Баяндама Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқыту.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқыту.


Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға , оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағғыту, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушщы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей ( орташа жағдай), бағдарламалық , күрделенген деңгей.

  4. оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі ьолу үшін:

    • жеке тұлға ерекшеліктеріне;

    • психолдогиялық даму ерекшеліктеріне ( есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне!;

    • пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс - әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;

сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Сонда көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлінеді :

  1. Сабақтың мазмұны

  2. Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау.

  3. Сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам: Оқушыларды ЭЕМ-нің негізі мүмкіндіктерін толық меңгерту, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Өзім сабақ беретін 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын топқа бөліп оқытьу тәжірибесін қолданып келемін. Әр топқа жетекші сайлаймын. Әр топта 4-5 оқушыдан. Бұлай оқытудың тиімділігі нашар оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалып қалмайды. Берілген тапсырманы орындағанда қысылмай өзара ақылдасып, бірі түсінбеген тапсырманы 2-сі түсіндіруге тырысады. Тағы да осы тапсырманы өзі орындауға мүмкіндік алады.

Сабақта академик В.М Манаховтың технологиялық картасын қолдануға тырысамын. Технологиялық карта- болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері белгіленуі керек. Осы берілген оқыту технологиясы дұрыс жобаланған болу үшін онда міндетті түрде бес элемент қамтылуы керек:

  1. Мақсат қою.

  2. болжау.

  3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен компьютерде орындайтын практикалық жұмыстары.

  4. Логикалық құрлым.

  5. Түзету.

Оқу үрдісінің педагогикалық тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құрылады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызыметтерін қарастырайық.





  1. Технологияның негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын ма қсаттарды анықтау.

  2. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейін жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру. Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қарай отырып оның өз деңгейін өз анықтауға мүмкүндік беруге тырысамыз, яғни білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап аламыз.

  3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен компьютерде орындайтын тапсырмалар мөлшерін белгілеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты- оқушылардың ЭЕМ-ді мегеру арқылы болжау тапсырмаларына дайындығы .

  4. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрлымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады.

  5. Технологиялық картаның ең соңғы « Түзету» бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, ЭЕМ-ді мегере алмаған, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған.

Бұл бөліктегі негізгі үш жағдай қамтылады.

Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.

Екінші- өтьілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.

Үшінші- өз бетінші ЭЕМ –де орындау мүмкіндігі аз.

Төртінші – оқушы білім стандарт деңгейіне дейін көтеру үшін қолданылатын педагогикалық және методикалық түрдегі іс – шаралар.

Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмыстары болады, яғни осы аталған төрт жағдай әр мақсат үшін жеке-женке жазылады.