Қысқа мерзімді жоспар 9-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Мәлімет


Мұғалімнің аты-жөні: Биходжаев Медет Куатович

Пәні: информатика

Санаты: І

Пед өтілі: 9 жыл

Деңгей: ІІ

Бітірген оқу орны: ОҚМУ, 2007ж.

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының

« Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

















































Кіріспе



XXI ғасыр – әлемнің өзгеріп, ғылым мен білімнің қарқынды дамып жатқан кезеңі. “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар” деген ата- бабаларымыз. Қоғамымызда сауатты, сандық тұрғыдан көзқарастары дамыған оқушылар қалыптасса, біздің дамыған мемлекеттермен иық тіресіп тұра аларымыз сөзсіз. Бұл ғасырда білімге қойылатын талаптар да, мұғалімге қойылатын талаптар да өзгерген. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан, біздер, мұғалімдер, оқытуға деген көзқарасымызды өзгертуіміз қажет.

Бүгінгі таңда əрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты ел ертеңі - бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тəрбие беру болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы айтқандай: «Біз “ Өмір бойына жететін білім алу” моделінен “Өмір бойы білім алып өту” моделіне көшуге тиіспіз» дегендей өз педагогикалық іс-тәжірибемізді күннен күнге жаңартып, өзгертіп отыруымыз тиіс. Бiлiм жүйесіндегі кәсіби өзгeрiстер ұстaздан үлкен жaуaпкершiлікті тaлaп етeді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алaтын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың қолында, яғни біздің қолымызда. Осы тұрғыдан үйреніп оқып жатқан жаңа бағдарлама негізіндегі жаңашыл әдістерді өз әріптестеріммен бөліскім келді. "Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын"(А.Эйнштейн) деген сөзді негізге ала отырып, оқушылардың өздері әрекет етуіне жаңа бағдарламаның жеті модулі маңызды деп түсінемін.









































Қысқа мерзімді жоспар№1 сабақ

Күні:


Сыныбы: 9-сынып


Пәні: информатика


Тақырыбы

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.

Мақсаты

ДК-пен жұмыс істеу кезіндегі ҚТ ережелерін және төтенше жағдайларда не істеу керектігі туралы ережелер туралы білімдерін қалыптастырады;

Оқу нәтижесі:

Информатика кабинетіндеөзін – өзі алып жүру ережелерін меңгере отырып және көзді талдырмау жаттығуларын жасау мағлұматын игереді.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Жаттығулар:

1. Сергіту сәті

2. Топта жұмыс істеу ережесі

3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

топтық жұмыстар

өзгенің пікірін құрметтей білу

өзін-өзі және өзгені бағалау

Дереккөздер:

Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық

Интернеттен алынған ақпараттар

қосымша дидактикалық материлдар

Оқуға арналған тапсырма:

Оқулық

оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары.

Практикум


Ресурстар

Ұйымдастыру

(7 мин.)

Сәлемдесу

Үлестірмелер арқылы 3 топқа бөлу.

Түрлі түсті фигуралар беріледі.


Кезекші сынып жайлы ақпар береді. Оқушылар үлестірмелерді таңдай отырып, фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді.

Түстер және фигуралар психологиясы бойынша ақпар алады.


Үлестірмелі суреттер

Жағымды ахуал

(5 минут)

«Болашақ» бейнежазбасын көрсету.

Жылы атмосфера қалыптастыру;


Бейнежазба

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

(10 мин.)


Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

1.Жалпы

2.ДК-де жұмысты бастау алдында

3.Жұмыс істеу кезінде

4.Авариялық жағдайларда

5.Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1.Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3.ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

4.Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйымсалынады.

5.Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

6.Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

7.Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.


Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайдыжәне қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.


оқулық

Тәжіри

белік жұмыс

(10 мин.)


«Аквариум» әдісі

Топтық жұмыс

(постер дайындау)

1 - топ – Пайдаланушының компьютерде отыру ережесін жазыңыз.

2 - топ – Компьютерді қолданғанда тез шаршамау үшін не істеу керек.

3 - топ – Компьютерді қолданғанда кенеттен оқыс жағдай болғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.










Оқушылар бірлесе берілген тақырыптарына сәйкес жұмыстарын дайындап және «Аквариум» әдісі бойынша қорғап шығады.

Тапсырма критерийлері:

1.Тақырыптың толық ашылуы – 10 балл

2.Эстетикалық талғамға сәйкестігі – 10 балл

3.Топтардың бірлесе жұмыс жасауы – 10 балл

Бағалау шкаласы:

25- 30 балл – «5»

24- 20 балл –«4»

19- 10 балл –«3»

Критерий

лер арқылы бағалау


Компьютер, практикалық тапсырма үлестірмесі

Сергіту сәті.

