Excel-де математикалық есептерді шығару

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары №13


Оқытушы: Серикбаева С.К. пәннің аты Информатика

Оқу тобы: _____________________________________________ күні: ____________________________

Сабақ тақырыбы Excel-де математикалық есептерді шығару

Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақтың мақсаты

Білімділік: студенттерге Microsoft Excel электронды кестесінде формуламен жұмыс жасай білуді қалыптастыру. Берілген түрлі математикалық формулаларды есептеуді үйрету, сипаттауды үйрету, мәліметтерді пайдаланып, әртүрлі жұмыс әрекеттерін орындауды үйрету

Тәрбиелік: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу

Дамытушылық:  студенттердің қолданбалы бағдарлама арқылы өз бетінше компьютерде шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын және тапсырмалар орындау барысында өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыру.




Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру сұрақ-жауап, жеке жұмыс

 Сабақты жабдықтау: Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары:

Таратылатын материалдар____________________________________________________

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)


Қосымша және берілген уақыт (мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

  • Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы


  • Сәлемдесу


  • Түгендеу


ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі)

15 мин

үй тапсырмасы функция шебері. Функцияның мәндерін есептеу.






ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі)

50 мин

Жоспары:


  1. Қарапайым қосынды


  1. Таңдап қосу


  1. Көбейту


  1. Дөңгелектеу


  1. Дәрежеге енгізу


  1. Тригонометриялық есептеулер


  1. Сандарды түрлендіру


  1. Комбинаторика


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)

20 мин

Тапсырмалар орындау




V.Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)

2 мин

Ахметов .А., Ахметов Д. Қаржылы математика MS EXCEL-де, «Бастау» Алматы 2010, Математикалық есептер тапсырмасын жинақтау



Математикалық функциялар туралы

Математикалық функциялар сандарды дөңгелектеу, арифметикалық және тригонометриялық есептеулер  жасаған кезде қолданылады.

Жинақтау

Қарапайым қосынды

Қарапайым қосындыны есептеу үшін СУММ функциясы қолданылады.

Функция синтаксисі – СУММ(А)

мұндағы, А-  қосуды қажет ететін, 1- ден 30-ға дейінгі элементтер тізімі. Элемент ұяшық, ұяшық аумағы, сан немесе формула болуы мүмкін. Бос ұяшықтарға сілтеме, мәтіндік немесе логикалық мәндер ескерілмейді.

Берілген функция (+) қосу операторын қолданумен жинақтаудың орнын ауыстырады. В8 ұяшығында көрсетілген формула =СУММ(В2:В7),=В2+В3+В4+В5+В6+В7 формуласына сәйкес. Бірақ, кейьір ерекшеліктері бар. СУММ функциясын қолданған кезінде жинақтау ауқымына ұяшық қосу формулада жазу ауқымын өзгертеді.

 

[pic]

 

Сурет 1. Қарапайым қосынды

 

Таңдап қосу

Кейбір жағдайда барлық ауқымның қосындысын емес, тек қана оның ұяшықтарының қосындысын есептеу керек болады. Мұндай жағдайда СУММЕСЛИ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі – СУММЕСЛИ(А;В;С),

мұндағы, А-  қосылатын ұяшықтар саны.

В- сан немесе мәтін түріндегі критерилер.

С- жинақтау үшін арналған ұяшықтар.

Берілген шартқа жауап беретін мәндерді есептеуге болады. Мысалы, 2 суреттегі кестеде мемлекеттен студент саны 200-ден асуы керек шартымен мемлекеттер бойынша студентетр қосындысы есептелген.

 

[pic]

 

Сурет 2. Таңдап жинақтау

 

Көбейту

Көбейту үшін ПРОИЗВЕД функциясын қолданыңыз.

Функция синтаксисі – ПРОИЗВЕД(А),

мұндағы, А-  қайта көбейтуді қажет ететін, 1-ден 30-ға дейінгі элементтер тізімі. Элемент ұяшық, ұяшық аумағы, сан немесе формула болуы мүмкін. Бос ұяшықтарға сілтеме, мәтіндік немесе логикалық мәндер ескерілмейді.

