Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бекітемін:..................
Күні:
Сыныбы: 5 сыныптар
Сабақ тақырыбы
Компьютердің қосымша құрылғылары және компьютер туралы түсінік
Жалпы мақсаты
компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыра отырып, маңызын үйрену
Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.
Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Нәтиже
Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзін бағалауға, өзгені тыңдай білуге, құрылғыларды бір - бірінен ажырата біледі.
Сабақ түрі
жаңа сабақ
Тапсырмалар
*топтық жұмыс, жеке жұмыс,оқушылар шығармашылығы, ізденіс жұмысы
*АҚТ арқылы тапсырмалар орындау, қолдана білу. *өздік жұмыс(деңгейлік тапсырмалар, оқулықпен жұмыс)
*рефлексия парағын толтыру;
Әдіс-тәсілдер
СТОҮ, дарынды баланы оқыту, ЖЕС, көшбасшылық, бағалау, АКТ, оқытудың жаңа тәсілдері
Керекті жабдықтар
Оқулық, қосымша материалдар, интерактивті тақта, топшамалар
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, сергіту жаттығуын жасау.
Конфет түсі арқылы 3 топқа бөлу (қызыл, жасыл, сары) -Бүгінгі сабаққа дайындықтарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы ма? Ендеше әдеттегідей топқа бөлінейік. Сабақ барысында топтық ережені үнемі есте сақтап отыруларыңызды сұраймын.
Үй тапсырмасы:
Компьютер туралы мәліметтер оқу жина реферат
"Еске түсірейік" (лездеме сұрақтар)
"Он сұрақ" әдісін қолданамын
Сұрақ-жауап арқылы жасырылған жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
"Принтер", "Модем" - ол қандай құрылғы. (қосымша құрылғылар). Олай болса бүгінгі тақырыбымыз "Компьютердің қосымша құрылғылары"
Компьютердің қосымша құрылғылары және компьютер туралы түсінік
Жеке жұмыс жүргізу (оқулықтағы мәтінді жеке, топпен талқылау) қосымша ресурс тарату "Суреттер сөйлейді"
1 топ- сканер, джойстик
2 топ-принтер, колонка
3 топ- модем, диск,флэш-жады
Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді ? Қайсысы шығаруға?
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .
(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .
Ақпарат тасығыштар :
қатты диск (винчестер) ;
жұмсақ диск (дискета ) ;
лазерлік дискілер ;
флеш –жады.
Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Жұмсақ дискі – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.
Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшамдискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – флеш – жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш –жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан –жылға артып келеді. (Суреттерге сипаттама беру)
Кезекші жоқ оқушыларды атайды, оқушылар топқа бөлінеді. Сергіту жаттығуын жасайды
Топтық ережені ұстанып,өз-өздерін реттейді.
Конфет тарату арқылы ішіндегі қағаздың түсіне қарай төрт топқа бөлінеді.
Оқушылар үйге берілген тақырыпты естеріне түсіреді. Оқушылар эсселерін оқуға дайындалады, сұрақтарға жауап береді
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады
Оқушылар алдымен мәтінді оқиды, топта талқылайды. Қосымша ресурспен жұмыс жасайды. Суреттерге топпен талдау жасайды, сипаттама береді.
Тапсырма:
1. Жасырылған суреттер құпиясы
2.Информатикалық жұмбақтар шешу
3. Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау
Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады.
Рефлексия
Стикер арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады. (Бүгіні сабақта не ұнады ,қандай әсер алды,өз ойларын жазу)
Не үйрендім?
Мен үшін қиын болды
Мен үшін қызықты
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып көңіл-күй смайлигінің астына жабыстырды
Қорытынды
Бекіту: Рефлексия.
Бағалау. Оқушылар бағдаршам арқылы бүгінгі сабақты бағалайды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Үйге тапсырма
Тест тапсырмасын орындап келу