3 мин

Таныстырылым көрсету

«Жеті керемет»

Пікірлерін айтып өтеді.


Компьютер, таныстырылым

Сабақты бекіту

5 мин

Сұрақ – жауап


Сұрақтар қойып, жауап береді.



Бағалау

3 мин

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау




Үйге тапсыр

Ма

Үй тапсырмасын тақтаға жазу. «Техникалық қауіпсіздік ережелері» жайлы мағлұматты толықтырып, өз беттеріңше ізденіп келу;

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.



Кері байланыс.

2 мин

[pic] [pic]

рефлексия парағын ілу .

Оқушылар тақырыпты түсінген, түсінбеген сұрақтарын рефлексия парағына жабыстырғыштың көмегімен жабыстырып кетеді.


Парақшалар

































Қысқа мерзімді жоспар №2 сабақ

Күні:


Сыныбы: 9-сынып


Пәні: информатика


Тақырыбы

Алгоритм ұғымы.Алгоритм орындалуы. Практикалық жұмыс №1,№2.

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.

Мақсаты

Алгоритм деген не екенін және алгоритм болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін және алгоритм орындалуын мысалдар арқылы түсіндіру;

Оқу нәтижесі:

Оқушылар алгоритм ұғымын біледі, алгоритм болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін ажырата алады. Кез – келген мысалға алгоритм жасай алады.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Жаттығулар:

1. Сергіту сәті

2. Топта жұмыс істеу ережесі

3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

топтық жұмыстар

өзгенің пікірін құрметтей білу

өзін-өзі және өзгені бағалау

Дереккөздер:

Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық

Интернеттен алынған ақпараттар

қосымша дидактикалық материлдар

Оқуға арналған тапсырма:

Оқулық

оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары.

Практикум


Ұйымдастыру

Жағымды ахуал

(5 минут)

Сәлемдесу

«Шаттық» шеңберін құрғызу.

Топқа үлестірмелер арқылы бірігеді.

1-топ- «Компьютер»

2-топ- «Информатика»

Кезекші сынып жайлы ақпар береді. Жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында оқушылар шеңбер бойында тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтып өтеді.Топқа үлестірмелерді таңдай отырып бірігеді.


Үлестірме

лер

Ой қозғау

(5 минут)

«Конверт сұрақ» әдісі бойынша топ басшы өз тобына берілген конвертті алып, топ мүшелерімен бірлесе отырып, әр сұраққа топтағы мүшелердің барлығы жеке жауап беруін қадағалайды.

Конверттегі берілген сұрақтарға әрі жылдам толық жауап береді.

Белгілер

мен бағалау

конверт

Жаңа сабақ.

(10 мин.)

Оқулықпен жұмыс


Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Алгоритм қасиеттері

1.айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);

2.үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)

3.нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)

4.жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.

5.формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек.


Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайдыжәне қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.


оқулық

Тәжірибелік жұмыс

(13 минут)


Жеке жұмыс

Практикалық №1 және №2 орындау.




Оқушылар жеке практикалық жұмысты орындайды.Жұптарыңмен алмаса отырып, тексереді.

Өзара бағалау


оқулық

Сергіту сәті.

( 2 минут)

Таныстырылым көрсету


Пікірлерін айтып өтеді.


Компьютер, таныстырылым

Сабақты бекіту [pic]

(5 минут)


«Қаламсап» стратегиясы





Қаламсаптарды таңдау.

2-3 оқушның қаламсабын таңдау. Жаңа сабақ бойынша меңгергендіктерін оқушылардың өздері пысықтату.

Бүгінгі меңгерген тақырып бойынша сөйлеп өтеді.Сұрақтар қойып, жауап береді.


қаламсап

Бағалау

(2 минут)

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау




Үйге тапсырма

(1 минут)

Үй тапсырмасын тақтаға жазу. №1,2,3 тапсырмаларды және бақылау сұрақтарына жауап беру. &2 тақырып

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке түсіріп алады.


күнделік

Кері байланыс.

(2 минут)

«Бес саусақ» әдісі бойынша пікірлерін жазып түсіру.


Оқушылар кері байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Парақшалар

















Қысқа мерзімді жоспар №3 сабақ

Күні:


Сыныбы: 9-сынып


Пәні: информатика


Тақырыбы

Алгоритм жазылуы.Алгоритм түрлері. Практикалық жұмыс №3,№4.

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.

Мақсаты

Алгоритм формаларын және алгоритм түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар алгоритм формаларын біледі. Алгоритм түрлерін ажырата алады. Берілген есептерге алгоритм құра алады және оның қай түріне жататын біледі.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Жаттығулар:

1. Сергіту сәті

2. Топта жұмыс істеу ережесі

3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

топтық жұмыстар

өзгенің пікірін құрметтей білу

өзін-өзі және өзгені бағалау

Дереккөздер:

Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық

Интернеттен алынған ақпараттар

қосымша дидактикалық материлдар

Оқуға арналған тапсырма:

Оқулық

оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары.

Практикум


Ұйымдастыру

Жағымды ахуал

(7 минут)

Сәлемдесу

«Шаттық» шеңберін құрғызу.

«Қозғалыстағы сурет» жаттығуын орындау.


Кезекші сынып жайлы ақпар береді. Жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында оқушылар шеңбер бойында қозғалыста жүріп ,алдыңғы адамның бейнесін салып жүреді.Тоқтаған сәтті бір-бірлеріңе беріп, қарап шығады.


Үлестірме

Лер, А4 парағы , маркер

Үй тапсырмасы [pic]

(5 минут)


«Қаламсап» стратегиясы





Қаламсаптарды таңдау.

2-3 оқушның қаламсабын таңдау. Үйге берілген тақырып бойынша оқушылардың өздері еске түсіреді.

Қаламсап иелері үйге берілген тақырыпты айтып өтеді.

Белгілер

мен бағалау

қаламсап

Жаңа сабақ.

(10 мин.)

Оқулықпен жұмыс


Алгоритмнің жазылу жолдары

1.сөзбен

2.блок-схема түрінде 3.алгоритмдік тілде4.программалық тілде.

БС құру ережелері:

1.БС басын және соңын көрсететін блок міндетті түрде болуы қажет;

2.БС-да бір-бірімен қосылмаған блоктар болмауы тиіс;

3.блоктар алгоритмдегі амалдардың орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы тиіс;

4.арифемтикалық амаладар (процесс) орындалатын блоктың бір ену, бір шығу сызығы, шарт тексеру блогының (ромбы) бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.Алты бұрышпен белгіленген цикл басы блогының екі ену, екі шығу сызығы болады.

Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайдыжәне қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.


оқулық

Тәжірибелік жұмыс

(10 минут)


Топтық жұмыс

Практикалық №3 және №4 орындау.




Оқушылар практикалық жұмысты орындайды.Топтар «Аквариум» әдісі бойынша дәптерлерің келесі топқа бере отырып, тексертеді.

Топтық бағалау


оқулық

Сабақты бекіту

(10 минут)

«Ыстық орындық»





Әр топтан өз қалауы бойынша «Ыстық орындық» әдісі бойынша орындыққа отырып, оқушылар қойған сұрақтарға мүдірмей жауап береді және алгоритмге мысалдар келтіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Белгілермен бағалау

орындық

Бағалау

(2 минут)

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау




Үйге тапсырма

(1 минут)

Үй тапсырмасын тақтаға жазу. №1,2 тапсырмаларды және бақылау сұрақтарына жауап беру. &3 тақырып

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке түсіріп алады.


күнделік

Кері байланыс.

(2 минут)

«Бас бармақ » әдісі бойынша жаңа тақырыпты қандай деңгейде түсінгендіктерін көрсетіп өтеді және парақшаға пікірлерін жазып түсіру.


Өз пікірлерін айтып өтеді.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.



Парақшалар













Қысқа мерзімді жоспар №4 сабақ

Күні:


Сыныбы: 9-сынып


Пәні: информатика


Тақырыбы

Практикалық жұмыс №5,№6,№7.

Сілтеме

Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.

Мақсаты

Алгоритм және алгоритм түрлері тақырыбына практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Оқу нәтижесі:

Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, алгоритм және түрлері жасау дағдылары қалыптасады.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Жаттығулар:

1. Сергіту сәті

2. Топта жұмыс істеу ережесі

3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

топтық жұмыстар

өзгенің пікірін құрметтей білу

өзін-өзі және өзгені бағалау

Дереккөздер:

Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық

Интернеттен алынған ақпараттар

қосымша дидактикалық материлдар

Оқуға арналған тапсырма:

Оқулық

оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары.

Практикум


Ұйымдастыру

Жағымды ахуал

(3 минут)

Сәлемдесу


Кезекші сынып жайлы ақпар береді.Сабаққа назарын аударады.



Үй тапсырмасы

(10 минут)


Тест тапсырмасы,

оқулықтағы 22 бет.





Тест сұрақтарына жеке жауап береді. Жауабын тексеріп, өздері бағалау жасайды.Әр сұрақ 2 балдан.

Бағалау шкаласы:

18-20 балл –«5»

17-14 балл –«4»

13-8 балл –«3»

Критерийлер арқылы бағалау

қаламсап

«Еске түсіру» стратегиясы

(5 мин.)




Топтастыру

[link]