Информатика 8-сынып. Санау жүйелері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді жоспар

Күні: Пәні: Информатика Оқытушы: Сагындыкова Гульнур Алашеровна

Сабақтың тақырыбы:

Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)

Сілтеме

Оқулық : Информатика 8-сынып Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Мектеп» баспасы 2012 жыл

Информатикадан электронды оқулық 8-сынып

Мақсаты:

  • Оқушылар санау жүйелері түрлерімен, сандарды санаудың бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аудару тәсілдерімен танысады.;

  • Сандарды бір санау жүйелерінен екінші санау жүйелеріне аудару дағдыларын  жетілдіреді қалыптастырады. 

  • Оқушылар ұқыптылыққа,  ұйымшылдыққа тәрбиеленеді;


Күтілетін нәтиже:

- Санау жүйелері және оның түрлерін біледі;

- Позициялық емес санау жүйелерін біледі;

- Позициялық санау жүйесінің негізін біледі;

- Екілік, ондық, Сегіздік Он алтылық санау жүйелерімен танысады;

- Екілік, он алтылық санау жүйелерін не үшін қолдану керектігін біледі;

- Сандарды ондық санау жүйесіне көшіруді үйренеді;

- Сандарды жалпы позициялық санау жүйелеріне көшіруді үйренеді;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс –тәсілдер:

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (1 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

-Сабақтың тақырыбымен таныстыру;

-Оқушылардын орындайтын тапсырмаларын қысқаша шолу;

- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

(3 мин)

(Диалог әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)

  • Әр оқушы өздерінің ойларын ауызша жеткізу;

  • Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою;

  • Кестемен жасалған жұмысты тексеру;

  • Тест тапсырмасын қайталау.



ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (Санау жүйесі дегенді қалай түсінеміз?)

  • Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін санау жүйесіне практикалық тапсырмалар беру;

  • Позициялық санау жүйесі мен позициялық емес санау жүйесінің ерекшеліктері? (слайд арқылы көрсету)

  • Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен таныстыру;

Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

«Білу» теориясы.

(10 мин)

  • Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

  • Санау жүйесінің ережесімен таныстырады.

  • 1-топқа: «Позициялық санау жүйесі»,

  • 2-топқа: «Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.

  • Екілік, он алтылық санау жүйелері

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта жұмыс жасайды.

  • Білген түсініктерін қорыта отырып, практикалық тапсырмаларды орындайды.

  • Оқушылар сандарды позиялық санау жүйелеріне көшіруді көрсетеді

«Түсіну» теориясы. (4 мин)

Қызығушылықты ояту

  • Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?

  • Қазір барлығымыз санды екілік санау жүйесінен сегіздікке(он алтылыққа) көшіреміз

  • Оқушылар дәптерлеріне меңгерген тақырыпты жазады;

  • Санау жүйесі бойынша берілген тапсырманы орындайды;

«Қолдану» практикасы. (8мин)

(Қарапайым тапсырмалар)

Мағынаны тану

  • Енді оқулықты ашып, бүгінгі тақырыпты оқиық.

  • Санау жүйесімен танысамыз;

  • Екілік,сегіздік,ондық, он алтылық санау жүйелерімен жеке-жеке танысу.


  • Оқушылар тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша тапсырмалар жасап, сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіреді.


«Талдау» теориясы.

(5 мин)

(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)

  • Санау жүйесі және оның түрлерін талдау;

  • Ондық, сегіздік, екілік санау жүйелерін талқылау;

  • Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.


  • әр оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, тапсырмаларды орындайды.


Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау

«Жинақтау» теориясы (4мин)

(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)

  • Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. Санды екілік санау жүйесінен сегіздікке және керісінше көшіруді көрсету

  • Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. Санау жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді

«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша формативті бағалау

Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.

  • Санау жүйесінің ережесін білемін – 1 балл;

  • Санау жүйесінің түрлерін ажырата аламын – 1 балл;

  • Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіруді білемін – 1 балл;

  • Ондық және аралас сандарды басқа санау жүйелеріне көшіруді білемін – 1 балл;

  • Санау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктерін ажыра аламын – 1 балл;

  • Жиыны 5 балл.

Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау

Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.

1-2 балл – «2»

3 балл – «3»

4 балл – «4»

5 балл – «5»

Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін тест жұмысы таратылады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

Оқулықтан § 2 оқу, тақырып бойынша 4 сұрақ құрастырып келу

Дарынды оқушыларға «1532 санын он алтылық жүйеде жазып келу».



Тексерген: