Кунтiзбелiк жоспар 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[link] );

  • Inkscape графикалық редакторы интерфейсінің айрықша элементтері: ағымдағы құрал панелінің параметрлері, жабысу панелі, кенеп (холст) жэне бет, түстер палитрасындағы айналдыру жолағы;

  • интерфейс тілін баптау;

  • Inkscape-те меншікті SVG пішімі қолданылады (масштабты векторлық графика) жэне EPS, PostScript, Dia, АІ, Sketch, PNG, TIFF, JPEG, XPM, GIF, BMP қүжаттар пішімі қүпталады;

  • бағыттаушыларды жэне торларды дэл позициялауға қолдану;

  • сұхбаттарды қолдану;

  • түстерді таңдау ерекшеліктері (түс кодында альфа-канал параметрлері көрсетілген);

  • ерекшелеудің, ауыстырудың, айналдырудың, нысандарды трансформациялаудың жалпы жэне эртүрлі тәсілдері;

  • көшіру мен қосарлаудың айырмашылығы;

  • әрекеттердің тарихын пайдалану;

  • қүралдар параметрі панелін қолдану.

    1. Жаңа материалды бекіту

    Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

    1. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

    1-тапсырма Inkscape графикалық редакторы терезелері элементтерінің атауларын жаз.


    2-тапсырма

    Inkscape-те қайтару эрекеттері тэсілдерін сипатта.

    1. Ctrl + Z;

    2. іс-эрекеттер тарихын түзету, қайтарымды орындаудағы жерге дейінгі тізімдегі әре- кеттерді басу;

    3. Құралдар панеліндегі Щбатырманы басу.

    4-тапсырма «Құралдарға арналған пернелер» кестесін толтыр.

    Құрал

    Перне

    ерекшелеу

    F1

    масштаб

    F3

    өшіргіш

    Shift + Е

    тұтастай құю

    Shift + F7

    VШ Қорытындылау

    Тәжірибелік тапсырмалар мен жұмыстардың орындалуын бағалау.

    Векторлық графикалық редакторға арналған қорытынды тәжірибелік жұмыстың тақырыбын талдау. Оқушылар өздерінің тақырыбын ұсынып, тарауды оқу барысында жұмыстарды орындап, мұғалімге аралық нэтижелерін көрсетіп, бірнеше тапсырмалар орындауларына болады. Оқушылардан жұмыс нэтижесінің сипаттамасын скриншотта- рымен талап ету (плагиаттан қорғау).

    IX Үй тапсырмасы

    §21,22 оқу, бақылау жэне тест сұрақтарына жауап беру. Эскиз құру жобасымен жұмысты бастау

    §21 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сұрақтарының кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    A

    B

    C

    C

    C


    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 22 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

    Сабақтың мақсаты:

    • нысандармен әрекеттер орындауды үйренуді жалғастыру: қосарлау, нысандарды көшіру және клондау, топтастыру және ажырату;

    • нысандарға қарапайым трансформацияларды қолдану.

    Оқушылар білуі тиіс векторлық нысандармен қандай амалдар орындауға болатынын, нысандардың көшірмесін алудағы эртүрлі тәсілдердің айырмашылығы неде екенін.

    Оқушылар үйренуі тиіс: нысандарды орналастыруды, ауыстыруды, бұруды, түрлендіруді (трансформациялауды), қосарлауды, клондауды, ізбе-із көшіруді, топтауды, таратуды.

    Сабаңтың ілеспесі: көрсету (Lesson 23\Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру-pps)

    Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою (1 мин)

    3. Үй тапсырмасын тексеру (9 мин)

    4. Білімді өзектендіру Сұрақтар: (2 мин)

    1. MS Office-те нысандарды деңгейлері бойынша бөлуді қалай орындадыңдар?

    2. Нысандармен тағы қандай амалдарды орындауға болады?

    3. Paint графикалық редакторында сурет фрагментінің көшірмесін қандай тәсілдер арқылы алуға болады?

    4. MS Office-те нысанның бөлігін көшіріп алуға бола ма?

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену (10 мин)

    Оқушыларға оқулықтың тәжірибелік тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру.

    Жұмыс барысында пайда болған сұрақтарды талдау.

    Нысандарды түзету жэне бөлу арқылы бір сызықтың бойына тегістеуге немесе бір-бі- рінен бірдей қашықтыққа белуге болады.

    Күрделі композицияларды топтастырудың маңыздылығына тоқталған жөн (оларды бұзбай, кейіннен бір нысан ретінде пайдалану үшін).

    Нақты түрлендірудің (трансформацияның) интерактивті түрлендіруден айырмашы- лығы барлық параметрлерінің сан түрінде түрлендіру (трансформациялау) сұхбатында берілуінде екендігіне оқушылар назарын аудару (Нысанды => Түрлендіру).

    Нысандарды клондағанда назарда ұстайтын нэрсе: бір ғана түпнұсқа бар, оның өзгеруі барлық клондардың өзгеруіне экеледі. Клонның өзгеруі өзі жасалған түпнұсқа мен басқа клондардың өзгеруіне эсер етпейді.

    Оқушылар назарын клондау параметрлерін баптау мүмкіндіктеріне аудару (Файлды => Баптау => Inkscape => Клондар), клондаумен тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беру.

    • Тәжірибелік жұмыс (19 мин)

    Жүмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.


    Компьютерде тәжірибелік жұмыстың деңгейлік тапсырмаларын орындау.

    1. Қорытындылау (2 мин)

    Тәжірибелік жұмыстың орындалуын бағалау.

    1. Үй тапсырмасы (1 мин)

    §23 оқу, тэжірибелік жұмыстың барлық деңгейлерін орындау, бақылау, тест сүрақтарына жауап беру.

    §23 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сүрақтарынын кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    С

    D

    D

    B

    D



    Мерзімі____________________ Тексерілді__________


    Сынып_____________________ № 23 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

    Сабақтың мақсаты:

    басқа нысандардан арнайы құралдарды пайдаланып, контур жасап үйрену, олармен бірге әрекеттер жасау.

    Оқушылар білуі тиіс: контурды анықтауды; Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қалам құралдарының көмегімен контур кезеңдерін салуды.

    Окушылар үйренуі тиіс: Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қаламды пайдаланып, фигуралардан контур жасауды, ерекшелеуді, түйін (узел) құралының көмегімен түйіндерді редакциялауды; контурлық эсерлерді қолдануды.

    Сабақтың ілеспесі: көрсету (Lesson 24\ Контурды жасау жэне редакцияла.ррs).


    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Білімді өзектендіру

    Өткен сабақтағы компьютерде орындалған тәжірибелік тапсырмалардың орындалуын талдау, кездескен қиыншылықтар мен уақытты көп алған тұстарына тоқталу.

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену

    Проблемалық жағдаят. Қалаған суретті алу үшін фигураларды қолдану жеткілікті ме?

    Тек қана сурет салу құралдарын пайдалану арқылы кескінді алуға болмайтынын көрсететін көрініс дайындау. Оқушыларға өз тәсілдері арқылы кескінді алу мүмкіндігін беру. Оқушылар нысандарды түрлендірудің жеткіліксіз екендігі, редактордың арнайы мүмкіндіктерін пайдалану керектігі туралы қорытынды жасауы қажет.

