7сынып
№6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ – ң тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру. ЭЕМ – нің өміріндегі рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Компьютер дегеніміз не?
Ақпараттық құралдар неден тұрады?
Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
ОЖ – нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.
Интерфайс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?
Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай? Олардың классификациясын түсіндіріңдер.
Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
Драйвердің ролі қандай?
Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
Есепшеттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай мен Египетте 2000 – 5000 жылдар шамасында болған.
Есепшот Ресейде 16 – 17 ғасырларды пайда болған.
17 ғасырдың аяғында шотландиялық ДЖон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.
1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
1642 ж. француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 ж. неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 ж. алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Ол қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
XIX ғасырдың соңында амариекалық Герман Холлериат есепші – перфарациялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші – перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. IBM фирмасына айнады.
1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк – 1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.
Электронды есептеуіш машиналар.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машина ENIAC, EDSAC машиналары болды, 1940 – 1955 жылдар.
Екінші буынға – 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізде құрылған ЭЕМ – дер.
Қазіргі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буынға компьютерлер әлі шыққан жоқ .
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ – ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ – дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭУМ – ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Бірінші электронды – есептеуіш машина қалай аталған?
«Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: 2,1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 2.1.1,.2, 3 тапсырманы орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру.