Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу. Сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары

Пән аты: Информатика

Сынып: 5

Өткізілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Windows-тың стандартты программалары жөнінде түсінік беру. Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Өз дауысын жазуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелер.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Windows 8 операциялық жүйесі. Дыбыс жазу бағдарламасы.

Сабақтың өту барысы:

1.Қызығушылықты ояту

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.

в) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • Калькулятордың атқаратын қызметі қандай?

  • Калькулятордың қандай түрлері бар?

  • Блокнот программасын іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

  • Блокнот бағдарламасы не үшін арналған?

  • Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін қандай әдістер қолданылады?

  • Калькуляторды іске қосу үшін қандай тізбекті орындау қажет?

  • Соңғы ендірілген цифрды қандай батырма өшіреді?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.Практикалық жұмыстар.

5.Мағынаны тану

6. Ой-толғау

7.Үйге тапсырма беру.

8. Оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақ

Жаңа түсініктер

Дыбыс жазу бағдарламасы – Windows-тың стандартты бағдарламасының бірі. Дыбыс жазу бағдарламасы сөйлеп тұрған адамның дауысын, не басқа дыбыстарды жазуға арналған. Дыбысты жазу бағдарламасын ашу үшін: Пуск-Все программы-Стандартные-Звукозапись командасын орындаймыз. Бағдарлама терезесінің интерфейсі келесі бөліктен тұрады:

  • Жазуды бастау батырмасы;(1-сурет)

  • Жазуды тоқтату; (2-сурет)

  • Анықтама батырмасы;

[pic]

1-сурет

[pic]

2-сурет

Дыбысты жазу үшін, «Жазуды бастау» батырмасын шерту керек;

Дыбысты жазып аяқтағаннан кейін «Жазуды тоқтату» батырмасын шерту керек. Жазылған дыбыс .wma кеңейтілуімен сақталады.

Тапсырмаларды орындау. Практикалық жұмыс.

Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс. Дыбыс жазу.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Дыбысты жазу бағдарламасы не үшін арналған?

  • Дыбыс жазу бағдарламасын қалай ашамыз?

  • Дыбыс жазу бағдарламасының кеңейтілуі қандай?

  • Дыбыс жазу бағдарламасында қандай батырмалар бар?

Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білмдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Дыбыс жазу бағдарламасы.

Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.



Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасына дайындалып келуі.

(1-2 ұпай)

Жаңа сабақты толық меңгеруі. (1-2 ұпай)

Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (1-2 ұпай)

Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(1-2 ұпай)

Компьютерде тапсырмаларды орындауы

(1-2 ұпай)



Жалпы ұпай:

9-10 ұпай-«5»

7-8 ұпай –«4»

5-6 ұпай-«3»