Мақала Халықтың болашағы- ұрпағы , Ұрпақтың тәрбиесі ұстаздан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Халықпен Халықты ,адам мен

адамды теңестіретін білім»

М.Әуезов



Халықтың болашағы- ұрпағы , Ұрпақтың тәрбиесі ұстаздан. Ұстаздың мұраты жетілген , толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал, толыққанды азамат қалыптасу үшін ақыл- ой тәрбиесі, еңбек ,имандылық , патриоттық тәрбие берілуі тиіс.Орыстың ұлы ақыны А.Л. Толстой айтқандай «Мұғалім өн бойына ,өз ісіне ,шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол нағыз ұстаз» біліммен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты шарты болса, топ жетекшілері тек сабақта емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, студенттердің бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек. Студенттердің жүрегін тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан- жақты энциклопедиялық мол білімі болуы шарт, екіншіден тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді студент жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден, мұғалім оқу -тәрбие үрдісін жүргізу кезінде студенттің психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай білетін психолог болуы керек.

Осы мақсатта төмендегі міндеттер туындайды тәрбиелеу және дамыту,іс- әрекетін ұйымдастыру, құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту студенттің жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі мақсат –мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала – тұлға, өзінше бір әлем, ал, әр педагогтің міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. В.А Сухомилиниский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнарсе жоқ ,»- деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат –өмірдің барлық саласында белсенді , шығармашылық іс әрекетке қабілетті , еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі жағдайда адамның ұзақта арнайы ұйымдастырылған өмірге тәрбиесіз араласуы өте киын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаны дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігімен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш В.Г.Белиниский : «тәрбие –ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген болатын.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай , біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір бірінен бөліп қаруға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек , тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы » десе , ал орыс жазушысы В.Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек , тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі » - деп айтқан болатын. Бүгінгі бәсекеге қабілеттіліктікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүлдесіне сай , оның мұң-мұқтажын өтерлік елін, жерін, халқын, көзінің қарашығындай қорғайтын ұлт жанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Сондықтан ұстаздар қауымының мақсаты бүгінгі ұрпақ- еліміздің болашағын- қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға етіп өсіру .

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ оың жан дүниесіде дұрыс қалыптасып жетіледі яғыни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп оседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезіне бастап, тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының ояну жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына мұғіліміне ата -анасына , құрбы- құрдастарына, олардың іс әрекеттеріне және де басқа қасиеттеріне байланысты . Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс.Студенттердің бірлескен тәрбиесі жан –жақты ұйымдастырылуды талап етеді. Себебі, баланың қылығы түзде демекші .Сыртта жүріп түрлі жағдайларға ұшырауы мүмкін. Сондықтан екі жақты тәрбие беру игі істердің бірі . «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» , «Ұядан не көрсен ұшқанда соны ілесің » дейді халқымыз. Ия ұрпақтың тәрбиесі қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау-әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең бесігіңді түзе » - деп М.Әуезов дәл айтқан . Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты . Тәрбие жұмысы – педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс әрекеті . Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді, ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті.

Қорыта келе бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі . Баланы өмірге бейімдеуде колледж , ұстаз және ата- ананың орны бөлек. Тәлім тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады . Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған . Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . Сондықтан ата аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүлдесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата- аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Сондықтанда ұстаздар қауымы сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!









Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж информатика пәнінің оқытушысы Дана Қасымбекова