Техника қауіпсіздігі ережелері Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады: 1. Жалпы ережелер 2. ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер 3. Жұмыс жасау барысындағы ережелер 4. Авариялық жағдайдағы ережелер 5. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер Жалпы ережелерге келесілер жатады: 1. Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды. 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды. 4. Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды. 5. Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды. 6. ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет. 7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды. 8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды. ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер: 1. Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы. 2. Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек. 3. Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу. Жұмыс жасау барысындағы ережелер: 1. ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см. 2. Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес. 3. Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады. 4. Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет. 5. Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет. Авариялық жағдайдағы ережелер: 1. Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз. 2. Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады. 3. Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек. 4. Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет. 5. Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер: 1. Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет. 2. Жұмыс орнында тазалық жүргізу. 3. Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек. Бірінші медициналық көмек көрсету Электр тоғымен зақымданғандағы көмек көрсету: 1. Тоқты өшіру. 2. Электрөткізгіш болып табылмайтын материалдарды пайдаланып, электр тоғының әсерінен зақымданған адамды босату. 3. Зақымданған адамды қарап шығу, денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету. 4. Жедел жәрдем шақыру (мектеп медпункті). Денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету: 1. Тыныштандыратын дәрі беру (анальгин, валерианка) 2. Күйік болған жерге мазь жағу. 3. Күйік алған жерді целофанмен орап, суық суға салу. 4. Жедел жәрдем шақыру. Талып қалған жағдайда көмек көрсету: 1. Талған адамды тегіс жерге арқасымен жатқызу, басын артқа қарай шалқайту керек. 2. Жедел жәрдем шақыру. Тынысы тоқтап қалған жағдайда көмек көрсету: 1. Аузын ашып, тілін тексеру керек, егер тілі кетіп қалса, оны орнына келтіру. 2. Тынысы қалыпты жағдайға келгенше немесе дәрігерлер келгенше, жасанды тыныс алдыруды жасау. 3. Жедел жәрдем шақыру. Көз шаршауын басатын жаттығулар: Компьютер алдында біріңғай жұмыс жасау көздің шаршауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жұмыс жасау барысында 1-2 мин көзге арналған жаттығуларын жасап тұру қажет. 1. Ұзақ жаққа – мұрын ұшына, оңға-солға, жоғарыға-төменге қарау. 2. Көзді сағат тілі бойынша шеңбер бойынша қозғалту. 3. Көзді жұмып, оны қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру керек. Жалпы шаршағанды басу жаттығулары: 1. Сағат тілі бойынша және керісінше басты бұру. 2. Оңға-солға бұрылу. 3. Саусақтарды жұдырыққа түйіп, қайта босату. Керілу және созылу. |