|
Сабақ жоспары Брейк операторы (9сынып)
Автор публикации: Акерке Г.М.
Дата публикации: 2016-05-02
Краткое описание: ...
№ |
| 9 - сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | Break(үзу) және continue(жалғау)операторы(1 сағ.) | I. | Мақсаты: | Паскаль бағдарламасында циклді үзу және циклді жалғау операторларын оқушыларға меңгерту, Break және continue операторытақырыбына арналған есептерді шығаруға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру, көптеген әр түрлі мысалдар арқылы оқушылардың білімдерін толықтыру; | Көрнекілігі: | Презентация, тақта, компьютерлермен жұмыс TurboPascalпрограммасы | Түрі: | Аралас сабақ | II. | Барысы: (3 мин.) | Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу; Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау; Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
| III. | Өткен тақырыпты қайталау. (7 мин.) | Үй тапсырмасын тексеру. Есеп 1. Алғашқы 10 жұп санның көбейтіндісі мен арифметикалық ортасын табыңдар. Program m2; Vari, p, s: integer; k: real; Begin i:=2; S:=0; P:=1; Repeat P:=P*I; S:=S+I, i:=i+2; Until i>20 k:=S/10; writeln (‘Көбейтінді=’, P, ‘Арифметикалық орта=‘,k) end.
| IV. | Жаңа сабақ. (15 мин.) | Лекция. Break(үзу) және continue(жалғау)операторлары. Паскаль тілінде циклді басқару үшін 2 оператор қолданылады. Олар циклді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, программа құрылымын жақсартады. Break- циклді тоқтатуды жүзеге асырады; басқару циклден кейін тұрған операторға береді. Continue- циклдің кезекті қадамының орындалуын мерзімінен бұрын аяқтауды жүзеге асырады; басқару циклдің келесі мәніне беріледі.
Мысал 2. nбүтін сан енгізіп, олардың ішінен оң сандардың ғана қосындысын және санын есептендер. Vari,n,x,: integer; Begin read (n); for i:=1 to n do begin readln (x); If xmod 5=0 then break; end; writeln (‘5 – ке бөлінетін алғашқы санның индексі = ‘,i) End. | V. | Сабақты бекіту. (10 мин.) | Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгердіңдер? – сол мақсатта бекіту жаттығуларын орындаймыз. 1.Тапсырма сәйкесін анықтаңдар:
2.Келесі тапсырмамыз сергіту сәті, яғни ребусты шешеміз
Соңғы Тапсырмамыз, әріптерді құрастыру;
| VI. | Үйге тапсырма. (5 мин.) | Тақырып бойынша түсінгендерін айту, сыныпта берілген мысалдарға ұқсас мысалдар жазып келу, сол есептің шығару жолдарын сынып алдында түсіндіріп беру. | VII. | Қорытынды. (5 мин.) | Сабақ аяқталды, оқушылар тақырыпты менгере алды, берілген мысалдар оқушылардың білімдерін толықтыра білді. Сау болыңыздар! |
|
|