    Түйіндерді редакциялау, фигураларды өзгерту, қисық сызықтармен жұмыс жасау үшін қолданылатын құралдардың ерекшеліктерін көрсету.

    Оқушыларға «контур» анықтамасын тұжырымдауды ұсыну.

    Нобайлардың түстік шешіміне, тінтуір мен пернетақтаны қолданудың ерекшелікте- ріне, кескіндерді редакциялаудағы түйіндер санының маңызына, контурды автоматты түрде жеңілдетуге назар аудару.

    Оқушыларға Қалам (Перо) құралының көмегімен түзу сызықты жасаудың алгоритмін құруды ұсыну (тақтаны қолдану).

    Оқушылардан контурды үзу, тұйықтау қажеттілігіне мысалдар келтіруді сұрау.


    • Тәжірибелік жұмыс

    Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

    1. Қорытындылау

    Компьютерде тэжірибелік тапсырмаларды орындауды бағалау.

    1. Үйтапсырмасы

    §24 оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейлерін орындау, бақылау сұрақтарына жауап беру.


    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 24 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіндік блоктар құру

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Inkscape векторлық графикалық редакторында мәтінмен жұмыс жасау жолдарын білу.

    Дамытушылық: Inkscape-те мәтіндік блоктар құра отырып, құжаттарды әсемдеуде ой-өрісін, шеберлігін дамыту.

    Тәрбиелік: Ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас сабақ.

    Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Inkscape редакторы, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар.

    Сабақтың пән аралық байланысы: Сурет, сызу, қазақ тілі, әдебиет.

    Сабақ барысы: Ұйымдастыру. 1-2 мин оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.

    Үй тапсырмасын тексеру. А) Нысандарды бұру, орын ауыстыру, түрлендіру?

    Ә) Нысандарды топтау, қосарлау, клондау?

    Жаңа сабақты түсіндіру.

    Мәтін құралы жақтауды және қарапайым мәтінді жасай алады. Мәтін параметрлерін баптау Мәтін-Мәтін-және шрифт терезесінде жүргізіледі.


    Осы терезеде Қаріп түрін, сызылымын, өлшемін, орналасуын өзгертіп сақтау керек. Ары қарай жазылған мәтінді ерекшелеп алып, оны үлкейтіп, кішірейтуге болады. Мысалы мәтінді ерекшеленде жан-жағынан шыққан тілсызықтар арқылы өлшемді өзгерту оңай-ақ.



    Inkscape-те жаңа абзацқа көшу дәл солай ER пернесін басу кер ек, бірақ, мысалы үзілмейтін бос орынды енгізу үшін Ctrl+ бос орын пернелер үйлесімі қолданылады. Арнайы символдарды енгізу үшін Ctrl+U пернелер үйлесімін басқан соң ғана қолжетімді болады. Немесе Мәтін-Глифтер сұхбат терезесін қолдануға болады.

    Мәтінді контурдың бойында орналастыруға болады. Ол үшін :

    1. Еркін контур жасаймыз.

    2. «Көктем мерекесі» мәтіні мен контурды Shift пернесін басып тұрып, бір уақытта ерекшелейміз.

    3. Мәтін- Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау.


    Мәтін- Блокқа кірістіру бұйрығы бойынша мәтінді кез-келген ерекшеленген фигураларға орналастыруға болады. Ол үшін

    1. Еркін контур жасаймыз.

    2. «Көктем мерекесі» мәтіні мен контурды Shift пернесін басып тұрып, бір уақытта ерекшелейміз.

    3. Мәтін- Блокқа кірістіру бұйрығын орындау.











    Бекіту. 134-беттегі 1-7 сұрақтарға жауап беру.

    Компьютерлік тәжірибелік жұмыс

    Төмендегідей мерекелік ашық хат жасау.





    Бағалау.

    Үйге тапсырма.

    135-беттегі «Өзіңді тексер!» тест сұрақтарына жауап беріп келу


    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 25 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Векторлық суреттерді салу және редакциялау бойынша тәжірибелік жумысқа арналған тапсырмалар

    Сабақтың мақсаты:

    Inkscape редакторында жұмыс істеудің тэжірибелік дағдылары мен теориялық білім- дерін бекіту.

    Оқушылар білуі тиіс: тәжірибелік жұмыс нәтижелеріне қойылатын талаптарын, бағалау критерийлерін.

    Окушылар үйренуі тиіс: жұмыстарын көрсете білуді, қойылған мақсатқа жетудегі мін- деттерді сипаттай білуді.

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    Сурет Inkscape SVG пішімінде жэне жалпыға таратылымды пішімде өткізілуі керек.

    Оқушылар өз жұмыстарын сыныпта көрсетеді. Мүмкіндігінше жұмыстарды басып шығарып, көрме ұйымдастырыңыз немесе үздік жұмыстарды мектеп сайтына орналас- тыруға болады.

    1. Жұмыс үстеліне арналған сурет салыңдар. Экран өлшеміне сөй- кес сурет өлшемін тағайындаңдар. Жұмыс біткенде оны растр пішіміне ауыстырыңдар (Файл => Растрға экспорттау).

    2. Құттыңтауға арналған сурет салыңдар. Құттыңтау сөздерін жазыңдар.

    3. Мултьфильмдердегі сүйікті кейіпкерлеріңді салыңдар. Оның атауын жасаушы-компания стилінде жазыңдар.

    4. Балдырғандарға арналған бояу топтамасын жасаңдар. Сурет- тердің атауын да бояуға болатындай етіп жасаңдар.

    5. Мектеп пішініне өздеріңнің оңу орны эмблемасын жасаңдар. Эмблемада оңу орны атауының болуы ңажет.


    1. Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыс нәтижесін бағалау. Inkscape редакторының барлық мүмкіндіктерін көрсете білу керек


    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 26 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №3

    Сабақтың  мақсаты:

    Оқушылардың компьютерлік графиканың анықтамасын, компьютерлік графика түрлерінің атауын, графикалық файлдың пішімі дегеніміз не, графикалық редакторларды қандай пішімдер қолдайтынын, Inkscape редакторы терезесінің элементтерін; векторлық редактордың негізгі мүмкіндіктерін; кескінді сақтау бұйрығын, кескін пішімін. Inkscape графикалық редакторы сурет салу тақырыптары бойынша алған білімдерін бақылау.

    Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Дамытушылығы:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    Сабақ көрнекілігі:             Тест програмасы

    Сабақ әдісі:                        Компьютер көмегімен оқушылардан тест алу

    Сабақ типі:                         Білімді сынау, бақылау сабағы

    Сабақтың өту барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Үйге берілген тапсырманы тексеру.


    ТЕСТ


    1. Қандай кескіндер шынайы?

