Біз суретшілерміз Paint графикалық редакторында сурет салу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Информатика

Тақырыбы: Біз суретшілерміз

Мақсаты:Балалардырaint графикалық редакторында өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Жаңа жылдық мерекенің суретін салуғызу арқылы балалардың қиялын ұштау. Әсемдікке, сұлулыққа үйрету.

Көрнекіліктер:Paint графикалық редакторының құрал-саймандарының суреттері,жаңа жылдық суреттер

Мотивациялық-

қозғаушы

Балалармен амандасу. Жаңа жылдық суретті тақтаға іліп, мерекенің ерекшеліктері туралы айтып өту. Ақшақардың, аяз атаның киімі туралы қысқаша мағлұмат беру.

Амандасады. Жаңа жыл мерекесінің суреттерін көреді. Мұғалімді мұқият тыңдайды.


Іздену –

ұйымдастырушы


Ойын: «Қауіпсіздік ережесін сақтау»


Балаларды компьютерге отырғызу. Оны іске қосу жолдарын сұрау. Paint графикалық редакторын ашу және өз қиялынан туған жаңа жылдық сурет салуға кеңес беру. Paint графикалық редакторындағы құрал-саймандарды сұрап өту. Балалардың жұмыстарын тексеріп, салған суретінің мазмұнын айтқызу.


Компьютерді өшіру жолдарын сұрау.

Сергіту жаттығуы:

Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.



Ойын: «Қауіпсіздік ережесін сақтау» ойынын ойнайды.

Компьютерге отырады, оны іске қосады. . Paint графикалық редакторын ашып, өз қиялынан туған жаңа жылдық сурет салуға кіріседі. Әр бір бала өз суретінің мазмұны туралы айтады.



Компьютерді өшеді.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз
.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Көз жаттығуларын орындау.

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып – жұму;


Балаларды мадақтау, бағалау

Көз жаттығуларын орындау.

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Балалар оқу іс-әрекетіен алған әсерлерін бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Paint графикалық редакторы туралы білуі

Болуы керек:Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы

Қолынан келуі: Өз бетінше сурет сала білуі. Paint графикалық редакторындағы

құрал-саймандарды қолдана білуі