ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАМАЛЫҚ
Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
Арнайы киімді кию,шашты жинап, үшкіл орамалды мұқият тартып алу.
Электр плитасын қосардың алдында қуат беруші электр сымының ақаусыздығын тексеру; плитаны қосқанда штепсельдің айырын штепсель розеткасының ұясына түбіне дейін толық енгізу. Айырды электр сымынан тартып ажыратуға болмайды.
Бөлмені желдету.
Матамен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалық
II.Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
Арнайы киімді кию шашты жинау үшкіл орамалды мұқият тартып алу
Электр тігін машинасының жерге қосылуының барын және ақаусыздығын тексеру
Үтіктің дұрыс жұмыс істеуін тексеру барлық ақау туралы мұғалімге хабарлау
Бөлмені желдету
Қол жұмыстарын (іс тігу кесте тігу тоқу ) орындау кезіндегі жөніндегі нұсқамалық
III.Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Өз жұмысың мен жұмыс аспаптарыңа ұқыппен қарау
Инені түйреуішті шалма бізді және ілгектерді ауызға салмау оларды киімге түйремеу
Іс тігу мен тоқу үшін иненің көзіне ұзындығы шынтақтан аспайтын жіп садақтау
Жұмыс үзілісі кезінде инелер мен түйреуіштерді ине сақтайтын қорапқа салу қайшының жүздерін біріктіріп үстелге қою
Қайшыны бір біріне тек жүздерін біріктіріп сақиналарын алға қаратып беру
Қайшының еденге түсіп кетпеуін бақылау
жіпті тіспен тістемеу және қолмен узбеу
Қайшыны шалма бізді ілгектерді сермеме
IV.Сабақ аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
Ине сақтайтын қораптағы инелермен түйреуіштердің санын тексеру олардын саны дәл жұмыс басталар алдындағыдай болуы тиіс жоғалған инелер мен түйреуіштерді іздеп табу
Сынған инелер мен түйреуіштерді қағазға орап қоқыс салатын жәшікке тастау
Қайшыны шалма бізді және ілгектерді осыған арнайы бөлінген жерге алып қою
Өзіңнің жұмысыңды сөмкеге немесе жұмыстарды салатын қорапшаға салу