    А растрлық

    В векторлық

    С үшөлшемді

    D фракталдық

    2. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

    1. растрлық

    2. векторлық

    3. үшөлшемді

    4. фракталдық

    3. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

    1. растрлық

    2. векторлық

    3. үшөлшемді

    4. фракталдық

    4. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

    1. растрлық

    2. векторлық

    3. үшөлшемді

    4. фракталдық

    5. Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

    1. растрлық

    2. векторлық

    3. үшөлшемді

    4. фракталдық

    6. Фрактал – ол...

    А бас элементі сызық болатын кескін

    В берілген көлемдегі кескін бөлігі

    С әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін

    D бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін

    7. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер

    А Corel Draw

    В Paint

    C Chaoscope

    D Inkscape

    8. Растрлық кескiндер кандай пішімді файлда сақталады?

    A PDF

    B SVG (Inkscape)

    C CDR (CorelDraw)

    D BMP

    9. Қандай пішімде сығымдау қолданылады?

    А JPG

    В PDF

    С SVG (Inkscape)

    D CDR (CorelDraw)

    10. Графикалық файлдың пішімі— ол...

    А файлдың кеңейтілуі

    В графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдici

    С мәтінді маліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдіici

    D Мәліметтерді сығымдайтын алгоритмді көрсету

    11. Анимациялык; кескіндерді сақтау мумкіндігі бар графикалық пішімді таңдандар:

    А GIF

    В JPEG

    С EPS (Encapsulated PostScript)

    D TIF (Tagged Image File Format)

    12. Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін көрсетіңдер

    А Inkscape SVG

    B қарапайым SVG

    С PNG

    D JPG

    13. Құралдарды дәл баптау үшін....пайдаланылады.

    А Жабысу параметрлер панелі

    В Құрал параметрлер панелі

    С Түр мәзірі

    D Нысан мәзірі

    14. Орындалған іс-әрекеттер тізімін келесі бұйрықтар арқылы орындауға болады

    А Түзету (Правка) →Болдырмау (Отменить)

    В Түзету (Правка) →Қайтару (Вернуть)

    С Түзету (Правка) →Іс-әрекеттер тарихы (История действий)

    D Түр (Вид) →Бейне (Отображение)

    15. Қандай бұйрық «Құйып бояу мен жиектеу» сұхбатын ашады?

    А Түзету→Құйып бояу мен жиектеу

    В Файл→Құйып бояу мен жиектеу

    С Нысан→Құйып бояу мен жиектеу

    D Контур→Құйып бояу мен жиектеу

    16. Палитрадан жиектеу түсін таңдау кезінде, қандай батырманы ұстап тұру керек?

    А Alt

    В Ctrl

    C Shift

    D CapsLock

    17. Нысандарды қосарлау....іске асады.

    А ерекшелеу құралымен

    В Нысан→Түрлендіру бұйрығымен

    С Түзету→Қосарлау бұйрығымен

    D Түзету→Қою бұйрығымен

    18. Нысандар ретін өзгертуге болама?

    А өзгертуге болмайды

    В нысанды тек бір деңгейге жоғары көтеріге болады

    С нысанды тек алдыңғы планға көтеруге болады

    D өзгертуге болады

    19. Салынған бірнеше фигураны қалай ерекшелеуге болады?

    А әр фигураның үстіңгі сол жақ түйінін шерту арқылы

    В әр фигураны екі реттен шерту арқылы

    С тінтуір меңзерімен фрагментті қоршау арқылы

    D белгілеу құралын таңдап, фигураның біреуін шертіп, Shift пернесін басып тұрып, басқа нысандарды шерту арқылы

    20. Пропорционалды тік төртбұрыш алу үшін қандай пернені басып тұру қажет?

    А Alt

    В Ctrl

    C Shift

    D CapsLock

    21. «Ізбе-із көшіру» үшін қандай пернені басып тұру қажет?

    А Ctrl

    B Shift

    C Alt

    D бос орын

    22. Мәтінді контур бойынша орналастыру үшін

    А мәтін мен контурды бір уақытта ерекшелеп, Мәтін→Контур бойынша ораналастыру (Разместить по контуру) бұйрығын орындау

    В Мәтін→Контур бойынша ораналастыру (Разместить по контуру) бұйрығын орындау

    С Контурды ерекшелеп, Мәтін→Контур бойынша ораналастыру (Разместить по контуру) бұйрығын орындау

    D Мәтінді ерекшелеп, Мәтін→Контур бойынша ораналастыру (Разместить по контуру) бұйрығын орындау

    23. Блоктан мәтінді қалай шығаруға болады?

    А мәтіндік блокты ерекшелеп, Мәтін→Мәтінге түрлендіру бұйрығын орындау

    В Мәтін→Мәтінге түрлендіру бұйрығын орындау

    С Мәтін→Блоктан шығару бұйрығын орындау

    D Мәтін→Қол кернингін өшіру бұйрығын орындау

    24. Символдық интервалды арттыратын пернелер үйлесімі

    A Alt+→

    B Ctrl+

    C Shift+

    D Alt+↑

    25. Символдардың тік жылжуын орнататын пернелер үйлесімі

    A Alt+→

    B Ctrl+

    C Shift+

    D Alt+↑




    Оқушыларды бағалау.


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    А

    D

    A

    A

    A

    D

    B

    A

    A

    B

    A

    A

    B

    C

    C


    16

    17

    18

    19

    20

    21

    22

    23

    24

    25

    C

    C

    D

    D

    B

    D

    A

    A

    A

    D



    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 27 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Растрлық графиканы өңдеу редакторы. Растрлық кескіндермен жұмыс жасаудың жалпы тәсілдері

    Сабақтың мақсаты:

    GIMP программасының интерфейсімен таныстыру.

    кескіндерді кадрлауды, өлшемін, түсін өзгертуді үйрету.

    Оқушылар білуі тиіс: GIMP программасы интерфейсінің ерекшеліктерін. Кескіндердің қасиеттері туралы ақпаратты қалай алуды, өлшемін өзгертуді, түсін баптауды.

    Оқушылар үйренуі тиіс: GIMP программасының жұмысын бастау мен аяқтауды, берілген параметрлер бойынша кескіндер жасауды, оларды әртүрлі пішімде сақтауды, әре-кета қайтаруды. Кескіндердің қасиеттері туралы ақпарат алуды, өлшемін өзгертуді, кадрлауды, бұруды, түс балансын, жарықтығын, контрастылығын баптауды, растрлық кескіндерді жариялауды.

    Сабақтың ілеспесі: көрсету (Lesson 28\Растрлық кескіндермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдері.ррs).

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Білімді өзектендіру

    Қандай графикалық редакторлармен сендер таныстыңдар? (Растрлық-Paint, векторлық-Inkskape. Оқушылар басқа да таныс редакторларды атаулары мүмкін, мысалы, Coreldraw-векторлық, Photoshop-растрлық және т.б.)

    Сонымен, бүгінгі сабақтан бастап, растрлық графикалық редакторда жұмыс істеудің тәсілдерін оқып үйренеміз.

    Сұрақтар:

    1. Берілген фотосуреттердің қандай кемшіліктері бар?

    2. Бұл ақауларды жөндеуге бола ма? Фотосуреттер жақсы көрінуі үшін қандай манипу- ляциялар орындалуы керек?