Берілген функция (*) қосу операторын қолданумен жинақтаудың орнын ауыстырады. CУММ функциясын қолданған сияқты ПРОИЗВЕД функциясын қолдану кезінде қайта көбейту ауқымына ұяшық қосу формулада автоматты түрде жазу ауқымын өзгертеді.

 

Дөңгелектеу

Сандарды дөңгелектеу ақша есептеу кезінде көп қолданылады. Мысалы, теңгемен есептегенде тауар саны. Егер есептеу кезінде ондық разрядтан үлкен сан шықса, онда дөңгелектеу қажет болады.

Дөңгелектеу үшін функциялар тобын қолдануға болады. Көп қолданатын функциялар: ОКРУГЛ, ОКРУГЛВВЕРХ және ОКРУГЛВНИЗ.

Функция синтаксисі ОКРУГЛ

ОКРУГЛ(А;В),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

В- үтірден кейінгі таңбалар саны (ондық разрядтар).

ОКРУГЛВВЕРХ және ОКРУГЛВНИЗ функциясының синтаксисі ОКРУГЛ функциясы сияқты.

ОКРУГЛ функциясы дөңгелектеу кезінде 5-тен аз сандарды шегіндіреді, ал 5-тен көп сандар келесі разрядқа дейін дөңгелектейді. ОКРУГЛВВЕРХ функциясы дөңгелектеу кезінде кез келген санды келесі разрядқа дйін дөңгелектейді. ОКРУГЛВНИЗ функциясы дөңгелектеу кезінде кез келген санды шегереді. Мысалы, 3.суретте ОКРУГЛВВЕРХ, ОКРУГЛВНИЗ және ОКРУГЛ функциясын қолданып үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектеу көрсетілген.

 

  [pic]

 

Сурет 3. Ондық разрядтарды берілген санға дейін дөңгелектеу

 

ОКРУГЛВВЕРХ, ОКРУГЛВНИЗ және ОКРУГЛ функцияларын сандардың бүтін разрядтарын дөңгелектеу үшін қолдануға болады.

Аз бөлігіне қарай сандарды дөңгелектеу үшін ОТБР функциясын қолдануға болады.

Функция синтаксисі ОТБР (А;В),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

В- үтірден кейінгі белгішелер саны.

ОТБР функциясы В ауқымын көрсетіп, тек қана белгішелер санын қалдырып, артық белгішелерді шегереді.

ОКРУГЛВВЕРХ, ОКРУГЛВНИЗ және ОКРУГЛ функциялары сияқты ОТБР функциясын сандардың бүтін разрядын дөңгелектеу үшін қолданады. Ол үшін В ауқымының теріс мәнін қолдану қажет.

Аз бүтінге дейін санды дөңгелектеу үшін ЦЕЛОЕ функциясын қолдануға болады.  

Функция синтаксисі ЦЕЛОЕ (А),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

Функцияны қолдану мысалы 4.суретте келтірілген.

 

[pic]

 

Сурет 4. Бүтін санға дейін дөңгелектеу

 

Берілген нақтылықпен санды дөңгелектеу үшін ОКРУГЛТ функциясын қолдануға болады.

Функция синтаксисі ОКРУГЛТ (А;В),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

В- санды дөңгелектеу қажет болатын нақтылық.

Функцияны қолдану мысалы 5.суретте келтірілген.

 

[pic]

 

Сурет 5. Берілген нақтылықпен дөңгелектеу

 

Жақын жұп немесе тақ сандарды дөңгелектеу үшін ЧЕТН және НЕЧЕТН функцияларды, ал жақын үлкен немес кіші сан үшін ОКРВЕРХ және ОКРВНИЗ функцияларды қолдануға болады.

Функция синтаксисі ЧЕТН (А),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

НЕЧЕТН функциясының да синтаксисі осындай.

Екі функцияда дұрыс сандарды жақын үлкен жұп немесе тақ санға дөңгелектейді, ал теріс- жақын кіші жұп немесе тақ санға дөңгелектейді.

Функция синтаксисі ОКРВЕРХ(А;В),

мұндағы, А-  дөңгелектенетін сан;

В- дейін дөңгелектеу қажет.

ОКРВНИЗ функциясының да синтаксисі осындай.

 

Дәрежеге енгізу

Дәрежеге шығару үшін СТЕПЕНЬ функциясын  қолданады.

