Информатикадан сабақ жоспары. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №16

Білімділік: графикалық редактордың негізгі сурет салу құралдарымен, олардың қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылық: көрнекілік-бейнелік ойлау қабілеттерін дамыту, графикалық ақпаратпен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ақпараттық мәдениетін, ұқыптылық, тәртіптілік, назар аудару қабілеттерін тәрбиелеу, жұмысына жауапкершілікпен қарау.

Көрнекілігі:

Оқулық, жұмыс дәптері, презентация, флипчарт, MyTestX, тест «Графикалық редактор»

Түрі:

Алған білімдерін практикада бекіту сабағы

ІІ

Ұйымдастыру:

(3 мин)

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІІ

Үй тапсырмас тексеру (5 мин)

MyTestX программасында «Графикалық редактор» тақырыбына 7 сұрақтан тұратын тест орындау

IV

Жаңа сабақ

Балалар, өткен сабақта біз сендермен графикалық редактормен таныстық, қарапайым сурет салып, оны сақтап, ашуды үйрендік. Кезек күрделі суреттерге келді. Ол үшін біз осы редактордың барлық сурет салу құрылғыларымен танысуымыз қажет. Суреттің үзіндісін ерекшелеп, оны көшірмелеу, орнын өзгерту, қиып алу, жоюды үйренеміз.

Сурет салу құралдары:

[pic]


1. Қарандаш  [pic]

2. Қылқалам  [pic] [pic]

3. Бүріккіш  [pic] [pic]

4. Құю  [pic]

5. Пипетка  [pic] Түстерді көшірмелеу үшін

Объектілерді салу құралдары

1. Сызық  [pic] Shift пернесін пайдалануға болады

2. Қисық сызық  [pic] [pic]

3. Тікбұрыш  [pic]

4. Эллипс  [pic]

5. Дөңгеленген тікбұрыш  [pic]

6. Көпбұрыш  [pic] [pic]

V

Физминутка

СанЕжәнеН-ның міндетін орындау мақсатында компьютермен жұмыс істеу барысында физминутка ұйымдастыру.

VI

Практикалық бөлім

Тапсырма №1. Сурет салу құралдарын пайдаланып, келесі суреттерді сал. Қандай сурет салу құралдарын пайдаланғаныңды дәптеріңе жаз. [pic]

Тапсырма №2. Оқулықтың 129 бетіндегі практикалық жұмысты орындау.

VIІ

Сабақты бекіту

Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

  • мен білдім...............

  • менің білгенім...........

  • менің білгім келеді.........

  • мен орындай аламын...........

VIІІ

Үй тапсырмасы

    1. Оқулықтың 126-129 беттерін оқу. Тестілеуге дайындалу.