    3. Бүгінгі сабақта біз кескіндерді кадрлау, өлшемін, түсін, жарықтығын жақсарту сияқты тэсілдері туралы оқып үйренеміз.

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену

    Қалай ойлайсыңдар, растрлық графикалық редакторлар кескіндердің қандай әрекет- терін жасауға арналған? (Сурет салу, фотосуреттерді өңдеу: үсац ақауларды жою, түсті жацсарту, ац-цара түсті өзгерту және т.б.)

    GIMP программа терезесінің негізгі элементтерін көрсетіп, атап беріңдер. GIMP прог- раммасының төл пішіміне назар аударыңдар - XCF (experimental Computing Facility). Оны кескіндермен жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет болғанда пайдаланады. Басқа графикалық редакторлар бұл пішімді қолдамайды. Оқушыларға А деңгейінің тәжіри- белік тапсырмасын орындауды ұсынындар. Қажет болған жағдайда мұғалім немесе басқа оқушылар көмек корсете алады.

    Оқушылар компьютерде GIMP графикалық редакторын ашып, оның терезесіне фото- суретті жүктейді.

    Мұғалім' экрйнда оқып-үйренуге арналған бұйрықтарды көрсетеді, оқушыларға өз беттерімен осы бұйрықтарды орындап көруді ұсынады.

    Берілген бұйрықтар нэтижесін талдау.

    1. Жаңа материалды бекіту

    Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

    1. Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалау.

    1. Үй тапсырмасы

    §27 оқу, бақылау жэне тест сұрақтарына жауап беру, тапсырмалар орындау.

    §28 оку, бақылау жэне тест сұрақтарына жауап беру, тапсырмалар орындау.

    Тәжірибелік тапсырма орындауға арналған контурлық суреттің электрондық нұс- қасын дайындау.

    §28 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сүрақіарыныц кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    D

    A

    В

    D

    A

    A

    C

    D

    C

    A



    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 28 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Аймақтарды ерекшелеу

    Сабақтың мақсаты:

    ерекшелеу құралдарын пайдаланып, кескін аймағын ерекшелеуді үйрету.

    Оқушылар білуі тиіс: ерекшелеу аймақтарының қызметін, кескіндердің ерекшеленген аймақтарымен амалдар орындауды, ерекшелеу құралдарының қызметін және қолдану ерекшеліктерін.

    Оқушылар үйренуі тиіс: «сиқырлы таяқша» ерекшелеу қүралын қолдануды, лассо, тікбүрышты, сопақ ерекшелеуді, «ақылды» қайшыларды, түстер бойынша ерекшелеуді, ерекшеленген пішімді түрлендіруді орындауды.

    Сабаңтың ілеспесі: көрсету (Lesson 29\Аймақтарды ерекшелеу.ррs).

    Сабақтың барысы

    1. Үйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Үй тапсырмасын тексеру

    4. Білімді өзектендіру

    Сендер дайын кескіндерді өзгертуді білесіңдер. Кескіндерді өзгертудің қандай амал- дарын білесіңдер? (Бұру, кадрлау, түстік гамманы баптау жэне өзгерту.)

    Кескіннің бөлігін ғана өзгертуге бола ма?

    Мұғалім экранда фотосуреттер көрсетіп, оқушьшарға тек бөлігін өзгертуді ұсынады (мысалы, натюрморт бөлігі немесе қала пейзажындағы автокөлік).

    Кескіннің бір бөлігімен ғана жұмыс істеу үшін оның осы бөлігін негізгіден бөліп алу керек. Дизайнерге ерекшелеу қүралы көмектеседі. Бүгін біз GIMP графикалық редакторы ұсынатын кескінді ерекшелеу аймағы құралдарының қызметімен танысамыз.

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену

    Оқушылар компьютерде GIMP программасын ашып, терезесіне еркін кескінді жүктейді. Мүмкіндігінше бұл мұғалім экранда жұмыс істейтін үлгімен бірдей болғаны дүрыс.

    Тапсырма

    Құралдар панеліне мұқият назар аударыңдар. Қалай ойлайсыңдар, құралдардың қай- сысы кескіннің аймағын ерекшелеуге арналған? (Оқушылар қатесіз табады, себебі олар сол құралдарды Paint графикалық редакторында қолданған.)

    Ерекшелеп көріңдер (мұғалім ерекшелейтін аймақты атайды жэне көрсетеді).

    Сүрақ:

    Қалай ойлайсыңдар, ерекшеленген аймақпен не істеуге болады? (Бояуға, жоюға, түрлендіруге жэне т.с.с.) Ерекшеленген аймақты басқа түспен бояндар. Ерекшеленген аймақ амалдарымен жұмысты келесі сабақта қарастырамыз, бүгін ерекшелеу құралдарын оқып-үйренуді жалғастырамыз.

    Оқулықты ашып, GIMP программасында қанша құралдарды ерекшелеу ұсынылғанын қарап шыгыңдар. Қалай ойлайсындар, не үшін олар соншалықты көп? Неліктен оларды 2-3-ке дейін шектеуге болмайды?

    Мұғалім оқулықта анықталған құралдардың қызметін көрсетеді. Оқушылар назарын мына жайтқа аудару қажет: тінтуірмен ерекшелеген кезде ерекшеленген аймақтың кес- кіні ауыспайды, тек ерекшелеудің өзі ауысады.

    Сұрац:

    Ерекшеленген аймақтың кескіндерін қалай көшіруге болады? Еске түсіру күйіне назар аударыңдар. Кескіндердің ауысуы үшін Ctrl + Alt пернелер үйлесімін ұстап түру керек. Ауысуды орындап көріңдер.

    Сұрақ:

    Ерекшелеуді қалай қайтаруға болады? Ерекшелеуді қайтару бүйрығын табындар.

    Тапсырма

    Сендер виньетка түрінде орындалған жалпы фотосуреттерді көрдіңдер, онда эр адамның беті сопақша түрінде қиып алынып, қандай да бір фонға салынған. Бұны қалай орындауға болады? (Әр адамды жеке фотосуретке түсіріп алып, сопақша түрінде ерекшелеп, артыгын алып тастау керек).

    Оқушылар кескіндердің сопақшаланган бөлігін ерекшелейді. Ерекшелеуден тыс аймақты қалай жоюға болады? Delete пернесі ерекшеленген аймақтың ішін жояды, ал бізге керісінше, сопақшаның ішкі мазмұнын қалдыру керек. Демек, ерекшеленген аймақты ерекшеленбеген аймаққа ауыстыру керек. Мұндай амал Терістету амалы деп аталады. Сэйкес бұйрықты табыңдар. (Бұйрық => Ерекшелеу => Терістету (Инвертировать)).

    Оқушьшар ерекшелейді, терістету бұйрыгы арқылы артығын жояды.

