Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгоритмнің әртүрлі типтерімен таныстыру. Сызықтық, тармақталған алгоритмдермен таныстыру.
Дамыту:
- Конспект жазу, компьютерлік сауаттылық, танымды белсенділікті қалыптастыру
Тәрбиелеу:
- Зейін, мұқияттылық, компьютерлік техникаға ұқыпты қарау
Сабақтың түрі: тәжірибелік элементтерімен түсініктілік-пікірталастық
Оқушылардың білуі қажет:
- Алгоритм типтерін;
- Қандай алгоритм сызықтық, қандай тармақталған деп аталады;
- Сызықтық, тармақталған алгоритмдерді құру ережелері;
Оқушылардың орындай алуы қажет:
- Құрастыру түріне байланысты оның типін анықтау;
- Сызықтық, тармақталған алгоритмдерді құру;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру: тәжірибелік тапсырмалар мен «Алгоритмнің графиктік түрде жазылуы» тестін өткізу.
Тәжірибе
1. Көшені кесіп өткендегі адамның іс-әрекетінің алгоритмін блок-схема көмегімен жазу
2. Санды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру алгоритмін құру
3. Y=(ax2-b)/(cx2+d) өрнегін есептеудің алгоритмін блок-схема түрінде жазу
«Алгоритмнің графиктік түрде жазылуы» тесті
1. Алгоритмнің көрнекі графикалық бейнесі бұл - ...
a) блок-схема
b) табиғи тілде жазу
c) алгоритмдік тіл
2. Алгоритмнің басы мен соңы блок-схемада қалай бейнеленеді?
a) Тікбұрышпен
b) Сопақша
c) параллелограммен
3. Қарапайым іс-әрекеттер блок-схемада қалай белгіленеді?
a) Тікбұрышпен
b) Ромбымен
c) Параллелограммен
4. Тармақталу блок-схемада қалай белгіленеді?
a) Тікбұрышпен
b) Сопақша
c) Ромбымен
5. Мәліметтерді енгізу-шығару блок-схемада қалай белгіленеді?
a) Сопақша
b) Ромбымен
c) Паралелограммен
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Орындаушыға әрбір алгоритм командалар түрінде жазылады. Командалардың орындалуына байланысты алгоритмдер үш түрге бөлінеді.
Сызықтық – бұл алгоритмде барлық командалар бір-бірінің соңынан ретімен тізбектеліп орындалады. Сызықтық алгоритмнің блок-схема түрінде жазылуы мынадай:
Мысал. Сабаққа даярлану алгоритмі
1. Күнделікті қолға алу
2. Тиісті бетін ашу
3. Пәнді, тақырыпты анықтау
4. Үйге берілген тапсырманы орындау
5. Сабақ құралдарын сөмкеге салу
Тармақталған – бұл алгоритмде барлық командалар белгілі бір шарттың орындалуына байланысты тізбектеліп орындалады.
Шартты өрнекті келесі түрде сипаттауға болады:
Егер онда әйтпесе
Мысал. Егер жаңбыр жауса, онда қолшатыр ал.
IV. Практикалық жұмыс
Алгоритм түрлеріне есептер шығару
1-есеп
Зиянкес үш санның квадрат түбірінің орташа арифметикалық мәнін есептеу алгоритмінің әрекеттерінің орындарын ауыстырып тастады:
А мәнін меншіктеу (a2+b2+c2)/3
a, b, c енгізу
хабарлау «квадраттардың орташа арифметикалық мәні тең»
a хабарлау
Іс-әрекеттер тізбегін дұрыстап орналастырыңыз.
2-есеп
Автобус аялдамада тоқтағанда жолаушы өзін қалай ұстауы керек.
3-есеп
Келесі есепке алгоритм құрыңыз: тамақ тұздалған ба немесе оны тағы тұздау керек пе?
4-есеп
Келесі есептің алгоритмін құрыңыз: бір санды ойлаңыз, егер ол сан 5-тен үлкен болса, онда оны екіге ұлғайтамыз, егер 5-тен кем болса, онда оны екіге кішірейтеміз.
V. Сабақты бекіту
Өздері шығарып отырған есептері бойынша сұрақтар қою
VI. Үйге тапсырма
§14 оқып, сабақтың конспектісін айту.
Дидактикалық материалдардағы бірнеше тапсырмаларды орындау.