Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:

білімділік:

  • оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру;

  • компьютерде машықтық жұмыстарды өз бетімен жасауға үйрету. 

тәрбиелік:

  • оқушыларды ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді өз бетінше жазуға тәрбиелеу.

дамытушылық:

  • оқушылардың ой-өрісін, таным белсенділігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалімнің рұсқатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанын портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Пернелік тақа үстіне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тйым салынады.
ІІ Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ –жауап ауызша сұрақтарға жауап береді

  1. Символ дегеніміз не?
    2. Мәтіндік курсор қайда орналасқан?
    3. WordPad мәтіндік редакторының құжат типі.
    4. Мәтіннің негізгі элементін көрсет.
    5. Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар.
    6. Сөзді немесе символды бас әріппен бастау үшін әріп пернесімен бірге қандай пернені басу керек?
    7. Бірнеше сөзді бас әріппен жазу үшін қай пернені басу керек?
    8. Курсорды мәтін бойынша жолдын басына апару үшін қай пернені басу керек?
    9. Үзілмейтін бос орын қою үшін қай пернелерді басу керек?
    10. Көп бетті құжаттын соңғы бетіне бірден бару үшін қай пернелерді басу керек?
    ІІІ Жаңа сабақ:

Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Символдарды жою үшін қандай пернелер қолданылады?
Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсордан оң жақта орналасқан символды, Васкsрасе пернесімен курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.
Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Іnsert пернесін басңанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Іnsert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен жылжытуға болады:
Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас. Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Сtrl пернесін баса отырып жылжытамыз немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы копировать батырмасы), керек жерге кірістіреміз. Жылдам қол жеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Сtrl+z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернуін қолданады.Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады.
Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімен бірге басу керек.
Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді. Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде CTRL пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан А әріпімен басуға да болады. Әріптің кескінің форматтау панелінің көмегімен өзгертеміз
IV Тақырыпты қорытындылау:

Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындау

1. Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.
2. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
3. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
4. Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.
Практикалық жұмыс
Мәтінді теру және түзету ережелерін сақтай отырып хабарлама хатын жазыңыздар. 
Алакөл негізгі жалпы білім беретін
мектебінің информатика пәнінің
 
мұғалімі ____________________
5−сынып оқушыларынан
 
Хабарлама
 
5−10 қаңтар алығында ауа райының күрт суытып кетуіне байланысты 5−сынып оқушылары «Жас информатика» атты байқауға қатыса алмағанымызды хабарлаймыз.
 
Хабарлама беруші. 5−сынып оқушылары
V Қорытындылау.

Сабақта алған жаңа әрі жалпы ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыстарды орындауын тексеру.

VI Үйге тапсырма: тақырыптарды оқу, тест тапсырмаларын құрастыру.