    Сүрац:

    Терістету бұйрыгын ауыстыратын пернелер үйлесімін анықтаңдар. (Ерекшелеу мэзірінде пернелер үйлесімін көрсететін Ctrl + I пернелер үйлесімі бар). Кей жагдайда ерекшеленген аймаққа бір нэрселерді қосу немесе алып тастау қажет болады. Мұндай амалдармен сендер векторлық графикалық редактордың логикалық амалдарын оқып үйренгенде таныстыңдар. GIMP редакторында ағымдағы ерекшелеуге қосу кезінде Shift пернесін қолданады, ал алып тастау кезінде Ctrl пернесін пайдаланады.

    Тапсырма

    Сопақшаны ерекшелеуді орындаңдар. Ағымдағы ерекшелеуге қосу немесе алып тас- тауды орындайтын пернелерді қолданыңдар. Алынган нэтижелерді салыстырыңдар. Түрлендіру күралдарын - айналдыру, масштабтау, қисайту, перспективаны өзгертуді табындар. Олардың әрекеттерін ерекшеленген аймақта сынап көріңдер. Өздеріңе белгілі

    амалдардың бұру мен шағылысуын тек қана ерекшеленген аймақ үшін қолдануға бола ма? (Иә, болады.)

    1. Жаңа материалды бекіту

    Оқулықта ұсынылған тәжірибелік тапсырмалардың А жэне В деңгейлік тапсырма- лары - контурлық суреттерді бояудың классикалық тапсырмасы. Бояу үшін «сиқырлы таяқша» қүралының ерекшеленуі мен тұтас құю күралын пайдалану білу қажет. С дең- гейінің тапсырмасы оқушылардың ақпараттық технологиялар қүралдарымен жұмыс істеу тэжірибелеріне сүйене отырып, сурет салу мен ерекшелеудің түрлі күралдарын қолдана отырып, кескіндерді қайта жаңғыртуды қажет етеді.

    1. Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалау.

    VIII. Үй тапсырмасы

    §29 оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

    Сабақта өңдеу үшін жеке мүрағаттан фотосуреттер дайындау.

    §29 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сүрақтарының кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    В

    В

    С

    D

    D

    D

    В

    C



    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 29 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Сурет салу құралдары

    Сабақтың мақсаты:

    оқушыларды GIMP программасында сурет салудың ерекшеліктерімен таныстыру.

    Окушылар білуі тиіс: сурет салу қүралдары қызметін, сурет салуда орындалатын амалдарды.

    Окушылар үйренуі тиіс: сурет салу құралдарын қолдануды.

    Сабақтың ілеспесі: кескінді қалпына келтіру үшін (Lesson 30\Фотосурет 1153.jpg, Lesson 30\Фотосурет 1153-қалпына келipy.jpg).

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Үй тапсырмасын тексеру

    4. Білімді өзектендіру

    1. Paint сурет салу қүралдарын естеріңе түсіріңдер.

    2. Олар не үшін қажет?

    3. Олармен не істей алар едіңдер?

    Бүгінгі сабақта GIMP редакторының сурет салу құралдарын оқып үйренеміз.

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену

    Оқушылар өз компьютерлерінде GIMP программасын ашады.

    Мұғалім экранда GIMP құралдар панелін көрсетеді.

    Бұл құралдардан сурет салу құралдарын таңдап алыңдар (оқушылар бірнеше таныс құралдарды көрсетеді).

    Әрбір жаңа құралдың қолданылуы көрсетіледі, мұғалім эрекетін оқушылар компью- терлерінде қайталайды.

    1. Жаңа материалды бекіту Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

    2. Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалау.

    VII Үй тапсырмасы

    §30 оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

    Сабақта өңдеу үшін жеке мұрағаттан фотосуреттер дайындау.

    §30 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сурақтарының кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    С

    А

    В

    С

    D

    В

    D

    A

    В

    D




    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 30 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Қабаттар

    Сабақтың мақсаты:

    көпқабатты кескіндерді жасауға үйрету.

    Оқушылар білуі тиіс: қабат дегеніміз не, қабаттар не үшін қажет, белсенді қабат түсі- нігін, фонды қабат, жаңа қабатретінде ашылған кескіндер технологиясын, Қабаттар сұхбатын шақыруды, Қабаттар сұхбат интерфейсін, қабаттар ашықтығын баптау тэсілдерін, қабаттарды көруді қосуды, қабатты жоюды, қабаттардың орналасу ретін өзгертуді, қабаттарды біріктіруді, нысанды фоннан ажырату технологиясын, ашық қабат нысанын кескінге орналастыруды.

    Окушылар үйренуі тиіс: жаңа қабат қосуды, кескінді жаңа қабат ретінде ашуды, түс фонын жаңа кескіндерді үшін баптауды, Қабаттар сұхбатын шақыруды, қабаттар ашықтығын баптауды, қабаттың көрінуін қосуды, өшіруді, қабатты жоюды, қабаттардың орналасу ретін өзгертуді, алдыңғы қабатпен біріктіруді, барлық қабаттарды бір қабатқа біріктіруді, нысанды фоннан бөлуді, ашық қабат нысанын кескінге орналастыруды.

    Сабақтың ілеспесі: корсету (Lesson 31 \Ka6arrap.pps).

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Үй тапсырмасын тексеру

    4. Білімді өзектендіру

    Растрлық графикалық редакторлар қызметінің бірі - коллаж жасау мүмкіндігі. Бір- неше сурет алып, қажет бөліктерін қайшымен қиып алып, қағазға жапсыру, сонда коллаж пайда болады.

    Сұрацтар:

    Компьютерде коллаж қалай жасалады? (кескіндер фрагменттерін ерекшелеп, бір экранда жинау).

    Сендер кескіндерді ерекшелеуді, көшіруді білесіңдер, бірақ оларды бір экранда қалай жинауға болады? Ол үшін сендерге қабаттармен жүмыс істеу дагдысы қажет.

    V Жаңа материалды оқып-үйрену

    Әртүрлі кескіндерді қабаттар түрінде бір экранға орналастыруға болады. Қабаттың не екенін түсіну үшін айқын жэне айқын емес негізде жасалған бірнеше сурет алайық.

    Мұғалім дайын суреттерді көрсетеді. Айқын емес қабат - бұл басқа кескіндердің фрагменттері салынатын негізгі кескін. Біздегі айқын емес қабат - дала пейзажы. Оған даланы мекендеушілердің суретін салу үшін айқын қабат қолдануымыз керек, себебі алдыңғы қабат көрінбей қалады. Мүғалім суреттерді тұтас картинка шығатындай қат- тама түрінде жинайды.

    Сол сияқты графикалық редакторда да орындау керек.

    Сонымен, сендерге кескінге жаңа қабаттар қосуды, ашықтығын баптауды, бір-бірімен қосуды үйрену керек.

    Оқушылар GIMP программасын қосады, мұғалім экранда түсіндіреді, оқушылар ком- пьютерлерінде эрекеттерді қайталайды.

    Кескіндердің қажетгі бөлігін қиып алу керек. Оны қалай істеуге болады? (Нысанды ерек- шелеу қүралын пайдаланып, терістетуді ерекшелеп, Delete бұйрығымен артығын жою).

    Кескінді Қиып алу кезінде фонның жартысы ғана қалады, жақсылап қарау үшін масш- табын үлкейтіңдер.