Функция синтаксисі СТЕПЕНЬ (А;В),

мұндағы, А-  дәрежеге шыгаратын сан;

В- дәреже көрсеткіші.

 

Квадрат түбірге шығару үшін КОРЕНЬ функциясын қолдануға болады.

Функция синтаксисі КОРЕНЬ (А),

мұндағы, А-  квадрат түбір шығаратын сан;

Теріс сандардан түбір шығаруға болмайды.

 

Тригонометриялық есептеулер

 Microsoft Excel бағдарламасында тура немесе кері тригонометриялық есептеулерді орындауға болады, яғни бұрыштың мәнін біліп тригонометриялық функцияның мәнін табу немесе функцияның мәнін біліп, бұрыштың мәнін табу.

Барлық тригонометриялық функциялардың синтаксисі бірдей. Мысалы, SIN функциясының синтаксисі- SIN(А),

мұндағы, А-  синус анықталатын радиан бұрыш.

Барлық кері тригонометриялық функциялардың синтаксисі де бірдей. Мысалы, ASIN функциясының синтаксисі- ASIN(А),

мұндағы, А-  синус анықталатын радиан бұрыш;

ПИ() функциясы π(пи) санының мәнін қояды. Функцияның аргументі жоқ, бірақ жақшаны өшіруге болмайды.

Мысалы, градустарды көрсетілген, бұрыш синусының мәнін қажетінше есептеу, оны ПИ()/180-ге көбейту керек.

 

[pic]

 

Сурет 6. Градустармен көрсетілген бұрыштар үшін тригонометриялық функцияларды есептеу

 

Сандарды түрлендіру

Сандарды түрлендіру бұрыш градустарын радианға, араб цифрын рим уифрына түрлендіру үшін қажет болуы мүмкін. Радиандарда көрсетілген бұрыштардың мәнін градусқа ауыстыру үшін ГРАДУСЫ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі ГРАДУСЫ (А),

мұндағы, А- градусқа түрленетін радиан бұрыш;

Градустарда көрсетілген бұрыштардың мәнін радианға ауыстыру үшін РАДИАНЫ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі РАДИАНЫ (А),

мұндағы, А- радианға түрленетін градус бұрыш;

ГРАДУСЫ және РАДИАНЫ функцияларын тригонометриялық функциялармен қолдану тиімді. Мысалы, градуста көрсетілген бұрыш синусының мәнін есептеу қажет кезінде (сурет 7), немесе арксинус мәнін градустарда есептеу (сурет 8).

[pic]

 

Сурет 7. Градуста көрсетілген бұрыштар үшін тригонометриялық функцияларды есептеу

 

[pic]

 

Сурет 8. Тригонометриялық функцияларды қолдану кезінде бұрыш градустарын есептеу

 

Санын абсолютті биіктігін анықтау үшін АВS функциясын қолданады. Санын абсолютті биіктігі – белгішесіз сан.

Функция синтаксисі АВS (А),

мұндағы, А- абсолюттік мәні анықталатын сан;

АВS функциясы қаржы функцияларын қолданумен есептеулер нәтижесін түрлендіру үшін қолданылады. Нәтижені дұрыс санға түрлендіру үшін АВS функциясын қолдануға болады (сурет 7.9).

 

[pic]

 

Сурет 9. Дұрыс санға түрлендіру

 

Араб цифрында жазылған санды рим цифрына түрлендіру үшін РИМСКОЕ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі РИМСКОЕ (А;В),

мұндағы, А- араб цифрында жазылған сан;

В- санның жазылу формасы.

 

Комбинаторика

Берілген элементтер санынан мүмкін болатын қисындар санын есептеу үшін ЧИСЛОКОМБ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі ЧИСЛОКОМБ (А;В),

мұндағы, А- элементтер саны;

В- әр қисындағы объекттер саны.

 

Санның фактариалы- факториалы анықталатын 1-ден санға дейінгі барлық сандар туындысы. Мысалы, 6 санының факториалы (6!) тең 1*2*3*4*5*6. Факториалды есептеу үшін ФАКТР функциясын қолданады.

Функция синтаксисі ФАКТР (А),

мұндағы, А- факториал есептелетін сан;

Теріс сандар үшін факториал есептеуге болмайды. 0 санының факториалы 1-ге тең.