Растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ПӘНІ

Информатика

КҮНІ

12.04.2016ж

КЛАСЫ

7 «А»,«Ә» класс

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ


Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу боййынша программасының интерфейсі.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.

2. Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі.Тақырыпты түсінеді, талдайды.

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту мақсатында “Сәлемдесу”  тренингін өткізеді. Мұғалім тренинг шартынмен таныстырады.

Отшашу арқылы қолдау көрсетеді

Үлестірме қaғaздaр


Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Компьютерлік графика (оқушылар тақырыпты өздері талқылайды)
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Көркемдік графика немесе жарнамалық-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады

Жарнамалық графика (көркемдік графиканың бөлігі) – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.
Үшөлшемді объектілерден
 тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді.
Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.


Бағалау парақшасы

слайд



Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Практикалыө жұмыс

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Оқулық

Постер,

Маркер,

ватман.

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

Кім жылдам? сұрақтары

  1. Ақпараттық процесдерді жүзеге асыратын  негізгі құрал (компьютер)

  2. Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас (интерфейс)

  3. Бір байтта қанша бит бар (8бит)

  4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

  5. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыру қажет? (60-70 см)

  6. Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)

  7. Компьютер ауруы (вирус)

  8. Нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету дегеніміз – (Модель)

  9. Таңбалық модельдерге …………………………….мысал бола алады. (сурет, мәтін, график, схемалар)

  10. Модель екі классқа бөлінеді  жаз……….(материалдық, ақпараттық).

  11. Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын командалар тізбегі қалай аталады? (алгоритм)

  12. Барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын программа. (операциялық жүйе)

  13. Шартпен орындалатын алгоритм түрі. (тармақталған)

  14. Ақпарат тасушының бір түрі. (флешка)

  15. Машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. (программа)

Үйге тапсырма беру

Топтық бағалау