    Фонның ұсақ бөлшектерін қалай алып тастауға болады? (Өшіргішпен өшіру.) Кескінді өшіргішпен тазартамыз. Өшіргішке өлшем тандап алу керектігіне назар ауда- рыңдар. Фонның қай бөлігі жойылуына байланысты кішкентай немесе үлкен өшіргіш таңдайсыңдар.

    Кескін дайын. Оны сақтау қалды. Бірақ оны сақтағанда фонның айқындығы да сақ- талуы керек.

    Естеріңе түсіріңдер, қандай пішім фон айқындығын сақтайды? (PNG).

    Осы пішімде алынған кескінді сақтандар.

    (Оқушылар кескінді сақтайды, мұғалім тексереді).

    Тікелей қабаттармен жұмыс істеуге арналған жұмыстың екінші кезеңіне көшеміз. Фон болатын кескінді ашамыз. Оны компьютерлеріңде ашыңдар. Алынған кескінді бірінші кезеңдегі айқын фонды қабат ретінде ашу керек.

    Осыны орындайтын бұйрықты табыңдар. Дүрыс, бүл - Файл => Қабат ретінде ашу (Открыть как слой) бұйрығы.

    Сендерде екі қабат болуы керек. Егер сендер қандай да бір амалдар орындайтын бол- сандар, мысалы, өлшемді өзгерту, онда қандай қабатта оны орындайсыңдар? (оқушылар эртүрлі жауаптар беруі мүмкін, жоғары, соңғы жэне т.б.).

    Қай қабаттың белсенді екенін анықтау үшін Қабаттар сұхбат терезесін (Терезе => Түйіскен сұхбаттар => Қабаттар) ашу қажет.

    • қарандар, белсенді қабатты қалай анықтауға болады? (Терезеде ерекшеленген);

    • қабаттар терезесін қолдана отырып, Қабаттармен не істей аламыз?

    Мұғалім қабаттың көрінуін қосуды, айқындығын баптауды, қаттамадағы қабаттың орнын ауыстыруды жэне т.б. көрсетеді.

    Есебімізге қайта оралайық. Тұгас картинка пайда болатындай, кескін өлшемін баптау қажет. Енді қабаттарды бірігіп қосу қалды. Ол үшін ұсынылған бұйрықгардың біреуін тандау қажет:

    • Қабат => Біріктіру бұйрығы қатар орналасқан екі қабатты алдыңғы қабатпен қосады;

    • Кескін => Түйістіру бұйрығы барлық қабаттарды біреуге қосып, қабаттар ашықтығын жояды.

    Біздің есебімізге қандай бұйрық жарайды? (Кез келгені, себебі қабаттар саны екеу).

    VI Жаңа Материалды бекіту

    Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

    VII Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалау.

    Vin Үй тапсырмасы

    §31 оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

    Сабақта өңдеу үшін жеке мұрағаттан фотосуреттер дайындау.

    §31 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сүрақтарының кілттері:

    1

    2

    3

    4

    5

    В

    А

    С

    D

    A



    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 31 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс

    Сабақтың мақсаты:

    растрлық графикалық редакторда мәтінмен жұмыс істеудің кейбір мүмкіндіктерін көрсету.

    Окушылар білуі тиіс: мәтінмен жұмыс істейтін құрал қызметін, мэтінді енгізуді, авторлық қаламды, шаблонная мәтіндік әсер жасауды.

    Окушылар үйренуі тиіс: кескінге мэтін қосуды, мәтін жасауда мәтіндік редакторды қолдануды, авторлық қалам, шаблонная мәтіндік әсер жасауды.

    Сабақтың ілеспесі: корсету (Lesson 32\Мәтінмен жұмыс-pps).

    Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі

    2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

    3. Үй тапсырмасын тексеру

    4. Білімді өзектендіру

    1. MS Office қосымшаларында Жазу (Надпись) құралы қалай жұмыс істейді? Paint-тегі Мэтін құралы ше?

    2. Бұрын оқыған қосымшалардан мэтінмен жұмыс істеудің ортақ белгілері қандай еке- нін анықтаңдар.

    1. Жаңа материалды оқып-үйрену

    Мэтінмен жұмыс істеу қиын емес, жалпы тэсілдерін қарастырып көрейік.

    Мэтінмен жұмыс істеудің кұралдары басқа графикалық редакторлар кұралы сияқты. Құралды таңдандар. Өз атыңды жаз. Қабаттар терезесін қосыңдар. Көргендеріңді сипат- таңдар (мэтін қабаты, фондық қабат қосылған).

    Қалай ойлайсыңдар, мэтінді айқын емес фонда жасауға бола ма?

    Оқушыларға тәжірибелік жұмыстар орындауға мүмкіндік беру.

    1. Жаңа материалды бекіту Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

    2. Қорытындылау

    Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалау.

    VШ Үй тапсырмасьі

    §32 оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

    Сабақта өңдеу үшін жеке мұрағаттан фотосуреттер дайындау.

    §32 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сүрақтарыныц кілттері:


    1

    2

    3

    4

    5

    А

    С

    А

    С

    А

    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 32 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Жобамен жұмыс

    Сабақтың мақсаты:

    • оқушылардың алған білімдерін, тэжірибелік дағдыларын қолдануды үйрету;

    Іс-эрекетті ұйымдастырудың ерекшеліктері

    8 cыныпта информатика курсын оқып-үйрену жоба қорғаумен аяқталады.

    Оқу жобалық әрекет:

    • оқушылардың нақты мәселені шешуіне арналған танымдық эрекетін ұйымдастыру;

    • жаңа білім алуда бұрынғы білімдерін белсенді қолдану;

    • теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында ұйымдастырылады.

    Жобалау әдісі оқушылардың белсенді ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады, өзін жаңа дүние жасаушы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

    Жобалау үрдісінде оқушыларда сараптау, идеялар мен мүмкіндіктерді бағалай білу, ең қажеттісін таңдай білу дағдылары бекітіледі.

    Сабақта зерттеушілік атмосферасын туғыза отырып, педагог оқушылардың шығарма- шылық әрекетін ынталандырады.

    Негізгі мектепте жобалау әдісін іске асыру оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді: басқа оқушылармен қарым-қатынасқа түседі, өз іс-әрекетінің өнімін көреді, қызығушылығы артады.

    Оқушылар бір жағынан, оқу модулінің толық әрекет технологиясын игерсе, екінші жағынан, жобаны іске асыру кезеңінде өз беттерімен эрекет ету деңгейлері өседі.

    Жобалау эдісі педагогикалық технология ретінде әрекеттің қатаң алгоритмін талап етпейді, шығармашылық амалдың болуын жоққа шығармай, дұрыс жүйелі логикаға сүйенуді талап етеді.

