Пән мұғалімі |
| Күні |
|
ПӘНІ | Информатика | Сыныбы | 9 |
ТАҚЫРЫП | Компьютерлік графика түрлері. |
МАҚСАТЫ | Оқушылар графиканың түрлерімен танысады. |
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | Оқушылар әр бір графиканың қызметін үйренеді. |
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлемін.
1 топ «Алгоритм»
2 топ «Паскаль»
3 топ «Интернет»
Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
3мин
Үй тапсырмасы
«кім шапшаң» сурақтардың жауап табу.
Ең алғашқы рет пайдаболған интернет желісі?(арпанет)
Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік қандай?(байт)
Бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі, жиыны. (желі)
Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? (бес, 5)
Компьютердің атасы /Бэббидж/
Google, Yandex, Rambler ақпараттық- іздеу ........... болып табылады (порталдар)
Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
Никлаус Вирт қай тілді енгізгізді? (Паскаль)
Integer қандай сан? (бүтін)
Әл - Хорезм атауымен байланысты жасалған тіл? (Алгоритм)
Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі. /Электрондық пошта/
MOD – ....... табу (қалдықты)
Real қандай сан? (нақты)
1994 жылыэлектрондық пошта қай елде пайда болды?(Қазақстанда)
Оқушылар сұрақтарға тауып оны сызып көрсетеді.
ІІ. Мағынаны тану
(12минут)
Графика дегеніміз – бұл сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет.
Графикалық редактор дегеніміз – графикалық бейнелерді құруға немесе өзгертуге арналған программа.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика : 1) Екі өлшемді графика
2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.
Екі өлшемді графикаға: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді.
Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Инженерлік графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Көркемдік және [link] сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді
web графикасы-Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі практикалық, бұл бөлімде дайын сайт жасап шығарылады
Оқушылар дәптерлеріне керек жерлерін жазып алады
Практикалық жұмыс
20 мин
[pic] [pic]
Әр оқушы компьютерде орындайды.
«тауып қара» (4минут)
Суреттерді пайдаланып әр суретті өз графикасына орналастырады.
[pic]
Әр топ орындарынан тұрып жауап береді.
Көз жаттығулары
(3 минут)
Әр жеке оқушы отырған орнындаорындайды
Бағалау
2минут
Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау
Бағаларын күнделікке қойдырады.
Үй тапсырмасы
2 минут
Тақырыпты мазмұндау
Оқып келеді