды.
[pic] [pic] [pic]
VІІ. Рефлекция (2 мин)
Не ұнады?
Не қиын болды?
Сабақта түсінгенім?
VIІ.Үйге тапсырма: Кесте құру. Тест сұрақтары.