    «Компьютерлік графика түрлері» тақырыбын оқыған кезден бастап оқушылар алдына міндет ерте бастан қойылуы мүмкін. Ұқсас жобалар үлгілерін қарастыруды ұсынып көріңіз. Оқулықтағы есептерден басқа оқушыларға (бүгілетін А5 пішімді ашықхат үлгісін жасау) мүмкіндіктерді пайдалана отырып, басқа да ақпараттық өнімдерді графикалық редакторда жеке элементтер немесе «Ақпаратты кодтау» тақырыбына плакат жасауды ұсынуға болады. Ашықхатты жасау арқылы оқушылар компьютерлік графикамен жұмыс барысындағы бар- лық шығармашылық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын корсете алады.

    Жобаны сынып оқушыларының алдында қорғау қажет. Қорғауға бастапқы алған кескіндер ғана емес, сонымен қатар жұмыс кезеңдерін сипаттайтын тұсаукесер материалдары да ұсынылады. Жұмыс кезінде пайда болған мәселелер, оларды шешу жолдары мен ұсыныстар да келтірілуі қажет. Жобаны қорғауды басқа сынып оқушыларының қатысуымен конференция

    түрінде де өткізуге болады. Қазылар алқасын оқушылардан құру олардың оқуға деген қызы- ғушылығын арттыра түседі.

    Жұмысты бағалау кезінде:

    • Inkscape және GIMP программаларының сурет салу құралдарымен жұмыс істеу дең- гейін;

    • нысандардың контурларын дәл кұруды;

    • түстер үйлесімін;

    • композиция құруды;

    • мәтінді өңдеуді ескеру қажет.

    Оқушыларға жұмыс алдында жалпы нұсқаулар беріледі:

    1. Inkscape программасын қосыңдар. Жаңа қужат жасаңдар. Жұмыс парағының пішімі - А5, парақ бағдары - альбомдық.

    2. Ашықхаттың бүктеу сызығын білдіретін тік бағыттауышын орнатындар.

    3. Ашықхаттың оң жағына GIMP программасында өнделген, құттықтау тақырыбына сәйкес кескінді, жазуды орналастырыңдар (мысалы, «Білім күнімен!»).

    4. Құттықтау мәтіні орналасатын құжаттың екінші бетін жасаңцар, құттыктау мэтінін жазыңдар.

    Оқушылар рефлексиясы эртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, мысалы уақытты үнемдеу мақсатында мүғалімнің электрондық поштасына^да жіберуге болады.

    Оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады:

    1. Жобадан қандай нәтиже күттіңдер? Қойған мақсаттарың мен жеткен нэтижелеріңді салыстырыңдар.

    2. Жұмыс барысында қандай сезімдер пайда болды? Тосын жағдайлар орын алды ма?

    3. Қандай жетістіктерге жеттіңдер?

    4. Азаю ретімен кездескен қиыншылықтарды атап шығыңдар. Оларды сендер қалай жеңдіңдер?

    5. Сендер өз сыныптастарыңның жұмысымен таныстыңдар. Жұмыс туралы пікірлерің қандай?

    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 33 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №4

    Сабақтың  мақсаты:

    Оқушылардың растрлық графиканы өндеу редакторын, GIMP программасының интерфейсін, растрлық кескіндермен жұмыс жасаудың жалпы тәсілдерін, аймақтарды ерекшелеу, сурет салу қуралдары, қабаттар, мәтінмен жұмыс тақырыптары бойынша алған білімдерін бақылау.

    Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Дамытушылығы:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    Сабақ көрнекілігі:             Тест програмасы

    Сабақ әдісі:                        Компьютер көмегімен оқушылардан тест алу

    Сабақ типі:                         Білімді сынау, бақылау сабағы

    Сабақтың өту барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    ТЕСТ

    1. Графикалық болмайтын файл пішімін көрсетіндер:

    1. .png

    2. .xcf

    3. .tiff

    4. .хсі

    2. GIMP программасындағы соңғы орындалған іс-әрекетті қандай бұйрықтың көмегімен көруге болады?

    1. Түзету (Правка) => Іс-әрекеттер тарихы (История действий)

    2. Кескін (Изображение) => Соңғы іс-әрекет (Последние действия)

    3. Файл => Тарихы

    4. Түзету (Правка) => Болдырмау (Отмена)

    3. Белсенді суреттің қасиеттерін көруді қамтамасыз ететін бүйрық:

    1. Файл Кескін (Изображение) => Кескіннің қасиеттері (Свойства изображения)

    2. Кескін (Изображение) => Кескіннің қасиеттері (Свойства изображения)

    3. Файл => Қасиеттер

    4. ондай бұйрық жоқ

    4. Суреттің өлшемін көрсете алмайтын өлшем бірлік:

    1. растрлың нүкте

    2. миллиметр

    3. пункт

    4. байт

    5. Айна құралының қызметі:

    1. кескіннің шағылысуы

    2. кескінді бұру

    3. кескін аймағын ерекшелеу

    4. кескіннің көшірмесін алу

    6. Кескінді шағылыстыру және бүру бұйрықтары қай мөзірде орна- ласқан?

    1. түр

    2. ерекшелену

    3. кескін

    4. қүралдар

    7. Қүралдар панеліндегі кез келген қүралға қай мәзірден қол жеткізуге болады?

    1. түр

    2. ерекшелену

    3. кескін

    4. қүралдар

    8. Мүмкін болатын Болдырмау өрекеті қанша рет орындалады?

    1. 3

    2. 256

    3. компьютердің ресурсына байланысты

    4. шексіз

    9. Қандай бүйрық кескіннің түс мөлшерін азайта алады?

    1. постеризациялау

    2. меже

    3. қисықтар

    4. реңдеу

    10. Тікбұрышты аймақты ерекшелейтін құрал?

    1. Еркін пішінде ерекшелеу

    2. Дұрыс пішінде ерекшелеу

    3. Пиксельдерінің түстерінің жақындығы бойынша ерекшелеу

    4. Алдыңғы планда ерекшелеу үшін ңолданылады

    11. «Сиқырлы таяқша» құралының жұмыс істеу әрекеті қандай қүрал әрекетіне үқсас?

    1. Лассо

    2. Алдыңғы планды ерекшелеу

    3. Түс бойынша ерекшелеу

    4. Ондай құрал жоң

    12. Қолданушы берген нүктелер бойынша аймаққа ерекшелеу жүргізетін құрал қандай?

    1. Лассо

    2. Түс бойынша ерекшелеу

    3. «Сиқырлы таяңша»

    4. «Ақылды» қайшылар

    13. Кез келген еркін түрде алынған аймақты ерекшелеу үдерісін Лассо қүралымен аяқтау үшін:

    1. Қайтадан Лассо құралын таңдау

    2. Жылжыту қүралын таңдау

    3. Ctrl пернесін жібермей басып тұру

    4. Ерекшелеудің басына қайтып барып тінтуірдің батырмасын жіберу қажет

    14. Өткір түсті шекаралары бар нысандарды ерекшелеу үшін қандай қүралсәйкес келеді?

    1. Лассо

    2. Тікбұрышты ерекшелеу

    3. Сопақша ерекшелеу

    4. «Сиқырлы таяқша»

    15. Ерекшеленген аймақтың ішіндегісін жылжыту үшін қандай пернелер үйлесімін басып түру керек?

