Тақырыбы: |
Оқушы жетістігін бағалау: |
| • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет. |
Үй тапсырмасы: |
| • Ақпараттық үдеріс деген не және оның үлкен көлемдегі ақпарат өндеумен байланысы қандай? |
| • Электрондық үкімет (egov.kz) жобасын талдап презентация жаса. Бұл қызмет Қазақстанды ақпараттық қоғамға жақындата ма? Қызметтің қандай пайдасы бар? Қандай қауіпсіздіктер туу мүмкін (ақпараттық жүйелер саласындағы кадрлар сапасы, шетелдік елден алынатын бағдарламалармен құралдар көзқарасынан талқыла). |
САБАҚ БЛОКТАРЫ
Тақырып жоспары:
1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер
2. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу
Слайдтар:
1-слайд Титул
2-слайд Ақпарат және ақпараттық үдерістер Ақпарат – информатика пәнінің оқу саласы
Ақпарат – бір нәрсе немесе біреу туралы білім
Ақпарат бір белгілі түрде беріледі:
Ақпарат сипаттамалары:
3-слайд Ақпараттық үдерістер
Ақпараттық үдерістер тек қана адамдар қоғамында болмайды. Олар жаңуарлар және өсімдіктер әлемінде де болады.
4-слайд Адамның ақпараттық әрекеті
Ақпараттандыру деңгейлері:
Жазбаны қолдану
Кітап басып шығару (XVI ғ. ортасында)
Электроқуат пайдалану, телеграф, телефон, радио шығару
(XIX ғ. соңы – XX ғ. ортасы)
Микропроцессор және компьютер шығару (XX ғ. 70 жылдары)
5-слайд Ақпараттық қоғам Ақпараттық қоғам – ақпарат алмасу, сақтау және өңдеумен айналысатын қоғам
Ақпараттық қоғамның басты іс-әрекеті ақпарат жасау
Ақпараттық қоғамда барлық күш тауар өңдеуге емес, ақпарат
өңдеуге жаратылады
Ой әрекетінің рөлі басым болады
Ақпараттық қоғамның материалдық-техникалық базасы – компьютерлік
желілер мен жүйелер, ақпараттық технологиялар
6-слайд Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу Үлкен көлемді ақпарат күнделікті кездеседі:
[pic]
7-слайд Ақпарат көлемдері Google күніне 20 ПБ ақпарат өңдейді (2008)
Facebook 2,5 ПБ пайдаланушылар ақпараты және күніне 15 ТБ қосылады (2009)
eBay 6,5 ПБ ақпарат бар және күніне 50 ТБ қосылады (2009)
1 Петабайт = 1000 Терабайт
1 Терабайт = 1000 Гигабайт
[pic]
8-слайд Үлкен ақпаратпен не істейміз? Біз ақпарат іздеу тақырыбына толығырақ қараймыз.
9-слайд Ақпарат іздеу
10-слайд Іздеу түрлері
11-слайд Ақпарат іздеу жүйесі Басты мақсаты үлкен ақпарат арасынан керекті деректерді табу
2 маңызды критерий:
Сұранысқа қатысты ақпарат табу
Керекті ақпаратты жедел табу
Мысалы, google.com
12-слайд Ақпарат іздеу жүйесі [pic]
13-слайд Қандай құжаттар сұранысқа қатысты? Іздеген тақырыпқа байланысы
Уақыт - ақпарат қазіргі сәтте көкейкесті ме
Ақпарат қайнары сенімді ме
Пайдаланушының мақсатын орындады ма
Құжаттың сұранысқа қатынасын маңызды сөздер арқылы айтуға болады
14-слайд Қиындық
15-слайдАқылды іздеу жүйелері Пайдаланған сөздердің мағынасына қарайды
Мәтіндегі сөздердін ретіне қарайды
Құжат қайнарының сенімділігіне қарайды
Іздеу жүйесі бірнеше бөліктен құралады:
Мәтінді дайындау жүйесі
Барлық сөздерді түбіріне келтіреді
Керексіз сөздерді мәтіннен алып тастайды (және, немесе, ...)
Индекстеу жүйесі
Іздеу
Реттеу жүйесі
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Қорытынды:___________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?
2. Қазақ халқы жазбаға көшпеген кезде ақпарат үдерісі қалай өтті? Яғни, ақпарат алмасу, сақтау және өңдеу қалай іске асты?
3. Қазақстан қоғамын ақпараттық қоғам деп айтуға бола ма?
4. Елімізде қандай үлкен көлемде ақпаратты өңдейтін жүйелер бар?
5. Белгілі ақпарат іздеу жүйелерін айтып өтіңіз. Қазақ тілінде берілген сұраныстарға жақсы нәтиже беретін іздеу жүйелері бар ма?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Іздеу жүйелері inverted index атты деректер структурасын пайдаланады. Мысалы, бізде үш құжат бар.
T[0] = "it is what it is"
T[1] = "what is it"
T[2] = "it is a banana
Оларды пайдаланып іздеу жүйесі келесі inverted index жасайды:
"a": {2}
"banana": {2}
"is": {0, 1, 2}
"it": {0, 1, 2}
"what": {0, 1}
Содан сон біз "what is it" дегенде сөйлемді іздесек бізге 0 және 1 құжаттар беріледі өйткені .
Келесі құжаттарды пайдаланып inverted index жаса:
T[0] = Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді.
T[1] = Наполеон император ғана емес, академик те болған.
T[2] = Наполеон бір минуттың ішінде 2000 сөзді айта алатын жылдамдыққа ие болған.
Содан сон "Наполеон болған" сұранысына қандай құжаттар берілетінін көрсет.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Сурет және видео іздеу жүйелерін мәтін іздеу жүйесі арқылы қалай жасауға болатынын талқыла.
2. Әлеуметтік жүйелер негізінде жасалған іздеу жүйелері классикалық іздеу жүйелерімен салыстырғанда қандай басымшылығы болуы мүмкін? Мәтін іздеу жүйелерінің кемшіліктері туралы ойла.
Топтық жұмыс.
Қазіргі заманда көптеген адамдар ақпаратты Интернет желісі арқылы алады. Интернет арқылы жаңалықтар, кітаптар оқиды, және видео көреді. Оның үстіне көптеген адамдар үлкен мәтіндер оқудың орнына комментарий немесе әлеуметтік желідегі достарының статустарын оқиды. Осы қалыптасқан әдет жаңа ақпарат алмасу түрі деп айтуға бола ма? Осы әдеттің қандай зияны немесе пайдасы бар?
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________