    1. Ctrl + Shift

    2. Ctrl + Alt

    3. Ctrl

    4. Ctrl + J

    16. Кескіннің ерекшеленген аймағы жойылады:

    А) Ерекшелеуді жою бұйрығымен

    В) Backspace пернесімен

    С) Delete пернесімен

    D) Ерекшелеуді жою құралымен

    17. Қандай құралмен контур салуға болмайды?

    A) баттастырып бояу

    B) қарындаш

    C) қылқалам

    D) аэрограф

    18. Емдік қылқалам құралының әрекетіне ұқсас құралды көрсетіқдер:

    1. қылқалам

    2. қарындаш

    3. мөртабан

    4. өткірлік-шаю

    19. Қиып алынған кескіннің шеттері өте өткір болмас үшін қолданылатын қүрал:

    1. қылқалам

    2. қарындаш

    3. мөртабан

    4. өткірлік-шаю

    20. Баттастырып бояу құралы не істейді?

    1. кескіннің бөлігін ашықтандырады

    2. түстерді қамти отырып, жан-жағына жағып тастайды

    3. кескіннің қиып алынған аймағының шекараларын шаяды

    4. ескі сия қаламы сияқты жазады

    21. Суреттерді өңдеу (Ретуширование) дегеніміз не?

    1. шекараларды бөлу

    2. фонмен құйып бояу

    3. кескінді редакциялау

    4. кескіннің ұсақ ақауларын жою

    22. Қаріптің өлшемі немен өлшенеді?

    1. сантиметрмен

    2. миллиметрмен

    3. пунктпен

    4. дюйммен

    23. Мәтіннің жазуы ... тандалады.

    1. тікелей кескін терезесінде

    2. GIMP мәтіндік редакторының терезесінде

    3. WordPad мөтіндік редакторында

    4. бірден кескінге салынады

    24. Мәтін қай қабатта жасалады?

    1. ашылған кескін тұрған жерде

    2. фон түсінің жаңа қабатында

    3. жаңа ашың қабатта

    4. жаңа кескін терезесінде

    25. Фонның айқындылығын қолдайтын кескіннің пішімін көрсетіндер:

    1. .jpg

    2. .psd

    3. .bmp

    4. .png




    Оқушыларды бағалау.


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

















    16

    17

    18

    19

    20

    21

    22

    23

    24

    25












    Мерзімі____________________ Тексерілді__________

    Сынып_____________________ № 34 сабақ


    Сабақтың тақырыбы: Жобамен жұмыс

    Сабақтың мақсаты:

    • оқушылардың алған білімдерін, тэжірибелік дағдыларын қолдануды үйрету;

    Іс-әрекетті ұйымдастырудың ерекшеліктері

    8 cыныпта информатика курсын оқып-үйрену жоба қорғаумен аяқталады.

    Оқу жобалық әрекет:

    • оқушылардың нақты мәселені шешуіне арналған танымдық эрекетін ұйымдастыру;

    • жаңа білім алуда бұрынғы білімдерін белсенді қолдану;

    • теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында ұйымдастырылады.

    Жобалау әдісі оқушылардың белсенді ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытады, өзін жаңа дүние жасаушы ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

    Жобалау үрдісінде оқушыларда сараптау, идеялар мен мүмкіндіктерді бағалай білу, ең қажеттісін таңдай білу дағдылары бекітіледі.

    Сабақта зерттеушілік атмосферасын туғыза отырып, педагог оқушылардың шығарма- шылық әрекетін ынталандырады.

    Негізгі мектепте жобалау әдісін іске асыру оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді: басқа оқушылармен қарым-қатынасқа түседі, өз іс-әрекетінің өнімін көреді, қызығушылығы артады.

    Оқушылар бір жағынан, оқу модулінің толық әрекет технологиясын игерсе, екінші жағынан, жобаны іске асыру кезеңінде өз беттерімен эрекет ету деңгейлері өседі.

    Жобалау эдісі педагогикалық технология ретінде әрекеттің қатаң алгоритмін талап етпейді, шығармашылық амалдың болуын жоққа шығармай, дұрыс жүйелі логикаға сүйенуді талап етеді.

    «Компьютерлік графика түрлері» тақырыбын оқыған кезден бастап оқушылар алдына міндет ерте бастан қойылуы мүмкін. Ұқсас жобалар үлгілерін қарастыруды ұсынып көріңіз. Оқулықтағы есептерден басқа оқушыларға (бүгілетін А5 пішімді ашықхат үлгісін жасау) мүмкіндіктерді пайдалана отырып, басқа да ақпараттық өнімдерді графикалық редакторда жеке элементтер немесе «Ақпаратты кодтау» тақырыбына плакат жасауды ұсынуға болады. Ашықхатты жасау арқылы оқушылар компьютерлік графикамен жұмыс барысындағы бар- лық шығармашылық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын корсете алады.

    Жобаны сынып оқушыларының алдында қорғау қажет. Қорғауға бастапқы алған кескіндер ғана емес, сонымен қатар жұмыс кезеңдерін сипаттайтын тұсаукесер материалдары да ұсынылады. Жұмыс кезінде пайда болған мәселелер, оларды шешу жолдары мен ұсыныстар да келтірілуі қажет. Жобаны қорғауды басқа сынып оқушыларының қатысуымен конференция

    түрінде де өткізуге болады. Қазылар алқасын оқушылардан құру олардың оқуға деген қызы- ғушылығын арттыра түседі.

    Жұмысты бағалау кезінде:

    • Inkscape және GIMP программаларының сурет салу құралдарымен жұмыс істеу дең- гейін;

    • нысандардың контурларын дәл кұруды;

    • түстер үйлесімін;

    • композиция құруды;

    • мәтінді өңдеуді ескеру қажет.

    Оқушыларға жұмыс алдында жалпы нұсқаулар беріледі:

    1. Inkscape программасын қосыңдар. Жаңа қужат жасаңдар. Жұмыс парағының пішімі - А5, парақ бағдары - альбомдық.

    2. Ашықхаттың бүктеу сызығын білдіретін тік бағыттауышын орнатындар.

    3. Ашықхаттың оң жағына GIMP программасында өнделген, құттықтау тақырыбына сәйкес кескінді, жазуды орналастырыңдар (мысалы, «Білім күнімен!»).

    4. Құттықтау мәтіні орналасатын құжаттың екінші бетін жасаңцар, құттыктау мэтінін жазыңдар.

    Оқушылар рефлексиясы эртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін, мысалы уақытты үнемдеу мақсатында мүғалімнің электрондық поштасына^да жіберуге болады.

    Оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады:

    1. Жобадан қандай нәтиже күттіңдер? Қойған мақсаттарың мен жеткен нэтижелеріңді салыстырыңдар.

    2. Жұмыс барысында қандай сезімдер пайда болды? Тосын жағдайлар орын алды ма?

    3. Қандай жетістіктерге жеттіңдер?

    4. Азаю ретімен кездескен қиыншылықтарды атап шығыңдар. Оларды сендер қалай жеңдіңдер?

    5. Сендер өз сыныптастарыңның жұмысымен таныстыңдар. Жұмыс туралы пікірлерің қандай?